Өкпе ауалылығының жоғарылау синдромы (эмфизема)
Автор: efe30091994 • Сентябрь 26, 2021 • Контрольная работа • 608 Слов (3 Страниц) • 456 Просмотры
1,Өкпе тінінің тығыздалу синдромы өкпенің созылмалы қабынуында немесе өкпе рагында дамып, альвеолалар қабынып экссудатқа және фибринге ( пневмонияда), қанға (өкпе инфрактысында) толады, қабынған тін дәнекер тінмен алмасып, тығыздалады (пневмосклероз).
Негізгі шағымы – демікпе. Жалпы қарағанда кеуде қуысының зақымданған жағы тыныс алуда қалыңқы болады, тығыздалған аймақта дауыс дірілі күшейеді және перкуссияда дыбыс тұйықталады, аускультацияда бронхиалды тыныс естіледі, бронхофония күшейеді. Майда бронхтарда сұйықтық жиналса үнді сырылдар пайда болады. Рентгенологиялық зерттеуде қараю ошағы байқалады.
2,Өкпе ауалылығының жоғарылау синдромы (эмфизема)
Өкпе ауалылығының жоғарылау синдромы (эмфизема) созылмалы обструктивтік бронхитте, бронхиалдық астмада, темекі көп шеккенде, бронхтарда және альвеолаларда қысымды үнемі жоғарылататын кейбір мамандарда кездеседі (үрлеме аспаптарда ойнайтын әртістер, шыны үрлейтін өндірісте). Өкпе эмфиземасында альвеолалардың эластикалық қасиетінің төмендеуіне, қысымның жоғарылауына байланысты альвеолалар кеңейеді, олардың қабырғасы жұқарып, жарылады. Бұл бірнеше альвеолалардың бір-бірімен қосылып, өкпе көпіршіктерінің тууына себеп болады. Альвеолалардың кеңуі мен өкпе көпіршіктерінің (булла) пайда болуы өкпе ауалылығын көбейтеді. Негізгі шағымы – экспираторлық демікпе. Қарағанда беті ісіңкі, цианоз, мойын веналары ісінеді, кеуде қуыс «бөшке» тәрізді, қабырғааралықтар кеңейеді, бұғана үсті және бұғана асты ойықтар тегістеледі. Перкуссияда – қорапша дыбыс, өкпенің төменгі шеттері төмен ығысады және қимылы шектеледі, аускультацияда – әлсіз везикулалық тыныс естіледі. Рентгенологиялық зерттеуде өкпе суретінің мөлдірлігі жоғарылайды және анық болмайды, диагфрма төмен орналасады және қимылы шектеледі.
3,Тыныс алу жетіспеушілігі синдромы (жедел және созылмалы)
Гипоксемия (оттегінің азаюы) және гиперкапния (көміртек тотығының көбеюі) дамығанда немесе қанның газды құрамын қалыпты деңгейде сақтау үшін тыныс мүшелерінің және жүрек қызметі күшейіп тыныс жетіспеушілігі дамиды.
Негізгі себептері: тыныс жүйесінің аурулары.
Этиологиясына байланысты түрлері:
Обструктивтік – бронх өзегінің тарылуы ( бронхит, бронхиалдық астма, кеңірдектің және ірі бронхтардың тарылуы немесе қысылуы, мысалы імікпен, т.б. );
Рестриктивтік (шектеулі) – өкпенің кеңеюге және кішіреюге қабілетінің шектелуіне байланысты дамиды ( пневмосклероз, гидро- немесе пневмоторакс, плевра беттерінің бір-біріне жабысуы, кифосколиоз, қабырға шеміршектерінің сүйектенуі, қабырға қозғалуының шектелуі т.б.);
Аралас ( қосарласқан)
Негізгі шағымдар – демікпе, цианоз, кеш сатыларында жүрек жетіспеушілігі қосылса ісіктер пайда болады.
Тыныс жетіспеушілігінің түрлері: жедел (бронхиалдық астма ұстамасында, крупозды пневманияда, спонтанды пневмоторакста) және созылмалы.
Оның ауырлығына қарай 3 дәрежесін ажыратады:
1 дәрежесі – демікпе науқасқа сәл ғана немесе біршама күш түскенде пайда болады.
2 дәрежесі - демікпе шамалы күш түскенде пайда болады. Функционалды тексеруде көрсеткіштердің қалыпты мөлшерден ауытқулары анықталады.
3 дәрежесі – демікпе мен цианозды науқастың жай тыныш күйінде анықтауға болады. Функционалды тексеруде көрсеткіштердің терең өзгерістері байқалады.
...