ЖОО-да студенттер тұлғасын қалыптастыруда ақын-жыраулар шығармалары мен идеяларын пайдаланудың қазіргі жағдайы
Автор: raibek.sagadatov • Август 29, 2020 • Реферат • 930 Слов (4 Страниц) • 593 Просмотры
ЖОО-да студенттер тұлғасын қалыптастыруда ақын-жыраулар шығармалары мен идеяларын пайдаланудың қазіргі жағдайы
Еліміздің жоғары оқу орындарының міндеттерінің бірі университет қабырғасында студенттердің тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау. Қазақстан 2050 старатегиясы анықтағандай ХІХ ғасырда жастардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру арқылы біз берекелі қоғам құруға, әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіруге тырысумыз керек.
Жоғары оқу орын жағдайында студент жастардың тұлғалық қалыптасуы мемлекетіміздің, үкіметіміздің, ҚР білім беру жүйесінің алдындағы маңызды мәселелердің бірі, қоғам мен әлеуметтің қызметінің негізгі бір бөлігі.
Білім және ғылым министірлігінің қазіргі адамзаттың дүниетанымы, адамдардың өмірге деген көзқарастарының өзгеруі тұсындағы күн тәртібінде бекітілген сұрақтардың бірі қазіргі студент, ертеңгі қоғамның азаматы, жас маманның тұлға болып қалыптасуы мәселесі.
Биыл 1150 жылдығы аталып өтілетін әлемнің екінші ұстазы, ұлтымыздың мақтанышы Әл-фарабидің сонау ғасыр бұрын айтқан ойы әлі күнге дейің өзекті. Адамды адамнан, адамның іс әрекетінің аман алып қалатын ол тәрбие, дұрыс тәрбие алған адам ол тұлға. Тұлға қалыптастыру бүгінде әлемдік ұйымдарды аландатқан мәселелердің бірі.
Біріккен ұлттар ұйымының 2030 жылдарға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарының сапалы білім беру мақсатының міндеттерінің бірінде «2030 жылға дейін барлық жастар тұрақты даму үшін қажетті білім және машықтарға ие болуын, атап айтқанда, тұрақты даму және тұрақты өмір салты, адам құқықтар, гендерлік теңдік, әлем мәдениеті мен зорлық көрсетпеу, әлімнің азаматтығын насихаттау және мәдени алуан түрлілік құндылығы мен тұрақты дамудағы мәдениеттің үлесін мойындау мәселелері бойынша білім беру арқылы қамтамасыз ету» қажеттігі айтылады.
ЮНЕСКО-ның халықаралық комиссиясы «ХХІ ғасырдағы тәрбие беру туралы» атты әлемдік қауымдастыққа арналған баяндамасында тұлға қылыптастыру мәселесіндегі ұлттық құндылықтарға, әр елдің тарих мәдени даму барысында қалыптасқан барлық тәжірбиелерге негізделу керектігі сөз етіледі. Сонымен қоса барлық адам өмір сүруді, білімді үйренуді, бірдеңе істеуді үйрену және бірге өмір сүруді үйрену деген білім алудың төрт принциптері анықталған.
Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарына теориялық және практикалық тұрғыдан жасалған талдау зерттеушілердің жоғары мектеп студенттерінің тұлғасын қалыптастыруда пайдалана отырып тәрбие беруде бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгендігін аңғартады. Авторлар өз зерттеудерінде ақын жыраулар шығармалары мен олардың өмірлік жолдарын негізінде студенттерді тұлға етіп қалуыптастыруға арналған түрлі әдістемелік пәндердің бағдарламаларына қосымшалар немесе арнайы курсттар мен факультативтердің оқу бағдарламаларын жасап жоғары оқу орын тәжірбиесіне енгізуге арқылы жүзеге арсыруға талпынған.
Қолда бар деректерге сүйене отырып, ғылыми еңбектерге жүргізілген талдаулар негізінде біз өз зерттеу проблемамыщға орай бүгінгі республика жағдайындағы ақын жыраулар шығармалары арқылы студенттердің тұлғасын қалыптастырудың бастапқы жағдайын анықтауды жөн көрдік.
Зерттеу проблемамызға орай, педагогикалық шарттар мен түрлі жұмыс формаларын, оқыту мен тәрбиенің әдіс тәсілдерін жетілдіруде ұсыныстар жасамас бұрын, ең алдымен жоғары мектеп тәжірибесінде жастарға соның ішінде ақын жыраулар шығармалары арқылы студенттердің тұлғасын қалыптастыру бүгінгі жүзеге асырылу жайына, ғылыми практикалық іс тәжірибелерге талдау беруді қажет деп білдік.
Сонымен, біз ақын жыраулар шығармалары арқылы студенттердің тұлғасын қалыптастыру мен студенттердің тәрбиелеу мәселелері қаншалықты қамтылып жатырғандығын анықтау мақсатында «Педагогика» және «Психология және педагогика тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламаларын талдадық. Ескеретін бір жайт, аталған оқу бағдарламалары бүгінгі күні бірнеше ұқсас пәндердің бірігуінен қайта жасақталған.
Педагогика және психология мамандығына арналған «Педагогика» пәні академиялық кредит бойынша 5кередит болса жалпы академиялық сағат саны 150 сағат, пәннің қысқаша мазмұны: «Педагогиканың өз алдына ғылыми білім болуы еліміздің білім беру жүйелерінің қазіргі салаларына білімді де, білікті педагог-психологтар мамандар дайындау ісін жетілдіріп, білім мен тәрбие берудің сапасы мен тиімділігін арттырудың қажеттілігінен туындап отыр. Бүгінгі білім беру жүйелерін қайта құру жағдайында, өндіріскеқажетті болашақ жоғары білімді маман қазіргі оқу-тәрбие жүйесінің белсенді субъектісі, кәсіби дайындығының міндетін шешуде шығармашылық тұрғыдан қатысуы талап етіледі. Осы орайда базалық негізгі жалпы теориялық ұғымдар мен түсініктер қалыптастырып, жалпы педагогикалық тұрғыдағы теориялық моделдер мен тұжырымдамалар туралы хабардар ету, педагогика ғылымының тұжырымдамалары мен негізгі ұғымдары туралы білімдерді меңгертуді көздеуде ұсынылған пән маңызды мәнге ие» деп көрсетілген.
...