Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Баспанасыздық тұрғын үйді иелену,билік ету құқығының жоқтығымен,тіркеудің болмауымен байланысты адамның әлеуметтік жағдайы

Автор:   •  Октябрь 17, 2021  •  Эссе  •  416 Слов (2 Страниц)  •  545 Просмотры

Страница 1 из 2

   

    Баспанасыздық тұрғын үйді иелену,билік ету құқығының жоқтығымен,тіркеудің болмауымен байланысты адамның әлеуметтік жағдайы.Бұл мәселе Қазақстан үшін жаңалық емес және бүгінгі күні де өзекті болып қала береді.Әр түрлі тарихи кезеңдердің әлеуметтік жағдайлары үйсіздіктің қалыптасуының әр түрлі себептерін тудырды. Азаматтардың жағдайының тұрақсыздануына экономикалық салдар,мемлекеттік қадағалаудың болмауы да ықпал етті,бұл заңсыздық пен қаржылық алаяқтықтың пайда болуына әкелді.Бірақ бір нәрсе ғана өзгеріссіз қалды.Ол әлеуметтік жағдай және үйсіздердің құқықтарының болмауы. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының күрт нашарлауына байланысты жаппай баспанасыздықтың пайда болуы.Бұл кейінірек «үйсіз» адамдар санының өсуінің көзі болды.                                                                                                                Қазақстан Республикасындағы баспанасыздық кең ауқымдағы мәселеге айналуда.Статистика бойынша  Қазақстанда 2 миллион 300 мың баспанаға мұқтаж үйсіз адамдар бар екен. Бұл әрі нақты тіркелгендер саны емес, ресми тіркелмегендер саны қаншама. Әрине, қазір түрлі бағдарламалар ашылып мүмкіндік болып жатыр дейді.Бірақ жергілікті әкімдіктердегі кезектің соншалықты жәй жылжуымен келіп жетуі қиямет-қайым. Сол үшінде көптеген адамдар қажыса да, мойындарына ипотеканың қамытын киеді. Әр жыл сайын көптеген жастар отау құруы, олардың әрқайсысына жеке баспананы қажет етеді.Бірақ бұл заманда алу немесе салудың қиындығы өте зор. Қажырлы еңбекпен, барынша әрекет жасап пәтерлерде тұрады. Бірақ қуантатын жайттардың бірі осындай жағдайларда тиімді бағдарламаларда жоқ емес. Баспана, құжатпен,жұмыспен қамтамасыз ететін бағдарлама немесе ұйымдарда шығарылуда.Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасын ұсынды. Бұл арқылы өте төмен бағада тұрғын үйге қол жеткізе алады.Әрі бұл әлі күнге дейін жалғасуда.Бұл проблема тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде кездеседі. Әсіресе, Америка Құрама Штаттарында, Лос-Анджелес қаласында басында тұрғын үйі жоқ адамдар көп кездеседі. Үндістан,Филиппин, Манила,Колумбияда, Нигерияда,Австралия мен Канадада да үйсіз адамдар көп. Осы аталған көптеген мемлекеттер оларға мәселелерін шешуге көмектесуде.Мысалы, тамақпен қамтамасыз етіп, жұмыспен,еңбекпен үй алуларына мүмкіндіктер беруде.США,СанФранциско,Вашингтон,Бразилия,Аргентина,Ресей  елдері ең көп сан үстінде үйсіз адамдары бар елдер.Ал,жалпы алғанда бүкіл әлемде 100 миллион үйсіз адамдар бар. Осы үлкен мәселені қазіргі кезде түрлі ұйымдар мен жиналыстарда шешуге тырысуда. 2030 жылға қарай бүкілдүниежүзілік әлеуметтік қорғау  идеясы үшін инвестиция ұсыныстары мен жолдары ойластырылуда.

...

Скачать:   txt (4.7 Kb)   pdf (39.8 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club