Мұнай және мұнай өнімдерін жер асты сақтау
Автор: aibar1994 • Май 20, 2018 • Реферат • 965 Слов (4 Страниц) • 1,459 Просмотры
КІРІСПЕ
Бүгінде елімізде мұнай мен газ қорының мол болуы мен ерекшеленеді. Мұнай мен газ республикамыздың батыс бөлігінде және оңтүстік аудандарында шоғырланған. Әсіресе мұнай мен газдың мол шоғырланған жерлері Каспий маңы алаптарымен Солтүстік Маңғыстау мұнайлы газды аймағы болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстан территориясына еніп жатқан Каспий теңізі шельфіндегі және құрлықтағы болжанған ресурс қоры мұнай қоры бойынша 12 млрд. тонна, газконденсаты – 1,6 млрд. тонна, табиғигазқоры – 5,9 трлн. Метр куб құрайды. Бұл Қазақстанды әлемдегі басты мұнай өндірушіелдердің қатарына қоспақ. Ломоносов айтқандай, «Ресей қуаты Сібір мен өркендейді...», «Болашақ Қазақстанның қуаты Каспий өңірімен өркендемек...».
Бұл жұмыстың тақырыбы – Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының негізгі мәселелері мен даму болашағы.
Маңғыстау аймағы жылына 12 млн. тоннадай мұнай және 1,5 млрд. метр куб газ өндірілетін Қазақстанның ірі мұнайлы газды аймақтарының бірі болып табылады.
Бүгінде Маңғыстау облысының территориясында 70 мұнай және газ кенорындары белгілі, соның ішінде 27-сі белсенді түрде өңделеді. Ірі кен орындары болып: Өзен, Жетібай, Қаламқас және Қаражанбас саналады. Маңғыстау түбегінің мұнайын игеру және мұнай өнеркәсібін Қазақстанның халықшаруашылығы саласының қатарына қосуы еліміздің экономикалық дамуындағы ірі оқиға болды.
Маңғыстаудағы ірі кенорындары: Өзен, Қаламқас, Жетібай сияқты кенорындарын пайдалану, бүгінгі күні дамудың соңғы кезеңінде дәлме-дәл келіпотыр. Мұнай өндіру көлемінің тұрақталатын бұл кезеңде өндіру көлемін көбейту үшін қосымша күрделі қаржыны талап етеді. Сондай-ақ, өндірістік инфрақұрылымды қайтақұрып ғана қоймай, әлеуметтік инфрақұрылымныңда жақсарғаны байқалады.
Бүгінде мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикалық дамуын қолдай отырып, Қазақстан экономикасының болашақта жетекші секторларының бірі болуына мүмкіндігі бар. Республикада 2,1 млрд. тонна мұнай, 0,7 млрд. тонна газ конденсаты, 1,7 трлн. метркуб табиғи газ сияқты көмірсутек шикізатының ірі барланған қорлары бар. Бұған Каспий аймағындағы ресурс қорын қоссақ, Қазақстан әлемде көмірсутек шикізатының қоры жөнін еналғашқы орындарды иеленетіні сөзсіз.
Республикада мұнай өндіру деңгейі 10-15 жылдан кейін 170 млн. тоннаға жетпек деп жобаланды, солсебепті өндірілген мұнайды өңдеу арқылы ішкі нарықты қанағаттандырып, тиімді экспорттық мүмкіндіктерд іжүзеге асыру керек.
ХХI ғасырдың 70-80 жылдары қойма алаңдарымен, құбыр жүйелерімен, булы сорапты қондырғыларымен, т.б. жабдықталған ең алғашқы мұнай қоймалары пайда болады. Ең алғашқы болатты қойма 1878 жылы В.Г.Шуховтың жобасымен салынды. 1915 жылы бос газ кенорынның негізінде ең алғашқы жерасты сақтандырғышы Онтариода (АҚШ) салынды.
2005-2020 жылдарының аралығында республиканың мұнай саласының даму бағдарламасының ең маңызды бағыты мұнай мен газды тасымалдауға арналған экспортты транспорттық жүйені құру болып келеді, монопольдік баға мен транспортты жою ол бір тұтынушыға тәуілді. Ертеде мұнай өндірісте сақталып, тұтынушыға тасымалданды.Теміржол цистернасын американдықтар ойлап тапты.
Мұнай іздеудің алдында АҚШ аймағы теміржол жүйесімен толық түрде қамтылған болатын. Сондықтан да, осы жүйе мұнайды тасымалдауда ерекше қолданыс тапты.
Мұнай базаларыдеп мұнай өнімдерді қабылдауға, сақтауға және оларды тұтынушыларға жіберуге арналған құрылғылармен қондырғылардың кешенінен құрылған кәсіп орындар аталанады.
Мұнай базаларының негізгі қызметі - мұнай өнімді қажетті мөлшерде және түрлерде өндірістерді, тасымалдаушыларды, ауыл шаруашылығын және басқа тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз ету; мұнай өнімдердің сапасын сақтау және олардың қабылдау, сақтау, тұтынушыларға жіберу барысында шығындарын минималға дейін қысқарту.
Мұнай және газ министрлігінің стратегиялық жоспарымен екі шешуші бағыт анықталды:
...