Операциялар туралы түсінік.Операциялардың түрлері
Автор: Esimova_sh • Сентябрь 3, 2021 • Реферат • 1,973 Слов (8 Страниц) • 867 Просмотры
Операциялар туралы түсінік.Операциялардың түрлері..Жансыздандыру.Жалпы және жергілікті жансыздандыру.
Хирургиялық операциялар деп- диагнозды қою, емдеу және ағзаның қызметтерін қалпына келтіру мақсатында, хирургиялық әдістермен тіндерді тілу және тігудің әр түрлі жолдары арқылы науқастың тіндеріне немесе мүшелеріне механикалық әсер етуді айтады. Хирургиялық операциялар туралы ілім- «оперативті хирургия» деп аталады, оның мақсаты- хирургиялық амалдарды, операция тәсілдерін және операциялық көмектің жолдарын әзірлеу және зерттеп таңу.
Операциялық тілік дегеніміз- операция жасалатын мүшені ашуды қамтамасыз ететін операциялық шараның бір бөлігі.
Операциялық амал деп, зақымдалған мүшедегі патологиялық ошақты шеттету әдісін жүзеге асыратын операцияның негізгі бөлігі.
Мақсаты бойынша: 1.диагностикалық 2.емдеу болып бөлінеді.
Емдеу операциялары зақымдалған мүшені алып тастауға немесе зақымдалған мүшенің қызметін қалпына келтіруге бағытталған.Диагностикалық түрі диагнозды анықтау үшін.Мысалы, биопсия жасау, плевра және буын қуысын тесу, вазография және т.б
Емдеу мақсатына қарай: 1.Радикальді 2. Паллиативті
Радикальді операциялар – патологиялық ошақтарды, аурудың себебін толық жоятын операциялар.Мысалы: қатерлі ісікте асқазанды толық алып тастау немесе аяқты ампутациялау.Паллиативті операциялар- науқастың жағдайын жеңілдетуге(патологиялық ошағы бар мүшені алып тасатау мүмкіндігі болмағанда орындалады) немесе өміріне төнген қатерді шектеуге бағытталған операциялар.
Операциялар бір кезеңді, екі кезеңді, көп кезеңді болып топтастырылады. Бір сәтте жасалатын операциялар- «бір кезеңді» операциялар.Кейбір жағдайларда науқастың жағдайы операцияны бір кезеңде жасап бітіруге мүмкіндік бермейді. Осы кезде операцияны екі кезеңге бөліп жасайды және ондай операциялар екі кезеңді деп аталады. Мысалы, циститпен асқынған простата аденомасын алып тасату үшін, шат үстіне қуықа жылан көз (свищ) салу керек, содан кейін қабыну басылған соң екінші кезеңде- простата алынады.Көп кезеңді операциялар негізінен онкология, травматологияда қолданылады, ол кезде бірнеше операциялар кезекпен орындалады. Мысалы, ісікті алу, содан кейін ағзаның әр аймағындағы метастаздарды алу немесе созылмалы остеомиелитте кезекпен секвестрлерді алады және іріңді қуыстарды гетеро- немесе аутотранспланттаттармен толтырады. Бірлескен операциялар бір операция кезінде екі және одан да көп аурулар бойынша операциялық араласу. Мысалы, асқазанға жасалған операцияда лапаротомия кезінде калькулезді холецистит анықталып, өт қуығы алынып тасталса, ол бірлескен операциялар қатарына жатады.
Комбинациялы операциялар – бір ауру бойынша жасалған операцияда, басқа мүшеге операция жасалады. Мысалы, сүт безіне қатерлі ісігінде аналық безді алып тастау керек болады.
Қайталанған операциялар- бір ауру бойынша бір мүшеге қайталанып жасалған операциялар. Мысалы, асқазан жарасын тігу операциясы нәтиже бермесе, науқаста қан кету қайта басталуы мүмкін. Осыған орай, асқазанға тағы да қосымша операция жасауға тура келеді - асқазанның кансыраған бөлігін тіліп алу(резекциялау).
Мерзіміне қарай: Шұғыл операция диагноз қойлғаннан кейін дереу орындауды талап етеді .Мақсаты—науқас өмірін сақтау.Мысалы, жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде жасалады- коникотомия. Жедел жүрек тампонадасы кезінде- перикардиальды қаптың пункциясы. Шұғыл жағдайларға: жіті аппендицит, қысылған жарық, асқазан немесе ұлтабар ішектің ойық жарасының тесілуі, жатырдан тыс жүктілік, кеуде және іш қуысына енген жаралар, жаншылу синдромы(Краш- синдром).Жедел деп, аурудың диагнозы нақтыланғанша немесе қандай да бір зерттеуді жасағанға дейін, сәл кейінге қалдыруға болатын операцияны айтады. Максимальды кейінге қалдыру уакыты- 24-48 сағат. Жоспарлы операция- науқасты барлық жүйесі бойынша зерттеп, операцияға дайындағаннан кейін жасалатын операция.
...