Лекции по "Гигиене детей и подростков"
Автор: sashamalikov • Декабрь 25, 2018 • Курс лекций • 28,899 Слов (116 Страниц) • 675 Просмотры
Билет №1
- Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – оның анықтамасы, жастық гигиеналық ғылым ретінде, мақсаты және міндеті. Балалар мен жасөспірімдердің негізгі мәселелері. Зерттеу әдістері.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы-балалардың өмір сүретін ортасының және қызметінің шарттарын зерттейтін, сонымен қоса сол шарттардың өсіп келе жатқан баланың денсаулығы мен организмнің функционалдық күйіне әсерін және денсаулығының сақталуы мен нығайтуына, балалар мен жасөспірімдердің организмнің қолйлы дамуы мен функциялардың үйлесімді кезеңін қолдануға бағытталған ғылыми негіздер мен практикалық шаманы өңдейтін профилактикалық медицина. Негізгі міндеті-өсіп келе жатқан ағзаның даму және жетілу процестеерін дұрыс қалыптастыруға және ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау. Мақсаты-келешек адамдардың өмір сапасын жақсарту, жетілдіру, халықтың өмір сүру жасының ұзақтығын арттыру. Ортаның әсеріне әртүрлі жастық кезеңінде өсуші организмнің функцоналды дайындығының критериялары, бұл дайындықты жарату тәсілдері, ортаға әсер етудің оңтайлы қатынасы және организмнің өсуі мен дамуы және бұл организмнің қолайлы даму мақсатымен бейімделуі механимзмдердің мобилизациясы балалар мен жасөспірімдер гигиенасының ғылым болуына алғашқы теориялық проблемалары болып келеді. Балаларды белгілі бір жасстық кезеңге жатқызу принципі маңызды. Жастық кезең түсінігі шегінде өсу мен даму процессі, сонымен бірге организмнің физиологиялық ерекшеліктері ұқсас, ал қоздырғыштарға реакциялар азды-көпті бір мағыналы болып келетін уақыт кесіндісі кіреді. Сонымен біргі жастық кезең- органимнің белггілі морфофункционалдық даму кезеңін аяқтау үшін және баланы белгілі бір қызметке жеткізу үшін қажетті уақыт.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы мына негізгі мәселелерді қарастырады:
1. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы.
2. Оқу-тәрбиелік процесстің және күн тәртібінің гигиенасы.
3. физикалық тәрбиелеудің гигиенасын
4. оқушылардың еңбектік тәрбиелеуін, білім алудың және кәсіптік білім беру гигиенасы.
5. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану гигиенасы.
6. Балалар мен жасөспірімдер үшін мекемелердің жобалануы, құылуы, жабдықталуы және жөнделуінің гигиеналық негіздері.
7. Гигиеналық білім беру және тәрбиелеу
8. Балалар мен жасөспірімдердің медициналық және санитарлық эпидемиологиялық қамтамасыздандыру.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасында зерттеу тәсілдері:
-гигиеналық эксперименттің табиғи тәсілі
-лабораториялық экспериментті
-Гигиеналық байқау тәсілі
-санитарлық-статистикалық тәсіл
-математикалық болжау тәсілі
- Дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуына және денсаулық жағдайына дене тәрбиесінің әсері. Дене тәрбиесінде қолданылатын заттары мен нысаны (дене жаттығулары, қозғалмалы ойындар, қозғалмалы алданыштар, спорттық алданыштар, спорт, туризм, экскурсиялар және т.б).
Дене тәрбиесі-адамның денсаулығын нығайту мақсатында физикалық жаттығулардың, табиғи факторлардың, гигиеналық шаралардың адамға әсерінің ұйымдастырылған процесі. Дене шынықтырудың мақсаты- қандай да бір спорттық нәтижеге жету емес, жоғары деңгейдегі денсаулық көрсеткіштеріне жету болып табылады. Дене тәрбиесінің негізгі міндеттері:
-организмнің био-қ сенімділігін жоғарылата отырып, басты жүйелердің қолайлы жетілуін және функционалдық қалыптасуын қамтамасыз теу
-организмнің жоғары жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін қозғалыс анализаторларының мезгілінде дамуы және негізгі физикалық қасиеттердің дамуын арнайы ынталандырады.
-сырқаттанушылықты төмендетуге ықпал ететін сыртқы орта факторларының және патогендік организмнің әсерінен организмнің арнайы емес тұрақтылығын жоғарылату.
-суық тию сырқаттарына төзімділікті қамтамасыз ететін терморегуляция реакцияларын жетілдіру.
...