Зоология пәніне кіріспе
Автор: solpankylova • Декабрь 29, 2020 • Лекция • 1,628 Слов (7 Страниц) • 654 Просмотры
№ 1 Лекция
Зоология пәніне кіріспе.
1. Зоология ғылымы және ғылым салалары. Зоология тарихы.
2. Жануарлар әлемінің систематикасы. Қарапайымдылар типтері.
3. Саркомастигофоралар типі.
4. Споралылар типі.
5. Инфузориялар типі.
Зоология - жануарлар туралы ғылым (грекше zoon - жануар, logos - ілім).
Барлық тірі организмдер екі патшалықтан: өсімдіктер мен жануарлардан тұрады. Көпшілік өсімдіктер мен жануарлар бір-бірінен оңай ажыратылады, бірақ ұзақ уақыт бойы кейбір жануарлар топтарын, мысалы: қарапайымдыларды, губкаларды, гидроиты полиптер, маржандар және т.б өсімдіктерге жатқызып келді.
Жануарлардың өсімдіктерден негізгі айырмашылық белгілері: көпшілік жануарлар қозғалғыш, клетка қабықшасы жұқа жарғақша, көптеген мүшелері дененің ішінде орналасады, олардың тұрақты пішіні, мөлшері бар, белгілі бір даму кезеңінен кейін өсуін тоқтады. Зат алмасуындағы ерекшеліктері: 1) жануарлар - гетеротрофты, 2) өсімдіктер – автотрофты. Кейбір өсімдіктер гетеротрофты (саңырауқұлақтар, бактерия, бунақденежегіш өсімдіктер т.б), жануарлардың арасында клеткасының целлюлоза қабықтары бар қабықтыларды (Tunicata) кездестіруге болады.
Зоологияның міндеті - жануарлардың сыртқы және ішкі құрылысы, тіршілік әрекетін, жеке және тарихи дамуын, басқа жануарлармен қарым-қатынасын, тіршілігінің сыртқы орта жағдайларына (климат, рельеф, өсімдіктер т.б.) байланыстылығын, географиялық таралу заңдылықтарын және т.б. зерттеу.
Жануарлар әлемі туралы алғашқы деректерді адамдар тас дәуірінен бастап жинаған. Жануарлар туралы шығармалар ертедегі Қытай, Үндістанда жазылған. Жануарлардың суреттері үңгірлердің қабырғаларында, тастарда көптеп бейнеленген.
Ғылыми зоологияның негізін салушы гректің ұлы ғалымы, ойшылы Аристотель (б.э.д. IVғ-да, 384-322ж). Ол өзінің «Жануарлар тарихы», «Жануарлардың дене бөліктері туралы», «Жануарлардың пайда болуы туралы» деген еңбектерінде жануарлардың 454 түрін сипаттап, оларды екі топқа: 1)қаны бар-энойма (аң, құс, гадтар, балықтар); 2)қаны жоқ-анойма (бунақденелілер, шаянтәрізділер, былқылдақденелілер, көпаяқтылар, өрмекшітәрізділер) деп бөлді. Аристотельдің алғашқы зоологиялық жүйесі 2000 мың жыл бойы қолданылып келді.
Орта ғасырдағы феодалдық қоғамда шіркеу ғылымды алға бастырмады, тек XVғ-дан бастап жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі зоология дами бастады. XV-XVIғ-да бүкіл жер шарындағы географиялық зерттеулер көптеген жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түрлерімен танысуға мүмкіндік берді.
Швейцария ғалымы К.Геснер, Франция ғалымдары Г.Ронделе мен П.Белона алғаш жануарлардың көп түрлілігі, құрылысы, тіршілігі туралы шығармалар жазды.
XVI-XVII ғ-да зоологияның дамуына микроскоптың жасалуы үлкен әсерін тигізді. Ұсақ организмдер, ұрықтың дамуын зерттеу жолы ашылды. (Голландияда - А.Левенгук, Италияда М.Мальпиги, Англияда У.Гарвей т.б.)
3.Жануарлар әлемінің жүйесі.
Жануарлар патшалығын қазіргі уақытта өзара тәуелді жүйедегі категориялар-токсондарға бөлінеді. Негізгі токсон түр. К.Линнейдің жасаған бинарлы номеклатурасы принцепі қолданылады. Туыс-зат есім, түр-сын есім (Австрия қандаласы, тасбақашық қандала, қара қандала). Өте ыңғайлы атау, себебі түрдің қандай туысқа жататындығы бірден көрінеді. «Зоологиялық номеклатураның халықаралық кодексі» ережелері ескеріледі.
Жақын туыс -тұқымдасқа-отрядқа -классқа-жоғарғы токсон-типке біріктіріледі. Мысалы :тип-буынаяқтылар-Arthropogda → Тип тармағы-кеңірдектілер-Tracheata → Класы-Бунақденелілер-Insecta → Клаксс тармағы-Ашық жақтылар немесе нағыз насикомдар-Ectognatha. → Отряд-Жартылай қатты қанаттылар-Hemiptera → Тұқымдас-тасбақашық қандалалар-Seutelleridae → Туысы-тасбақашық → Түрі-Австрия қандаласы - Eurygsten austriasus.
...