Лекции по "Зоологии"
Автор: Zhansaya Tolegenova • Апрель 8, 2018 • Курс лекций • 3,580 Слов (15 Страниц) • 1,782 Просмотры
Лекция 1. Зоология пәні. Систематикасы. Қарапайымдылардың жалпы сипаттамасы.
Жануарларды зерттейтін ғылым зоология (Zoon- грек тілінең аударғанда жануар, logos-ғылым, ілім). Зоология - жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, олардың сыртқы және ішкі құрылысын, зат алмасу процесін, тіршілк ету ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын, дамуын, шығу тегін, тарихи даму заңдылықтарын табиғаттағы және адам өміріндегі маңызың зерттейтін ғылым.
Зоология басқа да биологиялық ғылымдармен тығыз байланысты: морфологиямен және анатомиямен, гистологиямен, физиология және биохимиямен, цитологиямен, эмбриологиямен, генетикамен, экологиямен, палеонтологиямен, систематикамен.
Жануарлардың алуан түрлерін зерттей отырып, олардың ерекшеліктеріне және әртүрлі зертеу мақсаттарына, әдістеріне қарай зоология - бірнеше салаларға бөлінеді: протистология немесе протозоология-қарапайымдыларды зерттейтін ғылым; гельминтология- құрттарды (паразиттік тіршілік ететін); карцинология –шаянтәрізділерді; арахнология – өрмекшітәрізділерді; акарология –кенелерді; энтомология-насекомдарды(бунақ денелілерді); малакология-моллюскаларды (жұмсақ
денелілерді); ихтиология-балықтарды; герпетология –қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды; орнитология-құстарды;териология (маммалогия)- сүт қоректілерді зертейтін ғылым.
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зоржәне алуан түрлі. Олардың бір қатары пайдалы жануарлар болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізат өнімдерін: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, балауыз, жібек,мүйіа, бақалшаұ, және т.б. береді. Жануарлардың пайдасы мұнымен бітпейді. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылық дақылдарын тозандатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып келеді.
Жануарлардың осындай пайдасымен қатар ауыл шаруашылығына көптеген зиян келтіретін түрлері де бар:шегірткелер, кейбір көбелектер, қоңыздар, кенелер, бауыраяқты моллюскалар, кемірушілер отрядына жататын тышқандар. Сонымен қатар жануарлардың кейбір түрлері адамға және басқа жануарларға ауруларды таратушылар, ауруларды қоздырушылар және тікелей паразиттері болып табылады (масалар, соналар, кенелер, дизентерия амебалары, лейшманиялар, бауырсорғыштар, аскаридалар).
Адамның шаруашылық әрекетімен табиғатқа жасаған ықпалынаң көптеген жануар түрлерінің саны едәуір азайып кетті, ал кейбіреулері мүлдем жойылып та кетті. Қазіргі уақытта табиғатты қорғау проблемалары, сонымен қатар фауналық ресурстарды үнемдеу, бірінші орынға шықты. Табиғатты қорғау және оны бірқалыпты сақтау туралы көптеген мемлекеттік құжаттарда айтылған. Арнаулы «Қызыл кітапқа» дүние жүзіндегі құрып бара жатқан және саны күрт азайып кеткен ждануарлар мен өсімдіктер туралы бірнеше құнды мағлұматтар енгізілген.
Жануарларды зерттеу, олардың өнімділігін арттыру тиімді пайдалану және олардың табиғаттағы қорын сақтау зоология ғылымының басты міндеті.
Қазіргі кездегі жануарлар дүниесін мынадай 23 типке бөледі:
- Саркомастигофора типі – Sarcomastigophora
- Споралылар типі –Sporozoa
- Книдоспоридиялар типі- Cnidosporidia
- Микроспоридиялар типі –Microsporidia
- Кірпікшелілер немесе Инфузориялар типі –Ciliophora
- Пластинкатәрізділер типі –Placozoa
- Губкалар типі – Spongia
- Ішекқуыстылар типі – Coelenterata
- Ескектілер типі – Ctenophora
- Жалпақ құрттар типі –Plathelminthes
- Немертиналар типі – Nemertini
- Жұмыр құрттар типі –Nemahelminthes
- Скребнилер типі – Acanthocephalia
- Буылтық құрттар типі –AnnelIda
- Буынаяқтылар типі –Arthropoda
- Онихофоралар типі –Onuchophora
- Моллюскалар немесе жұмсақ денелілер типі-Mollusca
- Қармалаушылар типі – Tentaculata
- Тікенектерілілер типі –Echinodermata
- Погонофоралар типі –Pogonophora
- Қылтанжапырақтылар типі –Chaetognatha
- Жартылай хордалылар –Hemichordata
- Хордалылар типі –Chordata
ЛЕКЦИЯ 2. ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР ӘЛЕМІ-PROTOZOA
(БІР КЛЕТКАЛЫ ЖӘНДІКТЕР)
Қарапайымдылар- бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір клеткалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т.б. қызметін атқарады.
...