Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бейімдік дене шынықтыру пәніне кіріспе

Автор:   •  Февраль 23, 2022  •  Лекция  •  13,372 Слов (54 Страниц)  •  5,069 Просмотры

Страница 1 из 54

[pic 1]

                 2.ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Дәріс

Дәріс тақырыбы және тезистері

Сағат көлемі

1

Тақырыбы: Бейімдік дене шынықтыру пәніне кіріспе

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Бейімдік дене шынықтырудың мақсаты, мазмұны және білім беру жүйесіндегі орны.

2. Бейімдік            дене шынықтырудың тарихы және қазіргі заманғы жағдайы.

3. ҚР бейімдік дене тәрбиесінің қазіргі жағдайы.

4. Халықаралық олимпиадалық қозғалыстың бейімдік спортта қалыптасуы мен дамуы.

Қазіргі таңда мүгедек балалардың денсаулығы өзекті мәселеге айналып отыр. Мүгедек жандардың дене дамуын қалпына келтіру барысында денешынықтыру және спорт дені сау жандардан көрі, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін маңызды орын алатындығы әліде болса дұрыс жолға қойылмай отыр. Мәселе денедамуы, жұмысқа қабілеттілігі мен өмір сүру мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған дене жаттығыулары мен әртүрлі топқа жататын мүгедек жандармен бір уақытта бір жерде сабақ жүргізу үрдісінде дене тәрбиесінің қандай формалары мен әдіс-тәсілдерін қолдану қажеттілігін негіздеуге тіреледі.

Бейімдік дене шынықтыру (БДШ) – дене шынықтыру мен спорт құралдарының мүмкіндіктері шектеулі адамдар ағзасының өзгерген тіршілік ету жағдайларына бейімделу қабілетіне әсерін зерттейтін дене тәрбиесінің саласы.

Бейімдік дене шынықтыру пәнінің мақсатын қарастыру үшін «денсаулық және «мүгедек» ұғымдарын игеру керек. Осы күрделі мәселені толық ашуға мүмкіндік болмағандықтан «Өмірге бейімділік» (өмірге орайлық,өмірге төзімді, өмірлік активті) ұғымдарын енгізумен шектелеміз.Осы ұғымдар арқылы адам болмысының барлық деңгейін: адамның өмірлік қажетті процестердің барынша аз (минималды) қамтамасыз етілуінен мүмкіндіктерінің жоғары деңгейде(дене немесе рухани дамуында рекордты жетістіктерге жетуі) ашуы деп түсінеміз.  

Мүгедек адамның өмірге бейімділігін жоғалтуы, оның тірі еместігін білдіреді, ал адам тіпті медициналық аппараттың көмегімен витальды процестерді қабылдай алса, оның қандай да (тіпті аз болса да) өмірлік қабілетінің мөлшері болады. Өмірге бейімділіктің градацияларының бірі болып денсаулығының  жай-күйі болып табылады, ол да өз кезегінде бірқатар авторлармен (Кузин В.В, Никитюк Б.А, 1995) келесі деңгейлерге бөлінеді. Осылайша, өмірге бейімділік кез-келген адамға (сау, ауру, мүгедек) өздерінің биологиялық және әлеуметтік қызметтерін әртүрлі деңгейде іске асыруға мүмкіндік береді.
Бейімдік дене шынықтырудың мақсаты дене шынықтырудың бір түрі ретінде былайша анықталады: денсаулығының ауытқуы бар адамның өмір сүру қабілетінің барынша көп даму мүмкіндігі табиғаттан берілген функционерлеудің үйлесімді режимін қамтамасыз етумен және оның қазіргі (өмір сүру процесіндегі) дене-қозғалыс мінездемесімен, рухани күшімен, әлеуметтік және жеке дара мәнді субьектінің өзін-өзі жүзеге асыруы үшін олар үйлесімді болуы керек.

        И.М.Быховскаямен келісе отырып, дененің мәдени болмысы сонымен қатар мүгедектің де, кейбір сыртқы мақсаттарға жетуі үшін ғана оны қолданудан тұрмайды, сонымен қатар оның ішкі мазмұнын толтыруымен, барынша көп өзін ашуымен, өзін-өзі жүзеге асыруынан тұрады (Быховская И.М., 1993). Дене мәдениетіне бейімделудің жеке дара тұлғалық іске асырылуы негізінде, қажеттіліктің қалыптасуы және дене-қозғалыс пен рухани мүмкіншіліктерін үйлестіре білуі субьектілер диалогы қарым-қатынасының жалғастырушысы бола алады (Каган М.С., 1988).

 Дене мәдениетіне бейімделудің мақсаты осы саламен айналысатын педагог (оқытушы, жаттықтырушы, әдіскер т.б.) негізгі қызметтерін қисынға келтіреді.

        Адамның өмірге бейімділігін дене мәдениетіне беімделу әдістері мен тәсілдері көмегімен барынша көп (максималды) дамыту, оның психофизикалық орнықты жағдайын ұстап қалуға, әрбір мүгедекке өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына және жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне, тіпті дені сау адамдар нәтижелерінен де жоғары нәтижелерге жеткізеді. Мүгедектік немесе  бойындағы ауытқушылығы адамның жігерін, алдыға қойған мақсатына талпынушылығын тоқтата алмайды, оған мына аттарды есімізге түсірсек жеткілікті Темірлан, Франклин Рузвельт, Алексей Маресьев, Валентин Дикуль, Святослав Федоров, Ольга Скороходова тағы басқалары. Өмірде мүгедектікке ұщыраған адамдардың  осы жолдағы алғашқы қадамдары  дене мәдениетіне бейімделу  болуы керек, ол адам қызметінің кез-келген түріне, субьектілердің өзара қарым-қатынасына қажетті шеберлік пен дағды, сапа мен қабілеттілікке үйретеді.

Әлемде балалардың және үлкен адамдар арасында мүгедктікке себепші аурулар көбейіп жатыр. Қазіргі таңда дене тәрбиесі арқылы мүгедектердің денсаулығын қалпына келтіру үлкен мәселе болып табылады. Осы бағытта 15-20 жылдар ішінде бейімдік дене шынықтыру бағыты қарқынды дами бастады. Бейімік дене шынықтыруға көңіл аударған мамандар С.Т.Евсеев, Л.В.Шапкова, Р.В.Чудная тағы басқа Қазақстан Республикасында бұл мәселе ғылыми әдістемелік жағынан әлі де көп қамтылған. Қазіргі таңда ғылыми әдістемелік әдебиеттердің ішінде келтірілген әдебиетті талдау барысында бейімдеу дене мәдениетінің ғылыми әдістемесін қамтамасыз етілуінің деңгейінде біз келесі ерекшіліктерді байқадық. Бейімдеу дене мәдениеті туралы Р.В.Чудная,С.Т.Евсеев,Л.В.Шапкованың т.с.с. авторлардың көптеген ғылыми мақалалары,монографиялары жарық көрді.

Қазақстанда бейімдік дене шынықтыру мен бейімдік спорты біртіндеп даму фазасында. Елімізде медициналық-әлеуметтік қорғау мен білім беру салаларында бейімдік дене шынықтыруды енгізу бойынша заңнамалық актілер қабылданған.  ҚР «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңының (2014 ж. 3 шілде, №228-V) 19-бабына сәйкес мүгедектердің дене тәрбиесі және спорт жаттығуларын ұйымдастыру, әдістемелік, медициналық қамтамасыз ету білім беру, денсаулық сақтау және дене тәрбиесі мен спорт органдарына жүктелген.

Соңғы жылдары Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға деген көзқарас оң бағытта өзгеріп, оларды жан-жақты дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Мүмкіндігі шектеулі балалар әр түрлі әлеуметтік-саяси өзгерістерге тәуелді болғандықтан олардың құқықтарын қамтамасыз ету әлемдегі беталысқа сәйкестендірілуі қажет. Қоғамның дені сау мүшелері сияқты мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға,  өмір сүруге, өз үйінде тұруға, достарын таңдауға және олармен дос болуға, қоғамның белсенді мүшесі болуына, дене шынықтырумен және спорт түрлерімен шұғылдануға толық құқығы бар. Осы құқықтарын толығымен жүзеге асырып, әлеуметтік ортаға бейімделуінде және толыққанды өмір сүру жолындағы түрлі психологиялық кедергілерден өтуінде бейімдік дене шынықтырудың  маңызы жылдан жылға артуда.

Жас ұрпақты дені сау, дене бітімі және рухани дамыған азамат етіп өсіріп, тәрбиелеу ісі оларға сапалы білім беру үшін қажетті жағдайлар жасаумен тығыз байланысты. Еліміздің Ата Заңы - ҚР Конституциясында қарастырылғандай[12], ҚР «Білім туралы» Заңында  балаларға орта білім беру мен тәрбиелеудің жалпыға бірдей қолжетімді әрі тегін болуына кепілдік берілген[13]. Ал, ҚР «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңына сәйкес білім беру балалардың тұлғасын дамытуға, олардың шығармашылық қабілеттерін, әлеуметтік белсенділігін, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық бастамаларын дамытумен қатар, мүгедек болған жағдайда шығармашылық және қоғамдық қызметке қатысу мүмкіндігін жасауға бағытталуы тиіс[14]. Заңда мүгедек бала өзінің физикалық, ақыл-ес қабілеті мен қалауына сәйкес білім алуға, қызмет түрі мен мамандық таңдауға, шығармашылық және қоғамдық іс-әрекетке қатысуға құқылы екені туралы ереже бекітілген (31-бап).

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 11 қаңтарда бекітілген №168 Дене тәрбиесі мен спортты 2025 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасында «Дені сау ұрпақты қалыптастыру мақсатында тең мүмкіндіктер мен спорт шараларына тең қолжетімдік беру жолымен бала жасында бастапқы жағдайлар теңдігін қамтамасыз ету керек» - деп көрсетілген.

Халықаралық олимпиадалық қозғалыстың бейімдік спортта қалыптасуы мен дамуы өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарынан бастау алады:

Рим-Италияда Бірінші жазғы параолимиадалық ойындар, ал 1976 жылы   қысқы   параолимиадалық ойындар өткізілді. Параолимпиадалық ойындардың хронологиясы. Сурдлимпиадалық спорт өзінің тарихын 20-ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап келеді. 1968 жылдан бастап Арнайы Олимпиада ақыл-есінде кемшіліктері бар адамдарға өө әлеуетін спортта жүзеге асыру мүмкіндігін беру мақсатында ұйымдастырылып өткізіле бастады. Қазір Арнайы Олимпиадалық қозғалыс 150 елдің бір миллион спортшысын біріктіреді.

Сурдлимпиадалық қозғалыс – кереңдердің олимпиадалық қозғалысы;

Паралимпиадалық қозғалыс – тірек-қимыл аппараты бұзылған және көру қабілеті бұзылған мүгедек спортшылардың олимпиадалық қозғалысы; Арнайы Олимпиадалық қозғалыс – ақыл-есі кем спортшылар қатысады.  

 

1

2

Тақырыбы: Бейімдік дене шынықтырудың негізгі ережелері мен қағидалары

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Бейімдік дене шынықтырудың жалпы дидактикалық қағидалары
  2. Әлеуметтік қағидалар
  3. Бейімдік дене шынықтырудың жалпы әдістемелік қағидалары.
  4. Арнайы әдістемелік қағидалары

Дәрістің қысқаша мазмұны:

БДШ негізінен жалпы дидактикалық қағидалардың негізінде құрылады. Олардың ішінде негізгілеріне мыналар жатқызылады:

  • ғылыми қағидасы;
  • саналылық және белсенділік қағидасы;
  • қолжетімділік қағидасы;
  • жүйелілік және реттілік қағидасы;
  • түзету-дамыту қағидасы;
  • варианттылық қағидасы.

Бейімдік дене шынықтырудың қағидалары 3 топқа бөлінеді:

1.Әлеуметтік қағидалар:

  • Гуманистік-бағытталу қағидасы;
  • Дене шынықтыру білімінің үздіксіздік қағидасы;
  • Әлеуметтендіру қағидасы;
  • Интеграция қағидасы;
  • Микросоциумның басым рөлінің қағидасы.

2. Жалпы-әдістемелік қағидалар:

  • Ғылыми қағидасы;
  • Саналылық және белсенділік қағидасы;
  • Көрнекілік қағидасы;
  • Қолжетімділік қағидасы; жүйелілік және реттілік қағидасы;
  • Беріктілік қағидасы;

3.Арнайы-әдістемелік қағидалар:

  • Диагностикалау қағидасы;
  • Дифференциация мен жекелеу қағидасы;
  • Педагогикалық үрдістің түзету-дамыту бағытының қағидасы; Педагогикалық ықпал етудің өтемдеуіш бағытынығ қағидасы;
  • Жас ерекшеліктерін ескеру қағидасы;
  • Педагогикалық әсер етудің барабарлық, оңтайылылық және нұсқалылық қағидасы.  

Ғылыми қағидасы – денсаулығында патологиялық бұзылыстары бар бала ағзасының биологиялық және психологиялық заңдылықтарының, сондай-ақ педагогиканың, дене шынықтырудың және медицинаның теориясы мен практикасындағы осы мәселені зерттеуде қол жеткізген ғылыми  жетістіктерінің негізінде құрылады.

Саналылық және белсенділік қағидасы – мүгедек адамда дене жаттығуларымен айналысуға саналы, белсенді көзқарастың қалыптасуына бағытталған.

Қолжетімдік қағидасы – мүгедек баланың жеке ерекшеліктеріне, ағзаның функциональдық күйіне сәйкес келетін құралдарды, әдістерді, әдістемелік амалдарды, теңдестірілген психофизикалық жүктемелерді пайдалануды көздейді.

Жүйелілік және реттілік қағидасы – оқу және тәрбие үрдісінің жүйелі түрде жүзеге асырылуы, оқу материалдарын белгілі бір тәртіппен оқыту және меңгеру.  

Диагностикалау қағидасы – мүгедектіктің себебі болған негізгі патологияның ерекшелігін ескеру, оның құрылымын анықтау, зақымдану мерзімін, медициналық болжам қорытындысын,  дене шынықтыру құралдарын пайдалануға қарсы көрсетімдерді есепке алу керек.

Түзету-дамыту бағыттылығы қағидасы – педагогикалық ықпал жаттығу жасайтындардың денелік және психологиялық кедергілерін жеңуге, олардың танымдық функцияларын, психикалық үрдістерін, дене қабілеттерін және адамгершілік қасиеттерін белсенді дамытуға бағытталуы тиіс.  

Варианттылық қағидасы – бейімдік дене шынықтырудың барлық түрлерін және мүмкіндіктерін пайдалану.

Бейімдік дене шынықтырудың ұстанымдары 3 топқа бөлінеді: әлеуметтік, жалпы әдістемелік және арнайы әдістемелік ұстанымдар.

Әлеуметтік ұстанымдар денсаулығының мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мәдени және рухани дамуының педагогикалық детерминанттарын, сонымен қатар қолданыстағы қайшылықтарды көрсетеді. Әлеуметтік сипаттағы ұстанымдар гуманистік бағытталу, дене шынықтыру білімінің үздіксіздігі, әлеуметтендіру, интеграция, микросоциумның басым ролі болып бөлінеді.

Гуманистік бағытталу дене шынықтыру білімін гуманизациялауға негізделген, әрбір жеке тұлғаны дербес дайындауды көздейді. Ол үшін мына педагогикалық тәсілдер қолданылады: жеке дамуға бағытталу, өз ара қарым-қатынас этикасы, басшылық пен қарым-қатынастың демократиялық стилі, сенім білдіру, назар аудару, рухани және дене күшіне сенім, дербес физикалық және психикалық мүмкіндіктерге сәйкес педагогикалық әсер етудің варианттылығы.

Дене шынықтыру білімінің үздіксіздігі адамның бүкіл өмір бойына қозғалыс белсенділігіне қажеттігін сақтауды білдіреді. Бұл қасиет ағзаның тіршілігн қамтамасыз етуде, оның өмір үшін күресінде және сыртқы орта факторларының үздіксіз өзгеріп тұратын әсерлері кезінде өзін-өзі дамытуда басты роль атқарады. Дене шынықтырумен үздіксіз шұғылдану ағзаның биологиялық құрылымдары мен функцияларына, әлеуметтік және психикалық бейімделуге оң ықпалын тигізеді.

1

3-4

Тақырыбы: Бейімдік дене шынықтырудың функциялары.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Бейімделген дене шынықтыру функцияларының жіктелуі.

2.Педагогикалық  функциялары.

2.Әлеуметтік функциялары.

3.Бейімделген спорт функциялары.

4.Бейімделген қозғалмалы рекреация функциялары.

5.Дене реабилитациясының функциялары.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Маңызды теориялық сұрақтардың бірі  бейімделген дене шынықтыру (БДШ) функцияларын анықтау болып табылады. Оның нақты болуы берілген салада педагог-маманның профессиональдық қызметін, қоғам өміріндегі оның ролін нақтылауға, әр түрлі білім саласында ғалымдардың консолидацияның барлық мүмкін болатын жолдарына үлес қосуын анықтауға мүмкіндік береді.

Логикалық түрде БДШ функцияларын 2 топқа бөледі.

Біріншісі педагогикалық функциялардың жиынтығын құрайды, бейімделген дене шынықтырудың әр түрінде – бейімделген дене тәрбиесінде, бейімделген қозғалмалы рекреацияда, бейімделген спортта, дене реабилитациясында денсаулығы ауытқыған адамдар үшін дене жаттығуларын қолдану процесін сипаттайды. Олардың әдістемелік негізі болып организм тұтастығының философия - медициналық категориясы және құрылым мен функцияларының өзара байланысы болып табылады (Ярыгин Н.В.,1985; Лисицын Ю.П., Петленко В.П.,1992; Саркисов Д.С., Пальцев М.А., Хитров Н.К.,1995).

  Екінші топ негізгі педагогикалық функцияларға бағынған, сонымен бірге жүретін функцияларды құрайды. Олардың қалыптасуы адамның жеке тұлғасы мен организміне дене жаттығуларының ықпалына ғана емес, сонымен қатар қоршаған өмірдің әлеуметтік құбылыстары мен процестерінің, тұрақты функционалдық байланыс құратын басқа да әлеуметтік институттарының әсеріне негізделген (Матвеев Л.П.,1997). Бұл байланыстар функционалды мүмкіндіктері шектелген және тұрақты кемістігі бар әрбір адам және жалпы қоғам үшін өзіндік құндылығы бар БДШ– ның әлеуметтік функцияларын құрайды. Бұл функциялар бейімделген дене тәрбиесінің барлық түрлеріне тән.

Бейімдеу дене тәрбиесінің  функцияларының жіктелуі

        Функция қатынастардың берілген жүйеде қандай да бір обьектің қасиеттерінің сыртқы көрінісі, қызметі, міндетін білдіреді (БСЭ,1984).

       В.Г. Афанасьев (1977) бұл ұғымды әрекетке қабілеттілік, жүйе ролі, оның қасиеті, мәні, міндеті деп сипаттайды. Дене тәрбиесі теориясында функция  «қызмет, әлеуметтік міндет, белсенділік көрсету қабілеті» деп қарастырады (Психология спорта в терминах, понятиях…1996).

       Мәдениет функциясы М.С. Каганның зерттеулерінде сәтті ашылған (1974). Осы мәселені талдау негізінде әлем әдебиетінде автор мәдениетте екі негізгі функция барын айтады: сыртқы және ішкі.

      Сыртқы функция қоғамды табиғатпен табысты тайталас үшін қажеттіліктермен қамтамасыз етуге, оның прогрессивті дамуына  бағытталған.

     Ішкі функция өзіндік шапшаңдылықты, қозғалғыштықты, өнімділікті, тиімділікті қамтамасыз етуге,  олардың пайдалы әсерінің үнемі жоғары болуына негізделген. «Үшінші функция болмайды және болуы мүмкін емес. Бірақ олардың әрқайсысы жеке функциялардың бір ансамблін құрайды, -дейді автор. Жеке функциялар дене тәрбиесі теориясында талқылау мәні болып табылады, мұнда олбірде кеңінен қарастырылса, бірде дене тәрбиесі функцияларымен біріктіріледі (Мильштейн О.А.,1980; Нива М.,1980; Брянкин С.В., 1983; Столяров В.И.,1988; Александров С.З.,1990; Жолдак В.И..1992 и др.).

    Мұндай тәсілдің дұрыстығы адам денсаулығына бағытталған барлық дене тәрбиесінің түрлерінің өзіндік мақсаты, тапсырмасы, бағыты, формасы, сонымен қатар өзіндік функциясы болуына негізделген.

       Функциялардың саны туралы да бірдей пікірлер жоқ.

Л.П. Матвеев (1983) дене тәрбиесінің функцияларын екі топқа бөледі – жалпы мәдениетті және арнайы. Бірінші топ функцияларына эстетикалық, нормативті, ақпаратты; ал екіншіге – танымдық, қолданбалы, спорттық, рекреативті және денсаулықты жақсартатын – реабилитациялық функцияларды жатқызады.

В.М. Выдрин (1984) дене тәрбиесінде үш топқа бөледі: жалпымәдениетті функция топтары (танымдық, тәрбиелік), арнайы топ (өмірге, еңбекке денелік дайындық, денсаулықты күшейту, қозғалу дағдыларының дамуы) және ішкі функция (дене тәрбиесі компоненттерінің функциялары: тене тәрбиесі, спорт, рекреация және реабилитация).

          И.И. Сулейманов (1981) дене тәрбиесі мен спорт функцияларын төрт топқа бөледі: материалды–өндірістік, әлеуметтік, саяси және  рухани. Бірінші топқа ол өндіріс және адам өмірінің   ұдайы өндірісін (денсаулықты күшейту, рекреативті, емдік) және кәсіби– қолданбалы функцияны жатқызады. Екіншіге – әлеуметтік, коммуникативтік, интеграциялық, көріністік, отбасылық, тұрмыстық, тәрбиелік және танымдық функцияларды жатқызады. Үшінші топқа әскери қолданбалы, беделді, басқару функцияларын жаткызса, төртінші топқа дүниетану, идеологиялық, философиялық, ғылыми, өнегелі, құқықтық, діни, шығармашылық, құнды, нормативті функцияларды жатқызады.

        Н.И. Пономарев (1974, 1996) спорт саласында функцияның 8 тобын бөліп қарастырады. Бұл топтар шығармашылық, коммуникативтік, әлеуметтік, жасампаздық, танымдық, құндылықты, психологиялық, ойын–сауықтық функциялар. Осы топтардың ішінен автор спорттың 37 функциясын бөліп қарастырады.

           Б.В. Евстафьев  (1980) дене мәдениетінің функциясын жалпы, ерекше және бірыңғай (арнайы) деп бөледі. Осы көзқараспен ол барлық функцияларды сыртқы және ішкі деп бөледі. Ішкі функцияларға дене тәрбиесінің толық жетілуін, оның мәндік және жеке тұлғалық құндылықтарын; сыртқы функцияларға әр түрлі адамзат қызметінде әдістер мен тәсілдермен қамтамасыз  етуін жатқызады. Мысалы, сыртқы арнайы функцияларға автор кәсіби–қолданбалы дайындық, спорт, дене рекреациясын және қозғалмалы реабилитация  жатады.

Рыжкин Ю.Е. (1997) дене рекреациясына келесі функцияларды жатқызады: сауықтыратын, жекелеу, шығармашылық, гедонистік, беделді, ойын–сауықтық, интеграциялық, болжаушылық және көріністік. Берілген жіктелуде барлық функциялар бірге біріктірілген, оның ішінде болжаушылық, көріністік – дене рекреациясының бастысы емес. Жекелеу – психо-педагогикалық принцип, дене тәрбиесінде, спортта, сонымен қатар денен рекреациясы саласымен айналысатын жеке қабілеттіліктерді ескереді.  

                  С.П. Евсеевтың (1996) анықтамасы бойынша Бейімделген дене шынықтыру мүгедек және мүмкіндігі шектелген адамдарда өмірлік және профессиональды қажет ілімдер мен дағдыларды қалыптастыру үшін, денелік, психикалық, қызметтік қасиетін дамыту үшін  дене тәрбиесінің тәсілдерін, әдістерін, арнайы принциптерді қолданып теория мен әдістемені меңгеретін оқу және ғылыми пәнді құрайды.

        БДШ құрылымында  барлық түрі, оны құраушылар ( Бейімделген дене тәрбиесі, бейімделген спорт, бейімделген қозғалмалы рекреация, дене реабилитациясы) бір –бірінен өзара байланыста болып,  үнемі бірін-бірі толықтырып отырады. БДШ құрылымдық элементтерінің бірігуі ең алдымен дене жаттығуларын мақсатқа жету жолындағы әдіс және негізгі құрал ретінде қолдануымен анықталады.

         БДШ-ның барлық функциялары қызмет (қозғалыс – қозғалу әрекеті (дене жаттығулары) – қозғалу белсенділігі – қозғалу қызметтері) арқылы жасалады. Қызметтің өзі БДШ шеңберінде әртүрлі болып келеді, тәуелсіз дене жаттығуларынан басталып, мүгедектің тұлғалық қасиетін қалыптастыратын әр түрлі әлеуметтік қарым-қатынасқа түседі. Осылайша әрбір мүгедектің және қоғамдағы барлық адамдардың өмірінде БДШ-ның жан-жақты ролі байқалатын әлеуметтік қызметтің үлкен тобы құрылады. Мұндай қызметтік байланыстарға: әлеуметтік, коммуникативтік, гуманистік, интегративтік, эмоциональды-көріністік, психореттейтін, эстетикалық және т.б. функциялар жатады. Осы көзқараспен мүгедектер мен қоғам өміріндегі ролі мен болмысына әсер ететін БДШ-ның педагогикалық және әлеуметтік қызметтерін қарастырамыз.

2. Бейімдеу дене тәрбиесінің қызметтері

    1) Педагогикалық қызметтер. Мүмкіндігі шектелген адамдар (туылғаннан сал болған немесе балалық шағында мүгедек болып қалған) мен мүгедектердің дене шынықтыруының негізгі құндылығы бүкіл өмірін қамтитын (мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, жасөспірім шақ) бейімделген дене тәрбиесі болып табылады.

     Басқалармен салыстырғанда  дене тәрбиесі қозғалыстық әрекеттермен оқыту, дене қабілеттілігін дамыту және соған байланысты білімдерді қалыптастыру негізі арқылы ерекшеленеді. Бейімделген дене тәрбиесінің негізгі ерекшелігі педагогикалық әсер етуші обьектісі потологиялық қызметтері, дамуы бұзылған, ойлау қабілеті жетілмей қалған адамдар

болып табылады.  

       Осылайша, бейімделген дене тәрбиесінің  (оқыту, дамыду, коррекция) жан-жақты байланыстарының жиынтығы оның негізі болып табылады, сонымен қатар бейімделген дене тәрбиесінің арнайы танымдық педагогикалық: оқу-танымдық, дамушылық, коррекциялық, профессионалды-дайындық және тәрбиелік  қызметтерін анықтайды.

    Оқу-танымдық қызметтер

         Әр түрлі қозғалыстық әрекеттерді адам өмір барасында игереді. Денен тәрбиесінде бұл процесс білім, қозғалу дағдыларын қалыптастыру заңдылықтарына сәйкес жүзеге асады. Қозғалу қызметтері шектелген адамдар үшін дағды әрқашанда жүзеге аса бермейді.

Оқу-танымдық қызметтердің маңызды жағы тек қозғалысқа қабілетті болу ғана емес, сонымен қатар осы процестің интелектуалдығы. П.Ф. Лесгафттың пікірінше сөз және ой, ақылдылық, жан және дене дамуы бұзылған адамдар үшін концептуалды мәні бар.

     Дене жаттығуларын жасау арқылы интелектуалдық дамыту көбінесе  қозғалыс әрекеттер өлең, жаңылтпаш, мақал-мәтел арқылы орындалатын қозғалу ойындары ұйымдастырылған ойын композициялары арқылы жасалады, сонымен қатар кеңістік және уақыт, шама, көлем, сан туралы қарапайым математикалық белгілерді уйренуді жеңілдетеді (Баранова Н.А., 1993).

     Психика жағынан дамымай қалған, есту және көру қабілеттері нашар балаларда  болатын оқу-танымдық қызметтің қиындығы дене жаттығуларын жасау, әсіресе, ойын түрінде өткенде жеңіл жүзеге асады (Выгородская И.Г. с соавт., 1984; Кулешова Г.В.,1992; Страковская В.Л., 1994; Полиевский С.А, Ильин В.А., Осадченко И.В.,1997).

     2) Әлеуметтік  қызметтер. Бейімделген дене тәрбиесі жалпы қарым-қатынас жүйесінде басқа да әлеуметтік институттармен, процестермен және құбылыстармен әрекеттесе отыра оның әлеуметтік қызметіне әсер ететін байланысты қалыптастырады. Оларға: әлеуметтенуші интергациялық, коммуникативтік функциялар жатады.

 Әлеуметтенуші қызметтер. Кемісті балалардың арнайы білім алуының мәселесі қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде қызмет етуге мүмкіндік беретін баланың тұлғалық дамуын, белгілі бір білім жүйесін, құндылықтарды игеру процесі –әлеуметтену болып табылады. (Петровский А.В., 1987; Фельдштейн Д.И., 1994).
    Әлеуметтану – үздіксіз және дискретті, дифференциалданған және интеграцияланған әр түрлі сатылары, периодтары, кезеңдері, фазалары бар күрделі жүйелі процесс. Ол жеке тұлғаның жетілуі мен дамуын оқытатын әр түрлі ғылымдар жүйесінде терең мәнге ие.
Осы процестің негізі адам қызметі туралы теориялық жағдай болып табылады. (Леонтьев А.Н., 1983; Выготский Л.С., 1982. Т. 2). Осыдан қызметтің екі түрін бөліп қарастырады: әлеуметтік-қоғамдық (қоршаған ортаны тану және игеру) және жеке-даралық (өзін тану және өзін тәрбиелеу).
     Көптеген авторлардың пікірінше, (Фельдштейн Д.И., 1994; Захаров А.И., 1996; Зеньковский В.В., 1996; Овчаренко С.А., 1997), әлеуметтану пайда болатын бірінші инстанция отбасы болып табылады. Бала санамен немесе  санасыз ата-анасының, ағаларының,  әпкелерінің дағдыларын, өзін-өзін ұстау қалпын игереді. Мектепке дейінгі жаста отбасы баланың дене активтілігіне әсер етеді. Мұнда ақпараттарды жеткізу, қоршаған ортаны танып білу, эмоционалды-психикалық дамуды қалыптастыру тікелей ойын арқылы жүзеге асады.

         Өмірінінң келесі кезеңінде (кішкене, орташа, үлкен мектеп жасы)әлеуметтанудың кілті оқу қызметіне жалғасады. Соған қарамастан ойын тұлғаның қалыптасуы мен әлеуметтенуі үшін инновациялық потенциал болып калады.
 (МайнбергЭ.,1995).
        В.В. Зеньковский 1924 жылы гипотеза айтқан, оның айтуынша « ойын тек психофизика жағынан ғана емес әлеуметтік-психика жағынан даму үшін қажет» деген. Автордың айтуынша ойын дене, психикалық, әлеуметтік активтілікті қалыптастыратын негізгі ролді атқарады. Балалық шақ есейгенге дейін, күші қалыптасып, өзі шешім қабылдайтын дәрежеге жеткенге дейін жалғасады. Мүгедек балалар үшін ойын әдісі басқаша болады. Қалыпты қарым-қатынастың  бұзылуы, эмоционалдық және бір нарсені қалаудың жетіспеушілігі,  өзіндік шешім қабылдаудың жетіспеуі, өмір жағдайындағы  қиындықтарды жеңе алмау – әлеуметтік-психикалық дезадаптацияның белгілері болып табылады.  (Романова Е.С., Усанова О.Н., Потемкина О.Ф., 1990; Забрамная С.Д., 1995 и др.).
     Ойын танымдық-эмоционалдық ойлауды, назарды, есте сақтау қабілетін жоғарылатады, оймен шаршауды басады, шығармашылық ортаны жасайды, өздігінен оқшауланып қалуды, ұялуды жояды. Ойын  мүгедек балалардың арасында қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру үшін қажетті ролдік қарым –қатынасты жсайды.  (Ян В.И. с соавт., 1989; Зарин А.П., Ложко Е.А., 1994; Загрядская О.В.,1997).
       Осылайша, ойын мүгедек балалардың әлеуметтенуіне, дамуына ықпал ететін, бейімделген дене тәрбиесінде қолданылатын қозғалу қызметінің құралы мен әдісі болып табылады.

      3. Бейімдеу спортының қызметтері

      Бейімдеу спорты бағыты. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде дамып жатқан бейімделген спорт негізгі  үш бағыты бойынша дамуда: Паролимпиадалық, Арнайы Олимпиадалық қозғалыстар және Бүкіләлемдік құлағында мүкісі бар адамдар ойыны. («Тыныш ойындар») (Евсеев С.П., 2000).
     Мүгедектер спортындағы отандық және шетел тәжірбиесіне сүйенер болсақ, осы топтардағы адамдар үшін оқу – жаттығу үдерістері және жарыстарға қатысу физикалық, психикалық және әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік болып табылады (Рубцова И.О., 1998). Оқу – жаттығу үдерістері дәрігерлік – педагогикалық дисциплина ретінде өзінде емдік және педагогикалық қызметтердің қолайлы қатынастарын үйлестірумен қатар мүгедек – спортсменнің эстетикалық және этикалық қажеттіліктерін, физикалық дамуға деген құлшынысын қанағаттандыратын физикалық, зияткерлік, эмоциялық – психологиялық әлеуетін қалыптастырады (Сермеев Б.В., Григоренко В.Г. и др. 1991).

 Бүгінгі таңда мүгедектер спортын екі бағытқа бөліп қарастыруға болады: емдік – рекреационды және жоғары нәтижелі спорт.  

              Бірінші бағыт бойынша спорт емдік – реактивті қызмет атқарады, яғни тиімді салауатты демалыс,  тынығу, қайта қалпына келу және жұмысқа қабілеттілікті қалыптастыруға үйрететін құрал және әдістеме болып табылады.  (Ричард К., 1980; Матвеев Л.П., 1997). Мұнда спорттың тек кейбір сипаттамалары ғана қарастырылатындықтан (жүйелі жаттығу, спорттың таңдалған түрінде мамандандырылу, жарыстарға қатысу және т.б.) оны салыстармалы түрде ғана спорт түріне жатқызамыз. Мұндай спорт түрі қолжетімді,  бос уақытында өз еркімен жүзеге асырылатын және де мүгедектің өмірінде басымдыққа ие емес. Танымал спорт түрлеріне жүзу, жеңіл атлетика, сонымен қатар жеңіл арбадағы, ауыр атлетика, шаңғы спорты, гимнастиканың әр түрі, аэробика мен шейпинг, мәнерлеп сырғанау, би, спорттық ойындар ( баскетбол, отырықшы волейбол, мини – футбол,үлкен және стол теннисі, едендегі хоккей, бильярд, голбол және т.б.), емдік шығыс жекпе – жектері. Емдік – рекреативті спорт қай  әлеуметтік салада қызмет атқаратына орай, ондағы сабақтар сипаты жағдайға, топтардың санына, жасқа, қатысушылардың қызығушылығына байланысты (мектеп жасындағы немесе студенттік және т.б.) түрлендіріледі.  
        Аталмыш жұмыстағы педагогикалық қызметтің негізгі стратегиялық проинциптері мыналар: физикалық дайындық пен оның жағдайларының адамның жеке жағдайына сәйкес болуы, физикалық жаттығулардың үйлесімділігі мен қолайлылығы, әр адамның мүмкіндігі мен қабілетіне орай физикалық белсенділігін таңдау еркі. (Бальсевич В.К., 1990).
        Жоғары нәтижелі спорт түрі  жаттығу үдерістерінің күрделі құрылым мен құрылысына ие.  Мүгедектердің нозологиялық топтарынан мықтыларды, ерекше дарындыларды іріктеу негізінде Паралимпиадалық ойындарға қатысатын ұлттық құрамына сапын жасақтайды. (Симаков Ю.П., 1991). Жаттығу үдерістерінің технологиясы адам ағзасының физикалық жүктемеге  шұғыл және ұзақ уақытты  бейімделу заңдылықтарына сәйкес (Меерсон Ф.З., Пшенникова М.Г, 1989), теориялық тұрғыдан қарастырылған жаттығулардың принциптері мен заңдылықтарына сәйкес жүргізіледі (Дьячков В.М., 1972; Матвеев Л.П., 1977,1997; Годик М.А., 1980; Платонов В.Н., 1987).
3.1. Бейімдеу спортының педагогикалық қызметі.

    Атқаратын қызметтері: оқу – танымдық, дамытушылық, рекреативті – емдік, коррекционды – компенсаторлық, өзін – өзі тәрбиелеу.

      Мүгедектердің жаттығу үдерістерінің сау спортсмендермен салыстырғанда бірыңғай ерекшеліктері бар. Себебі, олардың ағзаларындағы кемістіктер жалпы қозғалуға кедергі келтіріп шектейді. Физикалық күйді, қозғалу іс – әрекеттерін спорттық техниканы, физикалық сипаттамаларды, жүктемелерді дамыту негізінде жүйелі түзету арқылы бейімділік және компенсаторлық механизмді қалыптастыру мүгедектерді жаттықтырудың ерекшеліктері болып табылады.
    Бейімделген спорт түрінің жаттығу үдерістерінің ерекшеліктерін қарастырар болсақ: (дамытушылық, коррекционды – компенсаторлық, оқытушылық, тәрбиелік, емдік) (сурет 2.)
    1. Бейімделген спорт түрімен айналысудың бастапқы шарттары болып табылады:
– спортшыға және таңдалған спорт түріндегі педагогикалық әсерге қатысты медициналық көрсеткіштердің болуы (Жиленкова В.П., Ульрих E.G., Дрожжина А.А., 1997);
– тұрақты уәждеме, қызығушылық және қызмет сілтемесі;
– жарақат алу немесе басқа да жағдайлар негізінде емдік шаралар арқылы қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейінгі физикалық күйдің қалпына келуі.

Өмірлік маңызы бар бұлшық еттің күші, босаңсыту, шыдамдылық, иілгіштік секілді жалпы жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз етуші ойлау және физикалық қасиеттер қабілеттердің жиынтығын қайта қалпына келтіру. Қозғаушы саланың интегралды көрсеткіші ретінде таңдалған спорт түрінде арнайы жүктемелерді орындау кезіндегі физикалық қабілеттілік болып табылады. (Сермеев Б.В., Григоренко В.Г. и др., 1991).

2. Биомеханикалық, физиологиялық, анатомиялық, психологиялық және де өзге де заңдылықтарға сәйкес мүгедек спортшының өзінің қозғаушылық қабілеттілігіе қолдану негізінде спорттық техниканы меңгерту оларды дайындаудың басты және де күрделі бөлігі болып табылады. Кез – келген іс – әрекет спортшының кеңістікте орын ауыстыруымен жүзеге асады. Орын ауыстыру құралсыз (жүзу), құралмен (спорттық ойындар), құралда (арбада) орындалады. Орын ауыстыру спортшының тірекке сүйенуі арқылы жүзеге асады. Көру және қозғалу қабілеттерінен айырылған мүгедектерде ерекше қиындықтар туындайды. Қозғалу қабілетінен айырылғандарда техниканы түрлендіру кезінде қозғалыстың биомеханикалық және анатомиялық құрылымдары қайта құрылады ( протезбен қозғалу, спорттық арбалармен қозғалу, қолды кескеннен кейін арнайы құралдар мен механизмдер қолдану) (Духовской Е.А., Верхало Ю.Н., 1997; Бакулев В.И. и др., 1997); көру қабілетінен айырылғандарда кеңістікте бағыттала алмау, қозғалыстарының дәлдігі мен жылдамдығы, тепе – теңдік, және т.б. кешенді көрсетілімдер техникалық дайындық кезінде қиындық туғызады (Азарян Р.Н., 1987; Мишарина С.Н., 1997). Техниканы жүзеге асыру жекелей қозғалыстар мен ауытқуларды толықтыру мақсатында жаңа әдістемелерді жасайды. Техниканың кез – келген элементі әр спорт түріне тән қызметтер атқарады, сыртқы формасы және сипаттамалары бар (кеңістіктік, уақытылы, динамикалық, ырғақтылық). Мүгедек – спортшыға үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін техника қолайлы болып табылады (Дмитриев С.В., Мулин В.М., 1988).

Бейімдеу спортының қызметтері[pic 2][pic 3][pic 4][pic 5]

Педагогикалық қызметтер                     Әлеуметтік қызметтер [pic 6][pic 7][pic 8][pic 9][pic 10][pic 11]

[pic 12]

         Оқу-танымдық                                                            Гуманистік[pic 13][pic 14][pic 15][pic 16][pic 17]

         Дамытушылық                                                            Коммуникатитік[pic 18][pic 19][pic 20][pic 21]

         Коррекциялық-компенсаторлық                            Интегративтік [pic 22][pic 23][pic 24][pic 25]

          Рекреативті- сауықтыратын                                    Көріністік және эстетикалық [pic 26][pic 27][pic 28][pic 29]

         Өзіндік тәрбиелеу                                                        Әлеуметтенушілік[pic 30][pic 31][pic 32][pic 33]

         Жарыстық                                                                    Басқа әлеуметтік [pic 34][pic 35]

                                                                                        институттармен қызметтік[pic 36]

                                                                                        байланысы

2 сурет. Бейімдеу спортының педагогикалық және әлеуметтік қызметтері


           3. Спорттық техниканы меңгеру жоғары нәтижеге жетуге кепілдік бермейді, себебі ол вегетативті жүйенің (тыныс алу, қан айналымы) мен физикалық сапаның (күш, иілгіштік, жылдамдық, т.б.) дамуы тұрғысында қамтамасыз етілетін ағзаның функционалды дайындығына тәуелді. Мүгедекті жаттықтыру ерекшелігі ретінде оның барлық мүшелеріне кешенді әсер етумен қатар, зардап шеккен мүшелерінде де бұлшықеттің жергілікті түзетілуі жүзеге асады.

        4. Қолданылатын жаттығулардың күрделілігі, қуаттылығы, бағытталуы, көлемі, жиілігі қамтылатын жалпы және жекелей әсер етуші физикалық жүктемелер негізінде қозғалудағы ауытқулар жаттығу кезінде түзетіліп, толықтырылады. Негізгі принциптері болып нақты әрі уақытылы қойылған педагогикалық міндет, рационалды жоспарлау және мүгедек – спортшының хал – жағдайын шұғыл бақылауды қамтамасыз етуге сай және қолайлы.
   Стимуляция физиологических функций в процессе целенаправленных педагогических воздействий должны осуществляться в рамках заданного и контролируемого врачебно-педагогического эффекта.
        5. Мүгедекті жаттықтырудың ерекшелігі болып оны әр адамға мүмкіндіктерін ескеріп үйлестіру.
   Дифференциалды тәсілдеме  мүгедек – спортшыны ауытқушылығына, жаттыққан дәрежесіне, жасы, жынысына және т.б. ерекшеліктеріне орай оқу – жаттығу жасайтын топтарға біріктіру. Дифференциалды тәсіл жаттықтырушыға бірыңғай жеңілдіктер береді: артық жүктемеден құтылу, тіл табысу тәсілін таңдау, жаттығулардың сай болу дәрежесі және т.б.
Жекелендіру ол әр мүгедектің медициналық, физиологиялық, педагогикалық факторларға сәйкес қозғалысы шектелген тұлғаның қабілетін ескеруді білдіреді.

6. Мүгедек спортшы өзі әрі объект, әрі субъект болып табылатындықтан, олармен жұмыс жасау белгілі бір жауапкершіліктердіталап етеді: олар жөніндегі білімнің тереңдігі, оларды жаттықтыру ерекшеліктерін терең түсіну әрі жан-жақты білу, ағзаға физикалық жаттығулардың әсерінің ерекшеліктерін түсіну. Сонымен қатар мүгедек спортшымен жасалған жаттығулар оның тек денесімен, қозғалысымен, өзін ұстай алу қабілетін жетілдіріп қана қоймай, оған бейімділік спорт әлемді тану құралы, өмірінің мәніне айналуға мүмкіндік ашуы керек.

Жарыстық қызмет. Жарыс спорттың ерекше қызметі болып табылады және спорттық тәжірибеде орталық орын алады. Спорттық жарыс – бұл әрқашан спортшының  (немесе топтың) нақты мүмкіндіктерін  бәсекелестік  салыстыру, қарсыластық, тек физикалық және техникалық-тактикалық дайындығын көрсету ғана емес, аса ауыр психикалық күйді өздігінен барынша реттеу және мобильдеу. Психикалық әсерленгіштік, эмоциялық қызулық жарыстың қоғамдық және жеке мәніне, ауқымына және оған қатысудың  беделіне, күшті бәсекелестердің болуына, шиеленісті жағдайлардың қауіптілігіне, жанкүйерлердің тәртібіне және т.б.  байланысты (Глоба А.П., Чехов А.А., 1989; Курамшин Ю.Ф., 1996).

Жарысқа қатысу үшін барлық спортшы - мүгедектер арнайы медициналық комиссиядан өтеді, спорттық-медициналық жіктеуге сәйкес спортшыларды өздерінің қызметтік мүмкіндіктері бойынша тең топтарға жіктейді.

Жіктеудің негізіне мүгедектердің әр түрлі нозологиялық топтарының қозғалыс қызметтерінің зақымдану сипаты және бұзылу дәрежесі алынады. Мүгедектердің халықаралық спорты тәжірибесінде спорттың жеке түрлерінің ерекшеліктеріне қарай түрленіп отыратын әр түрлі жіктеулер қолданылады  (Жиленкова В.П., Ульрих Е.С., 1993).

Мүгедектер жарысының нәтижелеріне техникалық жабдықталудың, жеке құрал-саймандардың және жабдықтардың сапасы елеулі әсер етеді.  Оларға ерекше талаптар қойылады.  Мысалы, спорттық арба үшін  белгілі бір салмақ, биіктік, дөңгелектердің диаметрі белгіленген. Әр түрлі елдерде спорттық арбалардың құрылымын, төзімділігін, оңтайлылығын, беріктігін жетілдіруде үнемі ізденістер жүргізіледі.   (Дмитриев B.C., 1991).
  Мүгедектердің әр түрлі нозологиялық топтарында жарыстық әрекеттердің өзіндік ерекшеліктері бар. Кереңдердің, соқырлардың және тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылардың жарысына едәуір қатаң ережелер мен талаптар қойылады және күшті бәсекелестік күрес жағдайында жүргізіледі. Арбадағы баскетболға тірек-қимыл аппаратының патологиясы әр түрлі дәрежедегі спортшылар қатысады, әр спортшы медициналық көрсеткіштері бойынша белгілі бір класқа жатады (I ден VI ке дейін). Класқа байланысты әр ойыншының өзіндік бағасы болады (1-ден 3-ке ұпайға дейін). Жарыстың шарттарына сәйкес алаңда жүрген 5 адамнан тұратын
командада 12-ден артық ұпай болмауы тиіс, бұл ойыншыларды ауыстыру кезінде тактикалық жағынан өте маңызды. Дені сау спортсмен-баскетболшылар арбадағы баскетбол өзінің ережесі, техникалық-тактикалық әрекеттерінің көлемі бойынша әдеттегіге қарағанда едәуір күрделірек деп санайды. (Жиленкова В.П., 1989).
   Ақыл парасаты кем адамдардың спорттық жарысының мақсаты мүлде бөлек. Спешиал Олимпикс халықаралық қозғалысының философиясы мен қағидалары бірінші кезекте гумандық міндеттерді шешуге бағытталған: физикалық жаттығулардың, жыл бойғы машықтанудың және жарыстардың көмегімен жеке өсуге, өзінің адамдық мүмкіндігін көрсетуге, мінезін, физикалық күшін және қабілетін күшейтуге   ынталылықты қамтамасыз ету, қарым қатынасқа түсуге батылдық пен қуаныш беру, қамқорлықтың, көңіл бөлудің және барлық адамзат қауымына деген сый құрметтің арқасында оларды бақытты ету  (Башкирова М.М., Гуськов С.И., 1994). Халықаралық ойындар әр екі жыл сайын өткізіледі: кезегімен қысқы және жазғы. Спешиал Олимпикстің әр жарысы әртістік, қоғамдық және мәдени шаралардың бүтін кешенімен бірге жүреді. Атап айтқанда: концерттер, театрланған қойылымдар, көрмелер, музыка мен би, салтанатты мейрамдар әр қатысушыны марапаттау.

 Бейімдеу спортының әлеуметтік қызметтері

Гуманистік қызметі. Спорт мүгедектер мен функционалдық мүмкіндіктері шектеулі адамдар өмірінде өзін өзі жетілдірудің, өз ойын білдірудің, өзін өзі танытудың әмбебап формасы ретінде алға шығады. Себебі, спорттағы барлық әрекет өзін өзі жеңуге және дамытуға бағытталған. Оның негізінде адам мүмкіндіктерін максималды жүзеге асырудың заңдылықтары бойынша өрістететін қозғалыс белсенділігіжатыр (Столяров В.И., 1988, 1989).

Спорттың мәні ол физикалық немесе басқа да бұзылыстары бар адамдар өздерінің шын мәніндегі интелектуалдық, психикалық, физикалық мүмкіндіктерін көрсете алатын әрекеттің идеалды үлгісі болуында. Тіпті адам жоғары нәтижеге жетпесе де, оң динамиканың өзі сәттілік, өзін өзі және өз ағзасын жеңу, белсенді өмір сүру үшін жүзеге асырылған мүмкіндік (Файнбург З.И., 1979).

             Спорт тұлғаның дамуына мүмкіндік және жағдай жасайтын бостандық, жауаркершілік, тұлғалық қарым-қатынас, шығармашылық, өзіндік даму сияқты  адам қызметінің басқаша түрі. Тұлғаның дамуы, коммуникативті байланыстардың дамуы, командадағы әріптестермен, жаттықтырушылармен, көрермендермен тұлғалық қарым-қатынастарды орнату, табысқа жету адам өмірінде өзіне деген бағасын жоғарылатады, өзіне деген сенімін күшейтеді.

    Коммуникативтік қызмет. Қарым-қатынас  мүгедектердің спортпен айналысуында және спорттық қызметте негізгі мотив болып табылады(Черемных А.Д., 1996). Қарым-қатынастың мәні өте кең, ол пікір, сезім, өзара түсінушілік, өзара әсермен алмасуды білдіреді (Ханин Ю.Л., 1980). Коммуникативті қарым-қатынас құралдары болып жест,  дыбыс, мимика, сойлеу, пантомимика табылады. Пантомимика есту мен сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарда болады.

      Жаттығу жұмыстары жекелей немесе шағын топтарда жүзеге асады. Әлеуметтанушылардың айтуынша, шағын топ тұлға мен қоғам арасындағы байланысты жалғап, яғни жеке тұлға қызметі мен оның басқа адамдармен өзара қарым-қатынасын дамытады (Антипина Г.С., 1982; Пономарев Н.И., 1996).

Мүгедектерді шағын топтарға біріктірудің негізгі мәні оларды ортақ мақсат, ұқсас қызығушылықтар, қарым-қатынасқа деген сұраныс болуында (Горбунов Г.Д., 1986).

    Интегративтік қызмет. Интегративтік қызмет ірі жарыстар мен әлеуметтік институттарда спортшы- мүгедек- қатысушылардың біріккен ұйымы жүйесінде байқалады. Мұнда спорттық жарыстарға қатысатын адамдар  спортшы мен жаттықтырушы, дәрігерлер мен психологтар, демеушілер, волонтерлар, жанкүйерлер арасында тәуелсіз қарым қатынас орнайды.

     Интегративтік қызмет спортшы-мүгедектердің спорттық нәтижелері мен рекордтары мадақ, мақтаныш, қуаныш ретінде спорттық жарыстарда жоғары нәтижеге қол жеткенде байқалады. Өйткені жарысқа есту, көру қабілетінен айрылған, қозғалмалы аппаратқа таңылған, ой-өрісі дамымай қалған (бұзылған) спортшылар қатысады. Әр елдердегі спортшылар үшін жалпы ортақ құндылық болатын эталон  болып жер бетінде өзара түсіністік пен бейбітшіліктің болуы, шынайы жеңіске ұмтылуға апартатын олимпияда идеясы табылады (Столяров В.И., 1996). Халықаралық мүгедектер спорты 130елдің мүгедектерін біріктіреді, жарыс спорттың 30 түрі бойынша өткізіліп, қазырғы кезде бағдарлама тұрақты кеңеюде.

      Көріністік және эстеткалық қызметтер.  Жеңіс жарысқа қатысу сияқты көптеген адамдардың, сонымен қатар  көрермендер және  оның ішінде мүгедектер қызметінің нәтижесі. Спорттық жарыстарға қатысу өзін тұлға ретінде көрсете алатын арнайы қызметтің қажеттілігінің ерекше түрі деп қарастыруға болады. Спорттық жарыс кезінде мүгедектер толқиды, өздерін  эмоциональды деңгейде қалыптастырады. Көбісі спортқа кеш келеді. Мысал ретінде ұлы спортшы, орындық– коляскада марафондық жүруден бірнеше дүркін әлем чемпионы Рик Хансен деген мүгедектің миссиясын айтуға болады. Ол екі жылда 40000км жүре отырып, әлемнің 34 елін аралаған. Оның айтуынша: «біз қоғамды мүгедектердің де қолынан көп нарсе келетінін көрсеткіміз келді, мүгедектерді қоғам өміріне араластырғымыз келді» дейді (Хансен Р., 1991). Сол айтқаны жүзеге асты, өйткені ол жүріп өткен әрбір қалада оны күтіп алып, жүздеген мүгедектер бірге алып жүрді, оның осы жеңісі үшін алғыс ретінде мыңдаған хат алды. Бұл мысал бір адамда жиналған күш, қуат көптеген адамдардың өмірін өзгертуге мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Спорт театр, өнер, музыка секілді адам өмірінің бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Миллион адамдар қозғалыстың кереметтілігін, спорттың жарыстың күштілігін, шеберлік пен күшті, әсемдікті көру үшін  жарысқа келеді (немесе теледидардан бақылайды).

Мүгедектер спортында мұндай сыртқы әсемдік болмайды. Соған қарамастан мүгедектер қатысатын жарыстарда стадион трибуналары үнемі адамға толы. Спортшы–мүгедектердің қабілеттерін байқау олардың қоғамға деген көзқарасын өзгертеді, денсаулығы жақсы адамдармен тең, сыйлауға лайықты, қолынан көп мүмкіндік келетін адам ретінде қалыптасады.

2

5

Тақырыбы: Бейімдік дене шынықтырудың құралдары, түрлері, әдістері және формалары

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Бейімдік дене шынықтырудың құралдары.
  2. Бейімдік дене шынықтырудың формалары мен әдістері..
  3. Бейімдік дене шынықтыру түрлері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

БДШ құралдарына дене жаттығулары, табиғи-орта және гигиеналық факторлары жатады.

Дене жаттығулары негізгі арнайы құрал болып табылады,соның көмегімен мүгедек адамға бағытталған ықпал жасалады. Дене жаттығулары мүмкіндігі шектеулі адамның ағзасына оң әсерін тигізеді.

Дене жаттығулары белгілі бір сипаттары бойынша топтарға бөлінеді. Нозологияға байланысы, түрлі жіктеулерге сәйкес қолданылатыны:

  • Дайындық жаттығулары;
  • Негізгі жаттығулар;
  • Пассивті жаттығулар;
  • Белсенді жаттығулар.  

Табиғи орта факторларына денсаулықты нығайту, ағзаны шынықтыру үшін суды, ауа немесе күн ванналарын пайдалану жатады. Табиғат факторлары дене жаттығуларының оң әсерін күшейтеді.

Гигиеналық факторлардың қатарына қоғамдық және жеке гигиена ережелері мен нормалары жатады: тұрмыс, еңбек, демалыс, тамақтану, қоршаған орта, киім, спорттық керек-жарақтар мен құрал-жабдықтар.

БДШ ұйымдастыру мен қалыптастырудың түрлері 2 топқа бөлінеді: сабақ түрінде және сабақтан тыс түрде.

БДШ сабақтарының 3 түрін ажыратамыз: 1)теориялық сабақтар; 2)нұсқаулық-әдістемелік сабақтар; 3)тәжірибелік сабақтар.

Сабақтан тыс түрлері. Дене тәрбиесінде сабақтарды ұйымдастырудың сабақтан тыс түрлері кеңінен тараған:

  • Таңғы гимнастика;
  • Кіріспе гимнастика (сабақтар, дәрістер, жұмыс алдында);
  • Дене шынықтырудағы үзілістер мен минуттар;
  • Спорттық көңіл көтері түрлері (ойындар, коньки, велосипед тебу және т.б.);
  • Серуендер, туристік жорықтар, жарыстар және т.б.  

Сабақтан тыс жаттығулардың көбі өз бетімен және белсенді дем алу, денсаулықты нығайту, жұмысқа жарамдалығын қалпына келтіру, қозғалыс қасиеттерін дамыту және т.б. мақсаттармен орындалады.

БДШ әдістері бірнеше типтік топтарға бөлінеді:

  1. Білімді қалыптастыру әдістері;
  2. Қозғалыс қимылдарын үйрету әдістері;
  3. Физикалық қасиеттер мен машықтарды дамыту әдістері;
  4. Жеке тұлғаны тәрбиелеу әдістері;
  5. Педагогтар мен жаттығушылардың өзара әрекеттесу әдістері.

Білімді қалыптастыру әдістері 2 топқа бөлінеді: сөз әдістері және көрнекілік әдістері.

Қозғалыс қимылдарын үйрету әдістері: бөлшектелген көрсету әдісі, толықтай көрсету әдісі.

Физикалық қасиеттер мен машықтарды дамыту әдістері – бұлшық ет күшін дамыту үшін, жылдамдық қасиеттерін дамыту үшін, төзімділікті дамыту үшін, иілгіштікті дамыту үшін, емтілікті дамыту үшін қолданылатын әдістер деп бөлінеді.

Жеке тұлғаны тәрбиелеу әдістері стратегиялық әдістерден және педагогикалық әсер ету әдістерінен құралады.

Педагогтар мен жаттығушылардың өзара әрекеттесуін қйымдастыру әдістері – жеке, жеке-топтық, шағын топтық сабақтар.

БДШ-дың келесі түрлерін ажыратады:

  • Бейімдік дене тәрбиесі;
  • Бейімдік спорт;
  • БДШ шығармашыл дене-бағдарланған тәжірибелері;
  • Бейімдік дене оңалту;
  • Бейімдік қозғалыс рекреациясы;
  • Қозғалыс белсенділігінің экстрималды түрлері.

1

6-7

Тақырыбы: Көру және есту қабілеттері бұзылған мүгедектердің

бейімдік дене шынықтыруы.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Көру қабілеті бұзылуының сипттамасы және көру қабілеті бұзылған баланың даму ерекшеліктері.
  2. Көру қабілеті бұзылған адамдардың БДШ ұйымдастыру ерекшеліктері.
  3. Есту қабілеті бұзылуының сипттамасы және есту қабілеттері бұзылған адамдардың даму ерекшеліктері.
  4. Есту қабілеті бұзылған адамдардың БДШ ұйымдастыру ерекшеліктері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Көру қабілетінің бұзылуы туа біткен және жүре пайда болған болуы мүмкін. Көру қабілеті бұзылған балалар 2 топқа бөлінеді: соқыр немесе көзі көрмейтін және нашар көретін балалар. Соқырлар – көру түйсігі толығымен жоқ, жарықты сезінуі немесе қалдық көруі бар және 0,08 дейін көру өткірлігімен көру өрісінің тарылуы (10-15 бұрышқа дейін град.) бар балалар санаты. Нашар көретіндер – жақсырақ көретін бір көздерінде көзілдірік көмегімен көру өткірлігі 0,05-тен 0,2-ге дейін көру қабілеті бұзылған балалар.

Көру қабілеті бұзылған баланың даму ерекшеліктері көру патологиясының басталу уақытымен байланысты. Оларда қоршаған болмысты шолу тарылған, баяу және дәл емес, сондықтан үш ерекшелікті атап өту қажет:

1.Бала дамуының жалпы артта қалуы, бұл дене және ақыл-ой дамуы саласында да көрінеді.

2.Сыртқы әлемнен алатын әсері толық емес, үзбелі болады және бала баяу дамитын болады.

3.Үйлесімсіздік: сөйлеу, ойлау және т.б. функциялардың жылдам дамитындығында, ал кеңістікті меңгеру, қозғалыс, моторика сияқты қабілеттердің баяу дамитындығы.

Көру қабілеті бұзылған балалардың дамуында байланыс, қарым-қатынас және сөйлеу ерекше рөль атқарады. Оларда қайталама ауытқулар жиі байқалады: мүсінінің бұзылуы, бүкірлік, жалпақ табандық, тыныс алу бұлшық еттерінің әлсіздігі, жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, невроздар, тез шаршағыштық.

Көру қабілеті бұзылған балалардың БДШ өз ерекшеліктері бар. БДШ жалпы міндеттермен қатар арнайы түзету, орнын толтыру, алдын алу, ал қажет болған жағдада емдеу-қалпына келтіру бағыты бар.

Есту қабілетінің бұзылуы бар адамдар саны қазіргі кезде әлемде 42 миллионға жетеді. Есту функцияларының бұзылу себептеріне байланысты туа біткен және жүре пайда болған саңыраулықты ажыратады. Саңыраулықтың отбасылық тұқым қуалайтын түрлері кездеседі. Екі жақты саңыраулық 90 пайыз жағдайларда балалық жаста пайда болады.

Есту қабілетінің бұзылыстары бар балалардың дамуында ерекшеліктері байқалады: 62% - дисгармониялы физикалық дамуымен, 43% - тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуларымен, 70-80% - ілеспелі аурулармен, 60% - вестибулярляқ аппарат дамуының жетімсіздігемен ерекшеленді.

Есту қабілетінің бұзылыстары бар адамдардың БДШ тәрбиелік, түзету және сауықтыру мақсаттарын көздейді. Бұл мақсаттарға келесі қүралдарды пайдалану арқылы қол жеткізуге болады:

  • Жалпы дамыту дене жаттығулары
  • Қайталмалы қимылдар (жүру, жүгіру)
  • Тыныс алу жаттығулары
  • Үйлесімділікті дамытатын жаттығулар
  • Би-ырғақ жаттығулары
  • Қимыл-қозғалыс ойындары
  • Кеңістікте бейімделуді дамытатын спорт түрлері.

Есту қабілетінің бұзылыстары бар балалардың бейімдік дене тәрбиесі сабақтарында көрнекілік әдістері сөлеу тілі жетекші болатын барлық сақталған сезім түрлерінің кешенді қосылуына негізделген. Сабақ басталар алдында баланың тепе-теңдікті сақтау қабілетін бағалау қажет. Саңырауларға тыныс алу гимнастикасы, вестибулярляқ жаттығулар, координациялық қабілеттерді дамыту жаттығулары, ырғақтық-иілімділік жаттығулары қажет.

2

8

Тақырыбы: Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар адамдардың бейімдік дене шынықтыруы

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Тірек-қимыл аппараты бұзылуының қысқаша сипаттамсы және ондай балалардың даму ерекшеліктері.
  2. Тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған адамдардың БДШ ұйымдастыру ерекшеліктері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

   Тірек-қимыл аппараты (ТҚА) бұзылулары балалар арасындағы аурулар мен мүгедектікте жетекші орын алады. Шартты түрде ТҚА-ның зақымдануларын 4 топқа бөліп қарастырады:

1.Балалар церебральды сал ауруының салдарымен байланысты;

2.Жұлынның зақымдануымен байланысты;

3.Аяқ-қолдың ампутациясы мен  дамымауы;

4.Басқа аурулар тобымен (бұлшық ет дистрофиясы, деформацияланатын ревматоидты артрит, нанизм, артрогриппоз, т.б.) байланысты.

ТҚА бұзылған балалардың дамуындағы ерекшеліктері қозғалыс бұзылыстарымен байланысты: қалыптасудың тежелуі, жүру және манипулятивті қызмет бағдарының болмауы, сенімсіз жүреді, баланың өз бетінше жүруі қиынға соғады, ол өз-өзіне қызмет көрсете алмайды. Церебральды сал ауруының әр түріндегі қозғалыс қызметтері сапстикалық дисплегия, атоникалық және астатикалық түрлері өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Мұндай балаларға психикалық дамудағы айрықша ауытқулар тән, әлсірегіш болады, жқмысқа қабілеттілік төмен. Жұлынның зақымдануымен байланысты ТҚА бұзылулар бар адамдарда эмоциялық кедергілердің жоғары деңгейі байқалады, басқа балалар сияқты ойнауға мүмкіндік болмауымен байланысты жабығу сезімі, әлеуметтік бейімсіздену мен депривация орын алады. Дамудағы өзіндік ерекшеліктер сүйек-бұлшық ет жүйесі зақымдануы мен аурулары кезінде де пайда болады. Аяқ-қол ампутациясы жасалғанда, бала балалар ұжымына келгенде психо-эмоциялық жағдайдың бұзылулары (невроздық реакциялар, ұялу, кемсіну, үрейлену) дамиды.

Аяқ-қол кемістігі (ампутация және дамымау) мен сүйек-бұлшық ет жүйесінің басқа да аурулары бар адамдардың БДШ бірқатар ерекшеліктер тән. Бұл ретте адамның қозғалыс белсенділігіне тартылу түрі мен дәрежесін, қимыл-қозғалыс оқуға қабілеттілігін, қызығушылығының деңгейін ескеру қажет. Екі қолы жоқ балалар конькимен жүгіру спорты, футбол, жүгіру сияқты спорт түрлерімен табысты айналыса алады. Бір аяқтың тізеден жоғары ампутациясы бар адамдар жүзу, шаңғы спорты, ядро итеру, найза лақтыру, ауыр атлетикамен айналысады. Қолдың ақаулары кезінде жүру, жүгіру, секіру жаттығулары қолданылады. Дұрыс мүсін дағдыларын қалыптастыруға, оның ақауларын түзетуге көп көңіл бөлініп, дене бұлшық ет күшін дамытуға, «бұлшық ет корсетін» қалыптастыруға бағытталған жаттығулар қолданылады. Аяқ-қолдың бұлшық еттеріне заттармен (доптар, гантельдер, гимнастикалық таяқтар) жаттығулар орындалады. Мүгедектер арбасын пайдаланатындар шанамен, регбимен, отыруға арналған аэробикамен және арбамен тенниспен айналыса алады.

ТҚА бұзылыстары бар балалардың БДШ-да тыныс алу жаттығулары, бұлшық еттерді босаңсытуға немесе тонусын жоғарылатуға, бас пен аяқ-қолдың қалпын қалыпқа келтіруге, қозғалыс үйлесімділігін, тепе-теңдік функцияларын дамытуға, мүсін мен жүрісті түзетуге ырғақты дамытуға арналған жаттығулар аса маңызға ие. Спорттық ойындарда олардың қозғалыс күшіне сәйкес келетін ойындарды қолдану немесе жалпыға белгілі ойындардың ережелері мен өткізу шарттарын жеңілдету қажет.Ауырлық деңгейі біртіндеп өсетін жаттығулар бағдарламасы ауру баланың күшіне сәйкес қимылдарды таңдауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда соңғы жылдары емдік дене шынықтырудың ерекше түрі болып табылатын иппотерапия әдісі қолданылып келеді. Бұл әдістің оң психогендік және биомеханикалық әсерлері мол.        

1

9-10

Тақырыбы: Жүйке жүйесінің бұзылыстары мен менталдық бұзылуы бар адамдардың бейімдік дене шынықтыруы

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Жүйке жүйесі мен психологиялық дамудың бұзылуларының сипттамасы.
  2. Жүйке жүйесінің бұзылыстары мен ментальдық бұзылуы бар адамдардың БДШ ерекшеліктері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Жүйке жүйесі зақымдануының негізгі көріністері гиподинамияға әкелетін бұлшық еттер тонусының бұзылуы, парездер және сал ауруларының болуы, буындар контрактурасы, т.б. болып табылады. Баланың қозғалыс тәжірибесі айтарлықтай нашарлайды.

Жүйке жүйесінің бұзылыстары бар балалардың БДШ-да тыныс алу жаттығулары, бұлшық еттерді босаңсытуға немесе тонусын жоғарылатуға, бас пен аяқ-қолдың қалпын қалыпқа келтіруге, қозғалыс үйлесімділігін, тепе-теңдік функцияларын дамытуға, мүсін мен жүрісті түзетуге ырғақты дамытуға арналған жаттығулар аса маңызға ие. Спорттық ойындарда олардың қозғалыс күшіне сәйкес келетін ойындарды қолдану немесе жалпыға белгілі ойындардың ережелері мен өткізу шарттарын жеңілдету қажет.Ауырлық деңгейі біртіндеп өсетін жаттығулар бағдарламасы ауру баланың күшіне сәйкес қимылдарды таңдауға мүмкіндік береді.

Жүйке жүйесі қызметі бұзылған балалардың дамуындағы ерекшеліктері алдымен қозғалыс бұзылыстарымен байланысты: қалыптасудың тежелуі, жүру және манипулятивті қызмет бағдарының болмауы, сенімсіз жүреді, баланың өз бетінше жүруі қиынға соғады, ол өз-өзіне қызмет көрсете алмайды. Церебральды сал ауруының әр түріндегі қозғалыс қызметтері сапстикалық дисплегия, атоникалық және астатикалық түрлері өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Мұндай балаларға психикалық дамудағы айрықша ауытқулар тән, әлсірегіш болады, жқмысқа қабілеттілік төмен. Жұлынның зақымдануымен байланысты бұзылулар бар адамдарда эмоциялық кедергілердің жоғары деңгейі байқалады, басқа балалар сияқты ойнауға мүмкіндік болмауымен байланысты жабығу сезімі, әлеуметтік бейімсіздену мен депривация орын алады.

Қазақстанда соңғы жылдары емдік дене шынықтырудың ерекше түрі болып табылатын иппотерапия әдісі қолданылып келеді. Бұл әдістің оң психогендік және биомеханикалық әсерлері мол.

Қозу және тежелу процестерінің күші, байсалдылығы, жылдамдылығы мінез-құлық ерекшеліктерімен қоса әр адамның жоғары нерв жүйесінің қызметінің түрін түзеді. И.П. Павлов жоғарғы нерв қызметінің 4 түрін анықтаған.

Бөлу негізінде үш негізгі көрсеткіш жатыр: қозу және тежелу үрдістерінің күші; осы үрдістердің тепе - теңдігі;олардың қозғалғыштығы. И.П. Павловтың жоғарғы нерв іс - әрекетінің жіктемесі ерте дәуірде өмір сүрген грек ғалымы Гиппократтың мінезділік, не темперамент топтарына сәйкес келеді.

1. Күшті, байсалды типі - нерв үрдістері өте қозғалғыш (сангвиник - жігерлі, өткір, қызу қанды адам).

2.Күшті, байсалды типі - бірақ нерв үрдістерінің қозғалғыш қаблеті төмен (флегматик – жігерлі, салқын қанды адам).

3.Күшті ұстамсыз типі - қозу үрдісі тежелуден басым, қозғалғыш қаблеті өте жоғары (холерик - қызба адам).

4.Әлсіз типі -  тежеу қозудан әлдеқайда басым түрі, нерв

жасушалары тез қажығыш (меланхолик - уайымшыл, жасық адам).

Жоғары        нерв        жүйесінің        қызметінің        түрі

спортшының        жұмыс        қабілетін,        спорттық        нәтижелерінің

тұрақталығын,        тағы        басқа        спортшыға        қажет        қасиеттерді

анықтайды.        Сондықтан        жоғарғы        нерв        қызметінің        түрін

ескеру жаттықтыру, жарысқа дайындау, тәрбиеле у жұмыстарының тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Жүйке-бұлшық ет жүйесін бұлшық еттер мен оларды қамтыған нерв ұштары – мотонейрондар (қимыл нейрондары) түзеді. Жүйке-бұлшық ет жүйесінің қызметтік күйін тексеру әдістері: сауал қою, сырттай көзбен бағдарлау, қолмен басып қарау (пальпация), бұлшық ет күші мен ширығуын (қаттылығын) өлшеу, бұлшық еттердегі электр құбылыстарын зерттеу (электромиография, хронаксиметрия, қимыл әрекеттерінің жылдамдығы).

Бұлшық ет тонусы. Адамның бұлшық еті ешқашан абсолютті толық босаңсыған күйде болмайды, тіпті толық тыныштық жағдайда да аздаған жиырылу күйінде болады. Бұлшық ет шиыршық атқан кезде, мұндай аздап жиырылған күйде болу, қозғалыс болмаған жағдайда, оны бұлшық еттің тонусы деп атайды. Әр түрлі жүйелер мен мүшелер қызметтері кезінде тонус маңызды орын алады. Мысалы, қан тамырларының бірыңғай салалы бұлшық еттерінің тонусы, тыныштық жағдайдағы гемодинамиканы ұстап тұруды қамтамасыз етеді, ал тамырлардағы тонустың күрт түсуі қан айналудың қатерлі бұзылыстарына әкелуі мүмкін.

Бұлшық еттің қажуы. Қажу  бұл ағзаның жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуімен, оның ішкі ортасы жағдайының өзгеруімен және шаршау сияқты субъективті сезімнің пайда болуымен бірге жүретін ерекше күйі. Ол ұзақ жұмыстан кейін немесе қысқа болса да, шамадан тыс жүктемелі жұмыстан кейін пайда болады.        

Психологиялық дамудың бұзылуы (ПДБ) нашар байқалатын ауытқулар қатарына жатқызылады. Псхологиялық дамуында бұзылуы бар балалардың бастан кешіретін негізгі қиындықтары негізінен әлеуметтік бейімделу мен оқуға байланысты. ПДБ типтерін 4 топқа бөлу қабылданған:

Бірінші тип – шығу тегі конституционалды ПДБ;

Екінші топ – соматогенді типті, әлсіз жиі ауыратын балалар;

Үшінші топ – психогенді текті (отбасындағы қолайсыз ахуал, проблемалық тәрбие, психикалық жарақат);

Төртінші топ – церебральды-органикалық текті.

Қазіргі уақытта мінез-құлқының дамуында сапалы ауытқулары бар балалар саны айтарлықтай өсті. Бұларға балалар және атиптік аутизмі, гипербелсенді бұзылулар, Аспергер синдромы және т.б. аурулар жатады.

Менталдық бұзылыстары бар балалардың барлығында дене дамуының нашарлауы, мүсіннің бұзылуы, табан және кеуде қуысының дамуындағы бқзылулар, бас сүйектің деформациясы, дисплазиялар, бет қаңқасының ауытқуы, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, бұлшық еттер күшінің төмендеуі және т.б.ерекшеліктер тән.

Менталдық бұзылуы бар адамдардың БДШ арнайы тапсырмалардың қолданылуымен жүзеге асырылады.

1

11

Тақырыбы:  Сөйлеу қабілеті бұзылған адамдардың дене тәрбиесінің әдістемесі.

12-13

Тақырыбы: Бейімдік дене тәрбиесіндегі емдік дене шынықтыру мен массаж

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Емдік дене шынықтыру мен массаждың адам ағзасына әсерлері.
  2. Емдік дене шынықтырудың түрлері мен тәсілдері.
  3. Емдік дене шынықтыруды қолдануға көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер, қатерлік факторлары.
  4. Массаж жүйелері мен түрлері, массаж жасағанда қойылатын талаптар.
  5. Массаж тәсілдері және олардың  сипаттамасы.
  6. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарында қолданылатын емдік жаттығулар мен массаж.
  7. Қол сүйектері сынғанда, буын шыққанда қолданылатын  массаж әдістері.
  8. Жүйке жүйесі ауруларына арналған емдік жаттығулар мен массаж тәсілдері.
  9. Сегменттік-рефлекторлы массаж туралы түсінік, оның ағзаға  тигізетін әсері. Ішкі ағзалардың  сыртқы тіндермен рефлекторлы байланысы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

   Емдік дене шынықтыру мен массаждың БДШ-ғы негізгі мақсаты:

  • Мүгедек адамның көңіл-күйін, еңсесін көтеру;
  • Аяқ-қолы жансызданған жағында қан-лимфа айналымын арттырып, зат алмасуын жақсарту;
  • Мүгедек адамның жүрек-қан-тамыр, тыныс алу, ас қорыту сияқты ішкі ағзалардың қызметін қалыптастыру;
  • Терінің ойылуын, буынның бүгілмей қалуын, контрактура болмауын, өкпенің қабынбауын қадағалап, алдын-алу;
  • Нашарлаған немесе жоғалған қимыл қозғалысты қалпына келтіру;
  • Мүгедек баланың жүру-тұрудағы үйлесімділігін арттырып, өзін-өзі бағдарлау, өз өзіне қызмет көрсетуге дағдыландыру        

   Емдік  гимнастиканың жаттығулары мен механизмдерін ауруларға дер кезінде дұрыс қолданса, денені жылдам сергітіп, ауруға төзімділігін арттырады, қорғаныс қабылетін  нығайтып, сырқаттың жылдам айығуына ықпал етеді.

   Емдік  гимнастиканың жаттығулары адам денесіне әсер еткенде күрделі құбылысқа сүйенеді.  Ол жоғарғы нерв жүйесі мен гуморальды (денедегі сұйық зат) реттеуші күштер және моторлы висцеральдық рефлекстер.

   Емдік гимнастиканың төрт механизмі бар:  әлдендіру,  қоректендіру, орнын толтыру, бірыңғайлау немесе қалпына келтіру. Бұлардың барлығы бір бірімен тығыз байланысты қызмет атқарады.

   Әлдендіру  механизмі. Арнайы тағайындалған жаттығулар нерв жүйесінде тежеу  немесе қоздыру процестерін өзгерте отырып орталық күштің қызметін реттейді. Мұның өзі басқару қызметін арттырып, ішкі бездердің жұмысын жақсартады, зат алмасу қызметін үдетеді.  Бұл бұлшық еттер мен ішкі ағзалар арасында  рефлекстік байланыс  туғызады.  Үлкен бұлшық еттер көбірек қозғалса әлдендіру әсері соғұрлым  көбірек болады.  

   Қоректендіру механизмі. Буындардан жоғарғы нерв жүйесіне баратын сезімдер вегетативтік нерв жүйесінің, ішкі құрылыстың қызметін өзгертеді. Ал буын қимылдарынан денедегі зат алмасуы, қышқылдану тотығу, қайта түлеп қалпына келу процесстері жүзеге асады. Жұмыс істеген бұлшық етте ұсақ қан тамырлары кеңейіп, оттегі көбейіп, керексіх заттар көк тамырмен керісінше ағындап кетіп жатады. Қан айналымы үдеп, лимфа (ткань аралығындағы түссіз сұйық зат)  айналымы жаңарады.  Осының әсерінен дене қоректік  затпен қамтамасыз  етіліп, ауруға шалдыққан жер тез жазыла бастайды. Қоректендіру механизмі денені семіп қалудан сақтайды.

   Орнын толтыру. Дене тәрбиесі, әр түрлі жаттығулар аурудың салдарынан солып қалған мүшені, барлық бұлшық еттерді қалпына келтіреді. Орнын толтыру механизмі рефлекторлы механизмге байланысты. Жаттығулар екі  (пар) мүшенің біреуі зақымданып қалған кезде екінішісін шыңдай отырып, барлық жүктелген қызметін толық атқаруға мүмкіндік жасайды. Орнын толтыру механизмі уақытша және тұрақты болып екіге бөлінеді. Біріншісі ауру басталған кезде болады да, жазылған шақта жоқ болып кетеді. Екіншісі науқас адам бір мүшесінен айырылған кезде қолданылады.

   Бірыңғайлау немесе қалпына келтіру. Қандай ауру түрінен болмасын құлан таза айығып кету әркімнің арманы. Бірақ анатомиялық құылысы қалпына келгенмен, кейбір мүшелердің қызметі бірден қалыпты жағдайға түспейді. Міне, осы функциональдық қасиетін бір деңгейге келтіру үшін барлық аурудан соң емдік жаттығулармен айналысу керек.  Тек,  сонда ғана жоғарғы жүйке жүйе қызметінің  басқаруымен, органдармен, буындармен ішкі ағзалар арасында байланыс түзіледі.  

Емдік гимнастиканың бүкіл денеге әсер ететін терапиялық қасиеті, аурудың асқынуына  жол бермейтін патогендік қасиеті, денедегі әр мүшенінің қызметін, іс әрекетін қатарға қосып, қалпына келтіретін функциональдық қасиеті, кемтарға болған мүшеге сүйемелдеу, соған бейімделу, науқастың көңілін көтеру қасиеті, емдік педагогикалық қасиеті ауру алдына мақсат қойып, барлық ынта жігерімен, сана сезіммен жаттығулар орындау.

   Массаж орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, қан айналымын жақсартып, денедегі тотығу қайта құру процестеріне ықпал етеді.

   Массаждың жүйесі төртке бөлінеді. Олар: шведтік, финдік, шығыстық және отандық жүйелері.

а) Массаждың   шведтік жүйесі:  1813 жылы Стокгольм қаласында атақты ғалым П. Линг ашқан еді. Ол массаждың сипау, ысқылау, қимыл қозғалыс жасау тәсілдерін жүйеге енгізді. Шведтік жүйе көбінесе буын ауруларында, сіңір созылғанда кеңінен қолданылады. Мұндай тәсілдер тек Скандинава аралында ғана емес, басқа елдерде де кеңнен таралған.

Қазіргі кезде швед мамандары біздің елден де көптеген тәсілдерді алуда.

б)  Массаждың  финдік  жүйесі:   ең алғаш финдік спорт массажы көзге түсуіне 1924 жылы жеңіл атлет П.Нурмидің  өз алаңындағы жарыста көрсеткен таңғажайып жеңісі болды.  Ақыры  20-30 жыл шамасында фмндер массаждың отандық жүйесінен бірнеше тәсілдерді өздеріне қосып алды.  Оның себебі, финдік жүйе өте қиын жасалады және шипалығы да шамалы болды.  Мысалы, үлкен бұлшық еттерді мыжып уқалау тек бас бармақпен жасалады. Ал санның бұлшық етіне бас бармақтың күші қалай келсін, сондықтан отандық жүйеге  жүгінуге тура келді.

в)  Массаждың  шығыстық  жүйесі:   Грузияда, Азербайжанда, Өзбекстанда,  Түркменстанда,  Турцияда, Болгарияда, Иракта, Қазақстанның кейбір облыстарында соның ішінде Ақтау, Атырау, Маңғыстау, Шымкент елдерінде кең көлемде пайдалынады. Шығыстық жүйеде массаж қолмен де, аяқпен  де  жасалынады. Бірақ оның пайдасы туралы ғылыми тұрғыда толық  дәлелденбеген. Ол көбінесе моншадаларда жасадынады.  Массаж жасағанда қимылдар қанның ағысымен  де, қарама қарсы жүргізіледі.

г)  Массаждың  отандық  жүйесі:   Совет Одағында массаждың классикалық түрін 70 жылдары орыстың ғалымы И.В.Заблудовский ашты. Оны бір жүйеге келтіруге, орындау тәсілдеріне, әдісіне талай еңбектер жазды. Спорттық массаждың негізін салушы профессор И.М.Саркизов Серазини болды. Ол советтік классикалық массаждың тәсілдеріне сүйене отырып спорттық  массажды дамытты. 1924 жылы  Ленинград физкультура институтында массаж негізгі пән болып енгізілді. 1926 жылы алпыс сағаттық спорттық және емдік массаждардың факультативтік курстары ашылды. 1929 жылы  спорттық және емдік массаждардан  И.М.Саркизов Серазини  үш айлық курс ұйымдастырды.  Бұл Россиядағы тұңғыш ашылған курс болатын.

Қазіргі кезде тек орталық қалаларда емес, әр облыста, аудандарда тіпте ауылдарда массаж мамандары бар. Олардың массаждың жүйесін, техникасын, методикасын жете білу үшін арнайы курстарда білім алады. Алматы  қаласындағы    Қазақтың  спорт және туризм академиясында арнайы мамандандыру бойынша емдік гимнастика және массаж инструктор деген  қосымша  диплом алып шығады.

   Массаж әдістері бірнеше топқа бөлінеді: қолмен, аппаратпен, топтасқан массаждық әдістер болып.

   Қолмен жасайтын  массаж  ең негізгі массаж, себебі оның тәсілдерін қол арқылы жасай отырып дененің қай бөлігіне қалай жасау керектігін біледі. Қолмен жасайтын массаж ерекшелігі оны үйде, стадионда, алаңда, моншада орындай беруге болады. Массаж ауру адамға ғана емес, сау адамға да әсер ететін емдік профилактикалық әдіс.

   Аппараттық  әдісі  массаж жасау үшін қазіргі кезде осы заманға лайықты шығарылған  арнайы аппараттар қолданылуда.  Аппаратпен массаж жасағанда теріге әсер етеді және су, ауа арқылы да өз әсерін тигізеді.Аппараттық массажға мыналар  жатады: гидромассаж, пневмомассаж, баромассаж, электростимуляторлық,  жіңішкедауысты,  синкардиальды, вибромассаж.

   Массаждың  топтасқан  түрі  деп қол мен аппараттық массажды бірдей қолдануды айтады.  

   Вибрациялық массаж массаж жасаған кезде әртүрлі ырғақпен, жылдамдықпен дірілдеген қозғалыстың денеге таралуы.  Вибрацияның әсері тек сыртқы, ішкі нерв талшықтарының үштарын тітіркендіру емес, сол сияқты ағзадағы физико химиялық, биохимиялық  процестерді өзгерту.

   Массажды арнайы жабдықталған бөлмеде жасайды. Бөлме кең, жарық, құрғақ, таза болу керек. Температурасы 220  төмен болмауға тиісті. Сағатына екі үш рет ауаны ауыстырып отырады, соған орай желдеткіш орнатылады. Массаж бөлмесінің қасында душ, әжетхана, қол жуғыш, сабын, айна, орамал, екі орындық, жазу үстелі, тіркеу журналы,  ішетін  суы бар графин, стакан, шымылдық, халат сақтайтын шкаф болуы  керек. Содан  басқа  5% спирттік иод ерітіндісі,  бриллиантты жасыл ерітіндісі,  БФ 6 желімі, бинт, мақта, лейкопластырь, 3%-ті  мүсәтір су ерітіндісі, валериан тамшысы, 3%  сутегі қостотығы, тальк, қайшы, қысқыш, құм сағаттар (3, 5, 10, 25 минут) болуы  қажет.

   Массажды арнайы  ағаш төсекте жасайды. Оның ұзындығы 190-200 см, ені 80см,  биіктігі  60-80 см болады. Төсектің үсті синтетикалық жапқышпен қапталады, үстін сүртіп алып отыру үшін. Төсектің үстінде екі жұмыр білік болады, біреуінің  диаметрі  30-35 см оны аяқтың астына , екіншісінің  диаметрі  15-20 см оны басқа салады.

   Қолға массаж жасау үшін биіктігі 70-80 см,  ұзындығы 50 см, ені 30 см стол, және мақтадан немесе поролонан тігілген жастық болу керек.  Бұрандалы дөңгелегі  бар  орындық  қажет.  Массажды  жұмсақ  кереуетте және қатты төсекте жасауға болмайды.

   Массажистің өзіне тән  қабілеттілігі, іскерлігі және тәжірибелігі әдептілік сақтай отырып,  пациентті шыдамдылықпен  түсініп  тыңдай, сапалы  көмек көрсете  білуінде. Массажист  өз уақытын  үнемдей білуге, артық қимыл  жасамауға  үйрену   керек.  Қолдың  қозғалысы  жұмсақ, ырғақты,  жатық  болуға  тиісті.  Массажист тәсілдерді орындау кезінде оң және солмен бірдей  жұмыс  істей білу керек.  Егер тірек білезігімен  массаж жасалынатын болса,  онда  білек,  иық  және  кеуде  жұмысқа  қосылмайды.  

   Массажист  массаж жасағанда  массаж алушының терісіне зақым келтірмеу үшін таза халатта, жеңіл және ыңғайлы аяқ киімде,  жүзіксіз, сақинасыз  және  сағатсыз жұмыс  істеуге тиісті.

   Ауру  түрлеріне, белгілеріне, жынысына  байланысты емдік жаттығулар жиынтығы құрастырылады.  Осыған  байланысты тек бір ауруды  ғана емес бүкіл ағзаны , адамды  толық  емдейді.  Емдік жаттығулар мен бірге дәрі дәрмек, тоқпен емдеу, балшықпен емдеу, ине, массаж, хирургиялық операциялар жатады.

Массаж жасауда белгілі  бір тәсілдері қолданылады, оларды бес түрге бөлеміз. Оларға жатады: сипау; ысқылау; сығымдау; илеп жұмсарту; дірілдету;

   Жасалыну  түрлеріне байланысты оларды орташа терең (сипау, ысқылау, сығымдау), терең (илеп жұмсарту) және екпінді (дірілдету) деп бөлуге болады.  Массаж  тәсілдерін  қолданғанда  арасын үзбей  кезекпен  жасайды.

  Сипау массаждың алдында, соңында және әр тәсілден соң жасалынады. Сипау теріні  мүйізденген  қабыршақтан  және тер мен май  бездердің  қалдықтарынан  тазалайды.  Осындай  әсер ету  нәтижесінде  тері түтікшелері   тазарып,  май  және тері  бездерінің  қызметі  жақсарады.Массаждың  әсерінен теріде зат алмасу процессі артып, терінің тонусы көтерліп,  тері  тегістеліп  және созылғыш  болып келеді. Сипаудың техникасы мен тәсілдері. Сипаудың екі ең негізгі тәсілдері тегістей және қапсыра сипау. Тегістеп  сипау  дененің  жоғарғы  жағының  тегіс және ашық жерлеріне, соның ішінде  арқа,  іш, кеудеге жасалынады. Сипаудың негізгі  түрлері: түзу бағытта; иректей;

шынжыр тәрезді; қосарланған; шеңбер тәрезді; шоғырланған; бір немесе екі қолмен ұзынан бойлай сипау  (финдік түрі). Сипаудың  қосымша түрлері: тарақ тәрезді; тырма тәрезді; қысқыш тәрезді (шымши); айналдыра сипау; тегістей сипау.

   Ысқылау тереңге әсер етеді. Ысқылау массаждың барлық түрінде кеңнен қолданылады. Массаждың  ысқылау  тәсілін жасаған кезде  қан тамырлары кеңейіп және қан  айналымы  артады,  сол жердегі терінің температурасы көтерледі.Ол   тканді  оттегі  және  қоректі  заттармен  толығуын,   ал  сонымен  қатар  керексіз  заттардың  тез  шығуын  қамтамасыз етеді. Ысқылау  негізінде  қан  жүруі  аз  қамтамасыз етілген соның ішінде: санның сыртқы  жағына, табанға, өкшеге, сонымен қатар сіңірлер мен буындардың орналасқан  жерлеріне  қолданылады.  Ысқылау  тәсілі невритте, невралгия  ауруларында  қолданылады,  сондай ақ  ысқылау жүйке жүйесінің қозуын азайтып, ауырған жерді  басады. Ысқылау  буын  ауырғанда емдеу  әдісі ретінде,  сондай ақ жарақаттан  соң   қайта қалпына келтіру  үшін  қолданылады.  

Ысқылаудың тәсілі мен техникасы. Ысқылау  алақанмен,  саусақтармен, саусақтардың бүгілген сыртымен, алақан қырымен, тірек білезігімен  жасалынады. Ысқылаудың  негізгі  түрлері: түзу бағытта;

иректей; шынжыр тәрезді. Ысқылаудың  қосымша  түрлері: штрих тәрезді; сүргілеу; арамен ағаш кескендей; тарақ тәрезді; тырма тәрезді; қысқыш тәрезді (шымши ысқылау);

   Сығымдау тәсілі. Массаждың негізгі тәсілдерінің бірі сығымдау, ол өзінің жасалумен сипауға ұқсас болып келеді, бірақ сипауға қарағанда жігерлі және үлкен жылдам қозғалыспен  орындалады. Сығымдаудың  сипаудан  айырмашылығы тек теріге ғана әсер етіп қоймай, сонымен қатар тері асты  шел қабатына, тканге және  жоғарғы  бұлшық  ет қабатына  әсер  етеді. Көлденең сығымдау.  Тірек білезігін массаж жасайтын жерге көлденең бағытта орналастырады және  үлкен бас бармақ сұқ саусаққа қарай қозғалады.Алақанның қырымен сығымдау.  Массаж жасалынатын жерге білезікті көлденең  бағытта  қойып,  алақанның қырымен (саусақтарды сәл иіп, бос ұстайды)  еппен, аса қатты батырмай алға  қарай  жылжиды. Алақанмен  қапсыра  сығымдау.  Массаж жасалынатын жерге білезікті көлденең  бағытта  орналастырады,  бас бармақты  сұқ саусаққа қысады, ал қалғандары  бос  жатады. Тәсіл  бас бармақтың  қырымен  және  алақанмен орындалады,  ал  қалған саусақтар  бос  болу керек. Екі  қолмен сығымдау  (салмақ салумен).  Бұл  тәсіл жеңіл орындалады, егер сығымдау  бір  қолмен  жасалса.  Екінші қолмен салмақ сала отырып  сығымдау  жасау  (білезік  көлденең  бағытта қойылып,  сырт жағынан салмақ сала отырып  орындалады ) .  

   Илеп   жұмсарту. Массаждың  ең  күрделі тәсілдерінің бірі –илеп жұмсарту. Бұл тәсіл бұлшық еттер мен қоң еттерге әсер етеді. Орындалу тәртібі:  массаж жасаушы алақанмен бұлшық етті қапсыра ұстайды, оны жоғары созады, саусақтар мен бармақтың арасына қатты қысады. Бұл кезде қоң ет сүйектен бөлініп көтерілгендей болады. Сол кезде алақанмен езіп жұмсартады әрі қарай жылжытады. Осы тәсілді  қолданғанда  қан  айналымы  күшейіп, ткандердің  коректенуі артады, бұлшық еттердің талшықтары созылып, серпімділігі жақсарады, зат алмасудың зиянды қалдықтары денеден шығып, тотығу процессі үдейді. Бұл тәсіл тек бұлшық ет емес, денедегі сіңір, тарамыс, шеміршек, буын қабы,  шел қабы,  шандыр,  сүйек  қабы  барлығына  әсер етеді.  Сондықтан жоғарғы нерв жүйесінің қызметін, нерв бұлшық ет аппаратын өзгертеді. Илеп жұмсарту тәсілін байыппен, асықпай, ақырын жасағанда ми қабығының қозу процессі бәсеңдеп, бұлшық еттер  босайды.  Илеп жұмсарту тәсілінің негізгі түрлері:  ұзынан –ұзақ, көлденең, жарты шеңбер,  ширшықты,  қос шеңбер, бір қолмен, қос қолмен  (қоскүшеген), шымшу, бас  бармақтың  басымен  жұмсарту деп  бөледі. Орындалу техникасы үш түрге бөлінеді: Бұлшық  етке алақанды көлднең салып, екінші-төртінші саусаққа қарай қатты қысып көтеру. Бұлшық етті қапсыра қысып, ұстап, бас бармаққа қарай жаншу. Одан соң  еттерді  алақанның  білезік түбі  мен сүйекке батыру және қайта қалпына келтіру. Бір  фазадан екіншісіне  кідірмей өтіп отырады. Бір қолмен жұмсарту. Бұлшық еттті алақанмен қапсыра ұстайды. Мұнда бас бармақ бір жағында, ал төрт саусақ екінші жағында. Ұстаған етті түзу саусақтармен жоғары көтеріп, одан соң бас бармақ пен төрт саусақтың арасына  қысып, артынан сүйекке жаншиды. Бұлшық етті қолдан шығармай шеттен  орталыққа  қарай  үздіксіз  жылжиды.  Мұнда  қолмен суланған жөкені сыққандай қимыл  жасайды.  Алақан мен терінің арасында саңылау болмау керек. Саусақтарды түзу ұстаған жөн. Екі  фазадан құрастырылғаны: Біріншісі-массаж жасаушының оң қолмен көтерген бұлшық етті бас бармаққа қарай мыжуы; Екіншісі-бас бармақтың  төрт саусаққа қарай салмақ сала мыжуы. Қос қолдап жұмсарту. Оң қолдың алақанын көлденең салады, ал сол қолды оның үстіне бастырады.  Мұнда  бас бармақты  екінші қолдың бас бармағының  үстіне салып, ал төрт саусақты  сол аттас саусақтардың үстіне салып, салмағын арттырады.  Мұны, қалың қоң еттерге, күшті көп керек ететін жерге (бөксе, сан, арқа) қолданылады. Қос шеңберлі жұмсарту. Екі қолды бұлшық етке көлденең бағытта қатарластырып орналастырлады.  Мұнда  сұқ қолдар бір жағында, бас бармақтар  екінші жағында бір-біріне тиіп жатады.  Алақанмен  ұстап бұлшық етті  қысып алып, нан илегендей екі қолды алға қарай итереді.

Екінші түрінде-бір қол уысындағы толған бұлшық етпен ілгері,  өзінен әрі қарай  итерілсе, екінші қол керісінше өзіне қарай тарылады. Бұлшық еттің ұзын бойына ілгерінді-кейінді осындай қимыл жасап бұралаңдап, жоғары өрлеп бара жатқандай болады. Бұл тәсілді аяқ-қолдың, арқаның, іштің бұлшық еттеріне  пайдаланады. Ұзыннан-ұзақ жұмсарту.  Бұл тәсіл  бұлшық еттің ұзын бойын  бойлай, оның талшықтарының таралу бағытымен жасалынады. массаж жасаушы екі қолмен аяқтың, не қолдың бұлшық етін екі жағынан қапсыра ұстайды. Бір  екіншіден  2-3см  алда  тұрады.  Содан соң алма-кезек екі қол мен уысындағы бұлшық етті мейлінше қысып, жоғары көтеріп, сүйектен бөліп алып, илей отырып ұзына бойына үздіксіз қимыл жасайды.  

   Шымшу.  Бұл тәсіл  жайпақ,  сүйекке жабысқан еттерге қолданылады. Оларды ұстап жоғары көтеруге болмайды. Сондықтан қолдың сыртын, жіліншіктің алдын, омыртқаның маңын осындай тәсілмен жұмсартады. Ол үшін саусақтарды бүгіп бұлшық етке көлденең қояды да, бас бармақ пен төрт саусақтың арасына қысып,  сүйекке  қарай  батырып  жаншиды,  яғни  қысқышпен қысып шымшығандай қимыл жасайды.

Бас бармақпен жұмсарту.  Бас бармақ астындағы  етті уқалап, сүйекке жаншып, шеңбер сияқты қозғалыс жасай отырып жылжиды.  Қалған  төрт саусақ еш қимылсыз соның артынан қозғалып отырады. Бас бармақтың күшін арттыру үшін екінші қолды массаж жасаған қолдың үстіне бастыра қойып бірге  жылжытады.

   Дірілдету. Дірілдету (вибрация)- бұл тәсіл бірнеше саусақтармен, алақанмен, жұдырықпен  жасалып, ткандерді қозғап-дірілдетеді. Дірілдету  тәсілі  жүрек соғысын реттеп, қан қысымын қалпына келтіреді, асқазан сөлін көбейтіп, нерв жүйесін арнасына түсіреді, ауырған жерді тыныштандырады. Дірілдету  тәсілі  бұлшық еттің тонусын көтеріп,  жүректің жұмысын жақсартып, тыныс алу мүшелерінен ауа өтуін реттейді. Діріл  үздіксіз және кідірмелі болып екіге бөлінеді. Үздіксіз дірілдеткен кезде массаж жасаушының қолы денеден бір сәтке ажырамайды.  Егер  үздіксіз  қозғалтқанда бір нүктені ғана дірілдетсе, онда бұл тұрақты деп  аталады. Ал бір нүктеден қолды көтермей,  жылжып, екінші, үшінші нүктелерге келсе, онда оны тұрақсыз дірілдету деп атайды. Кеуде бұлшық еттерін  алақанның білезік тірегімен дірілдетеді. Іштің бұлшық еттеріне массаж жасағанда қолдың сыртын, алақан не жұдырықты  пайдаланады.  Бұлардың бәрі  үздіксіз  дірілдету тәсіліне жатады. Кідірмелі  немесе үздік- үздік  дірілдету. Ол қолды денеге қойып, бір екі діріл қаққызып шайқап жіберіп, сәлден соң қолды жұлып алып тыныштандырады.  Онда  болатын  діріл қысқа, жылдам  және тез-тез, әлсін- әлсін толқындап отырады. Дірілдетіудің  қосымша түрлеріде үздіксіз және кідірмелі болып екіге бөлінеді.Үздіксіз  дірілдетуге: шайқау, сілкілеу, жұлқып итеру, қағу. Кідірмелі  дірілдетуге: пунктирлі,  шапқылау, шапалақтау, ұрғылау, осу. Қолдың және санның іш жағына дірілдету тәсілін қолданбайды, өйткені онда қан тамырлары мен нерв жүйесі көп шоғырланған.

Сегменттік-рефлекторлы массаж туралы түсінік, оның ағзаға  тигізетін әсері. Ішкі ағзалардың  сыртқы тіндермен рефлекторлық байланысы.

   Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:

1. Емдік дене шынықтыру мен массаждың  анатомиялық – физиологиялық   негіздері.

4.

5.Емдік дене шынықтыруындағы дене жаттығуларының жіктемесі.

6.Арнайы медициналық топтарға берілетін массаж әдістерінің түрлері.

7.Қол сүйектері сынғанда, буын шыққанда қолданылатын  массаж әдістері.

2

14

Тақырыбы:  ТҚА мен жүйке жүйесі бұзылуларында емдік дене шынықтыру мен массаж әдістерін қолдану.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

15

Тақырыбы: Бейімдік дене шынықтыруда дәрігерлік-педагогикалық бақылау.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Дәрігерлік-педагогикалық бақылау және өзін-өзі бақылау..

2. Дене даму көрсеткіштерін зерттеу.

3. Кардио-респираторлық жүйенің функционалдық жағдайын зерттеу.

4. Жүйке жүйесінің функциональдық жағдайын бағалау.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Денсаулық жағдайында шектеулері, мүгедектігі бар тұлғаларға БДШ ұүралдарын қолдану дәрігерлік-педагогикалық бақылаумен (ДПБ) тығыз байланысты.

ДПБ денсаулықты нығайтуға және физикалық дамуын жетілдіруге арналған дене шынықтыру құралдыры мен әдістерінің тиімді қолдануын қамтамасыз ететін медициналық және педагогикалық қадағаулар жүйесі болып табылады.

Бейімдік дене шынықтыруындағы ДПБ мазмұны:

  • Дәрігерлік куәландыру
  • Тікелей сабақ барысындағы дәрігерлік-педагогикалық бақылау
  • Дәрігерлік-спорттық кеңес беру
  • Сабақ-өткізілетін орындарға санитарлық-гигиеналық қадағалау
  • Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы мүгедек жандардың ата-анасымен санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу
  • Спорттық жарыстардың медициналық-санитариялық қамтамасыз етілуі

ДПБ шараларында бейімдік дене шынықтырумен немесе спортпен шұғылданушының ағзасының функционалдық жағдайы анықталады, БДШ құралдары мен бейімдік спорт түрі таңдалады, білім  өрісін, сабаққа дейін және кейін жүргізілуді қажет ететін арнайы шараларды анықтайды, қарсы көрсетілімдер көрсетіледі.  

БДШ-да ДПБ өзін-өзі бақылаумен толықтырылады. Өзін-өзі бақылау – мүгедек жанның қарапайым, қолжетімді тәсілдердің көмегімен өз денсаулығының жағдайына, физикалық дамуына, дене жаттығуларымен, спортпен шұғылданудың ағзаға деген әсеріне өз бетінше тұрақты бақылау жүргізуі.

Дененің дамуы - деп әр адамның жұмыс қабілеті мен биологиялық жетілу сатысын сипаттайтын құрылымдылық және қызметтік көрсеткіштердің жинағын атайды. Организмнің өсуі және дамуы туралы мәселе биологияның іргелі проблемасының бірі болып саналады. Өсу – организмнің анатомиялық және морфологиялық жағынан өзгеруі, яғни дененің ұзындығы мен салмағы. Өсу жас мөлшерінің және байланысты белгілердің, бала организмінің сан жағынан өзгеруіне байланысты сипатталады. Даму – тканьдердің, органдардың және бүкіл организмнің физиологиялық жағынан, яғни олардың белгілі бір уақыттың аралығында функциялық жағынан жетіле түсуін сипаттайтын сапалы өзгерістер.
Бала организмінің өсуі мен дамуы өзара байланысты келісімді әрі сан, әрі сапа өзгерістеріне ұшырайды. Кейде өсу және даму процестерінің кезеңдері күшейеді немесе бәсеңдейді. Организмнің өсу процесінің нәтижесінде жаңа сапалы ерекшеліктер байқалады. Мысалы, қимыл-қозғалыс әрекеттері күрделене түседі. Бұлшық еттердің күші мен қозғалу қарқыны, ақыл-ой әрекетіне сай келеді. Соның нәтижесінде өсу мен даму гармониялық немесе үйлесімді даму жағдайына жетеді. Бала организмінің өсу және даму жағдайынағы гетерехрондылық пен гармониялық өзгерістер көптеген биологиялық және әлеуметтік факторлерге байланысты болады. Өсу мен дамудың биологиялық факторы организмнің өзінде болады да, айқын өзгерістер түрінде көрінеді, ал әлеуметтік фактор қоғам құрылысында, тұрмыс жағдайларында, білім және тәрбие беру жағдайында. Бұл факторлер өсу және даму процесінде сапа жағынан баға беру кезінде еске алынады. Бала организмінің өсуі мен дамуының біркелкі болмауы тек дененің өсуіне әсер етіп қоймай, сонымен бірге психиканың дамуына да әсер етеді. Біркелкі жастағы балалардың өзінде психиканың даму дәрежесі әр түрлі болады. Ол тек жеке басындағы ой-өрістің дамуына байланысты болып қоймай, сонымен бірге баланың тәрбме жағдайына да тәуелді. Дененің өсу қарқаны антрапометриялық әдіс арқылы анықталады. Антропометриялық әдіс арқылы анықтаудағы маңызды жағдай, ол пайдаланатын тәсілдердің және құрал-саймандардың біркелкі болуы. Барлық зерттеу жұмыстары ауасы таза, жылы және жарық бөлмеде, күн тәулігінің бірінші жартысында жүргізіледі. Антропометриялық өлшеу кезінде бала бойының ұзындығы, массасы, кеудесінің аумағы және басқа да көрсеткіштер еске алынады.

Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды. Олар:
1. Физикалық денсаулық — ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
2. Соматикалық денсаулық — ол адам ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.

3. Психикалық денсаулық — ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау. «Адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеумсттік қажеттіліктен туындайды.
Ағзасында функциялардың өздігінен реттенуі, функциялық үрдістердің келсімді турде отуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дөрежелі жағдайда болуы.
4. Рухани денсаулық — ол адамдардың информацияны қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынистардың сипаттамасын көрсетеді. Оның негізгі бағалық жүйесі, индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнығуын баяндайды. Ол адамның көңіл-күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын, сүйіспеншілігін және жан-дүниесінің сұлулығын көрсетеді.
Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың өздерінің жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады.

Дене дамуының спорт түріне сәйкес ерекшеліктері– кешенді және жинақы ұғым, оның көрсеткіштері көп. Қай жағдайда қандай көрсеткіштер анықтау медициналық бақылаудың мақсатына, ал спортта спорт түріне, жаттығушының спорттық дәрежесіне байланысты шешіледі. Жаппай дене шынықтыру саласында бойдың ұзындығы, дененің салмағы, кеуде қуысының шеңберімен қатар дененің сымбатын, тірек-қозғалыс жүйесінің күйін анықтаса жеткілікті. Спортта спорт түріне лайықты, тиімді дене пішінін қалыптастырудың маңызы зор, сондықтан әр спорт түрінде жоғарыда көрсетілген көрсеткіштермен қатар басқа да өлшеулер алынады.

Дене пішіні – дененің тотальды өлшемдері (бойдың ұзындығы, дене салмағы, кеуде қуысының шеңбері), сыртқы пішіні, пропорциясы, сүйек, бұлшық ет және май ұлпаларының дене салмағындағы үлестері.

Конституция – дене дамуының жинақталған, қорытынды көрсеткіші. Спорттық медицинада М.В. Черноруцкийдің жіктеу кестесі қолданылады:

нормостеникалық – дененің ұзындық және көлденең өлшемдерінің сәйкестігі, дене пішінінің үйлесімділігі.

астеникалық - ұзындық өлшемдерінің көлденең, шеңберлік өлшемдерден басым болуы, қол -аяқтарының тұлғамен салыстырғанда ұзын болуы, бұлшық еттерінің нашар дамуы.

гиперстеникалық - көлденең, шеңберлік өлшемдерінің ұзындық өлшемдерден басым болуы, қол - аяқтарының тұлғамен салыстырғанда қысқа болуы, бұлшық еттерінің жақсы дамуы.

Кардио-респираторлық жүйенің функционалдық жағдайын зерттеу. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің жалпы құрылысы мен маңызы. Жүрек-қан тамырлары - кардио-респираторлық (грек. кардио — жүрек, респирацио — тыныс) деп белгіленетін оттегін тасымалдаушы жүйенің негізгі бөлімі. Дененің барлық мүшелері мен тканьдерін аралап өтетін қан тамырлары торын бойлап ағатын қанның қозғалысы оларды үнемі оттегімен және қоректік заттармен камтамасыз етеді, сондай-ақ олардан тіршілік әрекеті өнімдерін шығарады. Жүрек кезектесе жиырыла және босаңси отырып, қанның тұйық тамыр жүйесі бойымен үнемі қозғалуын — қан айналымын жүзеге асырады.

Жүрек   қызметінің   айналым   уақыты   (циклі). Жүректің қызметі дегеніміз жүрек циклдерінің ырғақты алмасып отыруы болып табылады. Әрбір цикл кезінде құлақшалар мен қарыншалар бірде жиырылу — систола, бірде босаңсу — диастола күйінде болады. Жүрек циклі үш фазадан тұрады. Ол ересек адамда 0,8 секундқа созылады. Екі құлакшаның да систоласы — бірінші фаза — 0,1 секундқа созылады. Бұл кезде қарыншалар диастола күйінде болады. Екінші фаза — қарыншалардың систоласы 0,3 секундка созылады, бүл кезде құлақшаның диастоласы байқалады. Ұзақтығы 0,4 секундқа созылатын үшінші фаза - жүрек үзілісі (паузасы) деп аталады. Бұл кезде құлақшалар да, қарыншалар да диастола күйінде болады. Адамның бүкіл өмірі бойында насос секілді жұмыс атқара отырып, жүрек қанды қан тамырлары жүйесіне айдап отырады. Әрбір қарынша өзінің бір жолғы жиырылуында шамамен 70—80 мл қан айдап отырады. Бүл жүректің соғу көлемі. Адамның жүрегі 1 минутта шамамен 70-75 рет жиырылады. Қарыншалардың 1 минутта итеріп шығаратын қанының мөлшері жүректің минуттық көлемі деп аталады.

Жүрек неғұрлым жаттыққан болса, оның жиырылу күші мен соғу көлемі соғүрлым артады. Бұлшық ет жұмысы кезінде жүрек бұлшық еттерінің қанмен жабдықталуы жақсарады, бірак бұл жағдайда жүрек-тамыр жүйесінде кейбір функционалдық өзгерістер туатынын ұмытпау керек. Мәселен, дене еңбегі кезінде бұлшық еттердің қан тамырлары кеңейеді де, оларға қан көп келе бастайды. Бұл кезде құрсақ куысы мүшелеріндегі тамыр лар тарылады да, бұл мүшелердің қанмен жабдықталуы кемиді. Егер қарқынды бұлшық ет жұмысын, мысалы, жүгіруді немесе секіруді кенет тоқтатсақ, онда жүрек қан тапшылығын сезінуі мүмкін.

Спортшылардың жүрек-қан тамырлары жүйесінің ерекшеліктері. Спортта жүрек -қан тамырлар жүйесіне қойылатын талап өте жоғары, сол себептен өзіндік құрылымдық және қызметтік ерекш елік тері бар «спортшы жүрегінің» қалыптасуы физиологиялық құбылыс. Организмнің қызметтік мүмкіншілігінс сәйкес келмейтін шектен тыс жүктемелер орындаудан т.б. себептерден физиологиялық спорттық жұмыс қабілетін арттыратын өзгерістердің сырқаттық бағыт алып, сырқаттық «спортшы жүрегінің» кллыптасуы да мүмкін. Сондықтан жаттығу барысында жүрек-қан тамырлар жүйесін үнемі тексеріп отыру – дәрігерлік, дәрігерлік-ұстаздық бақылаулардың басты міндіттерінің бірі.

Жүйелі жаттығу барысында «спортшы жүрегінде» екі түрлі құрылымдық өзгерістер калыптасады: біріншісі — жүрек қуыстарының кеңеюі — дилятация, екіншісі — жүрек бұлшық еттерінің жуандауы — миокард гипертрофиясы . Бұл екі өзгеріс жүрек көлемінің үлкеюіне әкеліп соғады. Көлемі үлкен жүректің қызметтік мүмкіншілі жоғары болады.

Кардиодинамикалық және гемодинамикалық көрсеткіштер мен зерттеу әдістері. Жүрек қызметінің үнемділігі мен өнімділігін кардиодинамика (грек. кардио – жүрек, динамикос - күш) және гемодинамика (грек. хейма – қан+күш) көрсеткіштері сипаттайды. Кардиодинамикалық көрсеткіштер жүректегі, оның сол қарыншасындағы әр алуан қозғалыстық , күштік (механикалық) құбылыстарды — алма-кезек жиырылып, созылу кезеңдерінің ұзақтығын, ішкі қысымның өзгеру жылдамдығын, әр жиырылғанда қолқа тамырға итеріп шығаратын қан көлемінің мөлшерін т.б сипаттайды. Кардиодинамикалық көрсеткіштердің тыныштық жағдайдағы мөлшері мен олардың жаттығу барысында өзгеру бағыттарын, жүктемеден кейін қалыптасу жылдамдығын тексеру арқылы спортшы жүрегінің қаншалықты үнемді және өнімді жұмс істейтіні бағаланады.

Гемодинамика көрсеткіштері: жүректің соғу жиілігі, артериалық не күретамырлық қан қысымы, систолалық жәнс минөттік қан көлемдері.

Жүректің соғу жиілігі (ЖСЖ) пульс (лат. пульсус — түрткі, дүмпу). не тамыр соғу жиілігі (ТСЖ) дсп аталады. Тыныштық қалпында жүрек минөтіне 60—89 рет жиырылалы. Жүректің минөтіие 60 реттен сирек соғуын брадикардия (грек брадус — баяу, кардио — жүрек), 89 реттен жиілеуін тахикардия (грек. тахус — жылдамдық, кардио-жүр е к )  деп атайды.

Артериалық        қан        қысымын        3        көрсеткіш бейнелелейді:  жоғарғы  (систолдық),  төменгі  (диастолдық), пульстік.

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметіне жалпы шолу. Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.

Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.

Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:

  • қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;
  • диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.

Сыртқы тыныс жүйесінің көрсеткіштері және оларды анықтау.

Сыртқы тыныс жүйесінің негізгі көрсеткіштері: тыныс жиілігі (ТЖ), тыныс көлемі (ТК), өкпенің жалпы сыйымдылығы (ӨЖС) мен тіршілік сыйымдылығы (ӨТС), алмастырылған ауаның минөттік көлемі (МАК) мен оның шегі (ААШ), тыныс бұлшық еттерінің күші мен төзімділігі, кеңірдектің ауа өткізу жылдамдығы, өкпенің диффузиялық қаблеті. Өкпенің ауа алмастыруының минөттік көлемі деп 1 минөт ішінде өкпеден сыртқа шыққан ауа мөлшерін айтады.. Ол 1 минөттегі тыныс жиілігі мен тереңдігінің көбейтіндісі. Бұл және басқа қызметтік көрсеткіштер спирограмма бойынша анықталады. Ол үшін спирограф құралы қолданылады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) дегеніміз ең терең тыныс алудан кейін шығара алатын ауаның ең көп мөлшері. Ол ауаның тыныс алу, қосымша және резервтік көлемінен кұралады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы адамнын жасына, жынысына, тыныс алу типіне (кеуде, құрсақ, аралас), көкірек сарайы сүйектері мен бұлшық еттерінің жетілуіне байланысты.

Бейімдік дене шынықтыру мен спортта қызу жаттығулар кезінде жүрек-тамырлары мен тыныс алу жүйесінің жағдайын мұқият бағдарлап, дәрігерлік нұсқауларды бұлжытпай орындау - әр бапкердің міндеті, жаттығушы алдындағы азаматтық борышы.

Жүйке жүйесінің құрылысы мен атқаратын қызметін жалпы шолу. Жүйке жүйесі организмде көптеген қызмет атқарады. Оның қызметінің арқасында организмнің коршаған ортамен байланысы жүзеге асады.

Жүйке жүйе сінің қызметті келесі бағыттарда жүзеге асырылады:

1. Организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ету. Бұл қызметінің нәтижесінде организмде жүретін әртүрлі физикалық, физиологиялық, биохимиялық процестер сыртқы орта өзгерістеріне тез арада бейімделіп, өзінің тіршілігін сақтайды.

2.Организмнің барлық мүшелері мен мүшелер жүйесі арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, оның біртұтастығын сақтайды.

3.Организмдегі   психикалық   құбылыстардың,   процестердің (сөйлеу, ойлау, есте сақтау) материалды негізі (субстраты) қызметін атқарады.

Жүйке жүйесінің қызметінің негізгі - рефлекс (рефлекторлық түрде жүзеге асырылады ). Рефлекс деп сыртқы немесе ішкі ортаның тітіркендіргіштірінің әсеріне организмнің орталық нерв жүйесінің қатысуымен беретін жауабын айтады. Рефлекс туралы ұғымды алғаш физиологияға енгізген орыс ғалымы И.М. Сеченов болатын. Оны кейіннен И.П. Павлов тәжірибе жүзінде дәлдеді. Рефлекстің келесі түрлері болады:

Шартсыз рефлекстер  бұл, эволюция барысынды қалыптасқан және бекіген, туа пайда болған рефлекс. Олар түрлерге байланысты болады, басқаша айтқанда қандай да бір жануарлардың жекелеген түрлерінің барлығында болады. Оларға кірпік қағу, ему, жұтыну, жөтелу, түшкіру, қолды тартып алу және т.б. қорғаныс рефлекстері жатады.

Шартты рефлекстер жеке тұлғаның өмір үрдісінде қалыптасады. Шартты рефлекстер өзінің қалыптасуы үшін арнайы жағдайды талап етеді. Шартсыз рефлекстер тұрақты және өмір бойы сақталады, ал шартты рефлекстер өшуі мүмкін. Шартсыз рефлекстер өмірдің ерте кезеңдерінде ағзаның тіршілігін, ал шартты рефлекстер үнемі тұрақсыздықта болатын сыртқы ортаның жағдайына өмір бойы ағзаның бейімделуін қамтамасыз етеді. Шартты рефлекстер индифферентті (енжар) тітіркендіргіштер мен ертеде қалыптасқан шартты рефлекстердің байланысуы арқылы қалыптасады.

Жүйке жүйесінің функциональдық жағдайын зерттеу әдістері. Орталық  нерв жүйесін тексеру үшін қарапайым және күрделі электрофизиологиялық (ағзалардағы электр құбылыстарын тексеру) әдістер қолданылады.
Қарапайым әдістер: неврологиялық сауал, жүйкенің үйлестірушілік (коордииациялық) қызметін анықтау.

Күрделі        әдістер:        электроэнцефалография, ассоциативтік және корректуралық тексеру, реоэнцефалография, әрекет жылдамдығының жасырын кезеңі, қозудың электр тоғына сезімталдығы т.б.

Неврологиялық тексеру сауал коюдан басталады. Нерв жүйесінің күйін анықтауға бағытталған сауал неврологиялық анамнез (лат. анамнезис — сұрау) деп аталады. Неврологиялық сауалдың өзіндік ерекшеліктері бар.

Қозу және тежелу процестерінің күші, байсалдылығы, жылдамдылығы мінез-құлық ерекшеліктерімен қоса әр адамның жоғары нерв жүйесінің қызметінің түрін түзеді. И.П. Павлов жоғарғы нерв қызметінің 4 түрін анықтаған.

Бөлу негізінде үш негізгі көрсеткіш жатыр: қозу және тежелу үрдістерінің күші; осы үрдістердің тепе - теңдігі;олардың қозғалғыштығы. И.П. Павловтың жоғарғы нерв іс - әрекетінің жіктемесі ерте дәуірде өмір сүрген грек ғалымы Гиппократтың мінезділік, не темперамент топтарына сәйкес келеді.

1. Күшті, байсалды типі - нерв үрдістері өте қозғалғыш (сангвиник - жігерлі, өткір, қызу қанды адам).

2.Күшті, байсалды типі - бірақ нерв үрдістерінің қозғалғыш қаблеті төмен (флегматик – жігерлі, салқын қанды адам).

3.Күшті ұстамсыз типі - қозу үрдісі тежелуден басым, қозғалғыш қаблеті өте жоғары (холерик - қызба адам).

4.Әлсіз типі -  тежеу қозудан әлдеқайда басым түрі, нерв

жасушалары тез қажығыш (меланхолик - уайымшыл, жасық адам).

Жоғары        нерв        жүйесінің        қызметінің        түрі

спортшының        жұмыс        қабілетін,        спорттық        нәтижелерінің

тұрақталығын,        тағы        басқа        спортшыға        қажет        қасиеттерді

анықтайды.        Сондықтан        жоғарғы        нерв        қызметінің        түрін

ескеру жаттықтыру, жарысқа дайындау, тәрбиеле у жұмыстарының тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Жүйке-бұлшық ет жүйесін бұлшық еттер мен оларды қамтыған нерв ұштары – мотонейрондар (қимыл нейрондары) түзеді. Жүйке-бұлшық ет жүйесінің қызметтік күйін тексеру әдістері: сауал қою, сырттай көзбен бағдарлау, қолмен басып қарау (пальпация), бұлшық ет күші мен ширығуын (қаттылығын) өлшеу, бұлшық еттердегі электр құбылыстарын зерттеу (электромиография, хронаксиметрия, қимыл әрекеттерінің жылдамдығы).

Бұлшық ет тонусы. Адамның бұлшық еті ешқашан абсолютті толық босаңсыған күйде болмайды, тіпті толық тыныштық жағдайда да аздаған жиырылу күйінде болады. Бұлшық ет шиыршық атқан кезде, мұндай аздап жиырылған күйде болу, қозғалыс болмаған жағдайда, оны бұлшық еттің тонусы деп атайды. Әр түрлі жүйелер мен мүшелер қызметтері кезінде тонус маңызды орын алады. Мысалы, қан тамырларының бірыңғай салалы бұлшық еттерінің тонусы, тыныштық жағдайдағы гемодинамиканы ұстап тұруды қамтамасыз етеді, ал тамырлардағы тонустың күрт түсуі қан айналудың қатерлі бұзылыстарына әкелуі мүмкін.

Бұлшық еттің қажуы. Қажу  бұл ағзаның жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуімен, оның ішкі ортасы жағдайының өзгеруімен және шаршау сияқты субъективті сезімнің пайда болуымен бірге жүретін ерекше күйі. Ол ұзақ жұмыстан кейін немесе қысқа болса да, шамадан тыс жүктемелі жұмыстан кейін пайда болады.

1

...

Скачать:   txt (176.4 Kb)   pdf (360.5 Kb)   docx (94.9 Kb)  
Продолжить читать еще 53 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club