Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Геоинформатика пәніне кіріспе

Автор:   •  Декабрь 1, 2022  •  Лекция  •  550 Слов (3 Страниц)  •  436 Просмотры

Страница 1 из 3

Дәріс 1. Геоинформатика пәніне кіріспе

  1.  Геоинформатика пәніне және ГАЖ-ға кіріспе.
  2.  Геоинформатиканың негізгі ұғымдары қалыптасуы, басқа ғылымдармен қатынасы.

Дәрістің мақсаты: студенттерге Геоинформатика пәні мен ГАЖ туралы ақпарат беру. Геоинформатиканың негізгі ұғымдарының қалыптасуы және басқа ғылымдармен қатынасы мен даму тарихы жайлы ақпаратпен бөлісу.

Геоинформатика ғылымның қарқынды дамып келе жатқан саласы болып табылады. А.М. Берлянт, А.В. Кошкарев (1999), анықтамасы бойынша Геоинформатика (geoinformatics) бұл ғылыми негіздеу, геоақпараттық жүйелерді жобалау, құру, пайдалану және геоақпараттық технологияларды әзірлеу, қолданбалы аспект немесе практикалық және геоғылымдық мақсаттар үшін ГАЖ-ды қолдану бойынша, ғылым, технология және өндірістік қызмет болып табылады [1].

Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) -деректерді жинауды, сақтауды, өңдеуді, көрсетуді және таратуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ олардың негізінде кеңістікте үйлестірілген құбылыстар туралы жаңа ақпарат пен білім алуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер ретінде анықталды [2]. Яғни, ГАЖ-да  географиялық объектілер мен нақты ақпараттар деректері қорын қалыптастыруды, осы объектілерді және олардың өзара байланыстарын талдауды, картографиялық өнімдерді/ақпараттарды (карталар, атластар, профильдер, диаграммалар, графикалар) пайдалана отырып көрсетуді қамтамасыз ететін заманауи компьютерлік технология болып табылады.  Бұл заманауи технологияны білікті мамандардың басқаруымен жүзеге асады.

ГАЖ-ның пайда болуы мен дамуы келесі ғылыми пәндермен тікелей байланысты, олар: география, геодезия, картография, топография, информатика, математика, жерді қашықтықтан зондтау, фотограмметрия, статистика, басқару теориясы және т.б..

[pic 1]

Сурет 1. ГАЖ тұжырымдамасы

Геоинформатика саласы географиямен, картографиямен және қашықтықтан зондтаумен тікелей байланысты, сонымен қатар фотограмметрия мен топографияға, геология, геодезия, топырақтану, орман шаруашылығы, гидрология, экономика, биология және т. б. ғылымдармен байланысады. Геоинформатика картография және  қашықтықтан зондтаудың программалау тілі мен әдістерін қолданады, және  оларды жаңа технологиялық даму деңгейінде геожүйе (геосистема) туралы сандық және сапалық ақпаратты сақтайтын кестелер мен мәліметтер базалары бар бір жүйеге біріктірілген электрондық цифрлық карталар тіліне түрлендіреді (сурет 1) [3].

...

Скачать:   txt (7.9 Kb)   pdf (346 Kb)   docx (217.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club