Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ТМД-ның су қорлары мен су теңдестігі. Жердің су қорлары мен дүниежүзілік су теңдестігі

Автор:   •  Декабрь 18, 2021  •  Лекция  •  553 Слов (3 Страниц)  •  502 Просмотры

Страница 1 из 3

15 – дәріс.

Тақырыбы: ТМД-ның су қорлары мен су теңдестігі. Жердің су қорлары мен дүниежүзілік су теңдестігі.

Біздің еліміздегі су теңдестігі элементтеріне - өзен ағындысына, жер асты суларына, жауын-шашын мен булануға – Ұлы Отан Соғысынан кейінгі жылдарда баса назар аударыла бастады. Бұл уақытта көлемді гидрометеорологиялық станциялар мен бекеттер желісі дами бастады, 30-жылдары мамандандырылған ағынды станциялары, яғни мәні жағынан су теңдестігінің зертханалары ашыла бастады.

1931-1940 жылдар аралығында жер беті және жер асты сулары, сонымен қатар, жауын-шашын, қар жамылғысы, булану жөніндегі мәліметтерден тұратын КСРО-ның ең алғашқы Су кадастры құрастырылды.

1927 жылы Кочерин 34 тұстамадағы ағынды мәліметтері бойынша ең алғашқы ағынды картасын жасап шықты. 1937 жылы Зайков пен Белинков КСРО-ның европалық бөлігіндегі өзендердің орташа жылдық ағындысы картасын жасады. 1962 жылы Воскресенский түгелдей КСРО аумағының орташа жылдық ағындысы картасын жасап шықты.

1966 жылы МГИ, ММУ және ВСЕГИНГЕО бірігіп жасаған жұмыстарының нәтижесінде 1:2 500 000 масштабындағы КСРО-ның жер асты ағындысының шолу картасы жарыққа шықты.

Біздің еліміздің аумағы бойынша «Х» жылдық нормаларының ең алғашқы картасы академик Вильдтің (1900 ж.) жауын-шашын картасы болып табылады. 1967 жылы түзетілген жауын-шашын мәндерінің жылдық нормасының картасы жарияланды.

1923 жылы КСРО-ның европалық бөлігінің қар жамылғысына жүргізілген бақылаулар нәтижелері жарыққа шықты. 1946 жылы МГИ-нда даярланған 1892-1944 жылдар аралығындағы КСРО-ның европалық бөлігінің максималды қар қорлары Атласы басылып шықты. Кейінірек, қар жамылғысының әртүрлі сипаттамаларының (қардағы судың максималды қоры және қар жамылғысының биіктігі, қар жамылығысының тұрақтану датасы, еру датасы және т.б.) өңірлік карталары жасалды.

Өзен алаптары бетінен буланудың жылдық нормалары жауын-шашын мен ағынды айырмашылығы бойынша әртүрлі авторлар арқылы әрқалай есептелді. Сонымен, осы әдістеме бойынша есептелген КСРО аумағының булану карталары 1940 жылы және 1950 жылы (Кузин), МГИ карталары 1967 жылы және 1977 жылы жарық көрді. МГО-да Будыко формуласы бойынша есептелген КСРО аумағы бетінен булану карталары жасалды.

Су теңдестігі элементтерін зерттеу және олардың орташа көпжылдық мәндерін картаға түсіру нәтижесінде түгелдей КСРО аумағының су теңдестігін бағалауға мүмкіндік туды.

1948 жылы Троицкий КСРО аумағындағы жауын-шашын, ағынды және буланудың жылдық нормалары карталарын пайдалана отырып, су теңдестігі элементтерінің қатынасына негізделген біздің еліміздің гидрологиялық аудандастыру картасын жасап шықты. Сондай-ақ ол КСРО аумағы үшін су теңдестігі элементерінің орташа мәндерін де есептеп шықты.

1967 жылы МГИ-де «Кеңестер Одағы аумағының су қорлары мен су теңдестігі» жарық көрді. Бұл еңбекте түгелдей КСРО, одақтық республикалар, экономикалық аудандар, әкімшілік өлкелер мен облыстар, автономиялық республикалар, сондай-ақ шеткі және ішкі теңіздер алаптарының су теңдестігі элементтерінің сандық мәндері келтірілген. Бұл ауқымды еңбекте бір-бірімен байланысқан түзетілген жауын-шашын, ағынды және булану нормаларының жаңа картасы орын алған. Мұнда сондай-ақ, агротехникалық және орман техникалық шаралар әсерінен әкімшілік облыстардағы, КСРО-ның далалы және орманды-далалы аудандарындағы жергілікті ағындының 1990 жылға дейінгі күтілетін мүмкін өзгерістері бағаланған.

...

Скачать:   txt (7.9 Kb)   pdf (63.3 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club