Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дүниежүзілік мұхиттардың экологиялық проблемалары. Қазақстаның су ресурстары

Автор:   •  Август 6, 2021  •  Лекция  •  1,458 Слов (6 Страниц)  •  586 Просмотры

Страница 1 из 6

«Диана» медицина колледжі»

 мекемесі

[pic 1]

Учреждение

«Медицинский колледж «Диана»

Сапа менеджмент жүйесі

Ф МКД ПП/12-04

«Экология және тұрақты даму» пәнінен дәріс кешені

ДӘРІС №3. Дүниежүзілік мұхиттардың экологиялық проблемалары. Қазақстаның  су ресурстары.

ТАҚЫРЫБЫ:. Дүниежүзілік мұхиттардың экологиялық проблемалары. Қазақстаның  су ресурстары.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

  1. Мұхит
  2. Мұхиттану 
  3. Мұхит ластануы
  4. Мұхитты зерттеу жəне оны қорғау
  5. Қазақстанның су ресурстары

Мұхит (Әлемдік мұхит) — гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos — мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).

Жер шарында төрт мұхит бар: ТынықАтлантҮнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.

Мұхиттану океанология – Дүниежүзілік мұхиттағы табиғи процестерді зерттейтін ғылым. Мұхиттану Дүниежүзілік мұхитты гидросфераның бір бөлігі ретінде әрі физиялық, химиялық, геологиялық, биологиялық т.б. процестер бір-бірімен өзара күрделі байланыста өтіп жататын атмосфераменлитосфераменқұрылықтық ағын сулармен әрекеттесетін біртұтас планетааралық табиғи нысан ретінде қарастырады. Мұхиттанудың басты мәселесі – мұхит табиғаты заңдылықтарының біртұтастығын анықтау. Оны танудың методол. негізі – мұхит суындағы, сондай-ақ сулар мен оларға шектесіп жатқан орта арасындағы трансформацияныэнергия және зат алмасуды зерттейді. Мұхиттану судың тереңдігін, температурасын, тұздылығын, ағысын, толқынын, түсін және мөлдірлігін, мұхит суы құрамындағы химиялық заттар мен олардың қосылыстарының мөлшерін, әр түрлі биологиялық және басқа да көрсеткіштерді өлшеудің нақты мәліметтеріне, физиканыңматематиканыңхимияныңбиологияның теориялық тұжырымдарына сүйенеді, жүйелі талдау әдісін қолданады, электронды-есептеу техникасын пайдаланады. Мұхиттанудың маңызды қолданбалы мәселесі – халық шаруашылығының теңіздік салаларын ғылымның соңғы жетістіктерімен қамтамасыз ету, мұхиттың астында және үстінде жүзетін кемелердің қауіпсіздігіне кепілдік беру, судың және мұхит түбінің биологиялық шикізат қорларын пайдалану, ауа райын болжауды жетілдірудің әдістері, т.б. Мұхиттану бірнеше бағытты біріктіретін кешенді ғылым, оның әрқайсысы мұхит табиғатының белгілі бір құбылыстарын зерттейді.

Мұхит пен теңіз суларындағы физикалық процестерді мұхит пен атмосфераның өзара әсерлесу заңдылықтарын қарастырады. Химиялық мұхиттану (мұхит химиясы) Дүниежүзілік мұхит суының химиялық қасиетін, құрамын, физикалық-химиялық процестерін зерттейді. Мұхит геологиясы (теңіз геологиясы) Дүниежүзілік мұхит түбі мен қойнауындағы өтетін геологиялық, геофизикалық, геохимиялық процестерді және сонымен байланысты мұхит пен теңіздегі кен байлықтарының пайда болуының заңдылықтарын, мұхит пен теңіздің жағалық белдемінің геологиясы мен геоморфологиясын зерттейді. биологиялық Мұхиттану (мұхит биологиясы) мұхит пен теңіздің жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, онда өтетін биологиялық процестерді қарастырады.

...

Скачать:   txt (17.5 Kb)   pdf (137.8 Kb)   docx (29.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club