Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Оқушылардың даму физиологиясы» пәнінің рөлі. Оқушылардың өсу мен дамуының жалпы заңдылықтары

Автор:   •  Июнь 16, 2018  •  Лекция  •  1,808 Слов (8 Страниц)  •  12,195 Просмотры

Страница 1 из 8

№ 1 ДӘРІС  

 «Оқушылардың даму физиологиясы» пәнінің рөлі. Оқушылардың өсу мен дамуының жалпы заңдылықтары»

    Анатомия мен физиология ғылымдары. Бұл ғылым адам мен жануарлар организмдерінің, олардың функциялық жүйелері мен жеке мүшелерінің, ұлпаларының құрылысын, қызметін, дамуын, тірі организмдердің сыртқы ортамен қарым-қатынас заңдылықтарын және организмді құрастырушы барлық құрылымдарды (мүшелер, тканьдер, жасушалар) жеке функциялық жүйелер ретінде қарастырып, олардын өзара байланыстарын, ықпалын зерттейді. Анатомия мен физиология бір-бірімен және медицина, гистология, цитология, психология, физика, химия ғылымдарымен тығыз байланысты болғандықтан бүлардың және олардан тараған биофизика, биохимия, молекулалық биология, бионика, эмбриология т. б. жетістіктері мен зерттеу әдістерін кеңінен пайдаланады. Физиология педагогика ғылымымен де байланысты, себебі педагогика жоғары нерв әрекетінің заңдарына сүйене отырып оқу-тәрбие жүмыстарың ғылыми негізде іске асырады. Анатомия мен физиология материалистік көз-қарасты дәлелдеуге қажетті деректермен философияны қамтамасыз етеді.

Организмнің функциясы тұралы алғашкы деректер ауруды емдеуге, аңдар мен малды союға байланысты ерте заманда қалыптаса бастағанымен физиология ғылымы жеке болмаған. Ол медицина, анатомия ғылымда­рымен катар дамып, тек XVI—XVII ғасырларда жеке ғылым саласы болып бөлінген. Ауруды дұрыс емдеу үшін организмнің қалыпты қызметін білу керек. Сондықтан көне Греция мен Римдегі тәуіптер, дәрігерлер адам организмнің  құрылысына қоса қызметін зерттей бастаған. Дегенмен, «тек қана 1628 жылы ағылшын ға­лымы Вильям Гарвей организмнің негізгі  қызметінің бірі - қан айналысын бақылап, сол арқылы жануарлар функциясы тұралы адам білімінің алғашкы жаңа негізін қалады» (И. П. Павлов, толық жинак, VI т., 425 б., М.-Л., 1952), В. Гарвейдің қан айналысын табуы алғаш рет вивисекция немесе тірідей тілу әдісін пайдалануға байланысты мумкін болды.

XVII ғасырда француз фи­лософы Р. Декарт (1596-1650) физиологиядағы орга­низм кызметінің рефлекторлы принципін негіздеу арқылы бұл ғылымның дамуына ат салысты. Орыс ғалымдары М. В. Ломоносов, И, М. Сеченов, И. П. Павлов және олардын, әріптестері мен шәкрттері өз үлестерін қосып, бурынғы Совет елінде К. М. Быков, В. Н. Черниговский, Э. А. Асратян, Л. Г. Воронин, И. С. Беритов, В. В. Парин, О. Г. Газенко, П. Т. Костюк, А. М. Уголев т. б. көптеген ғ алымдар физиологияны  дамытты. Адам  анатомиясының шын дамуы XVI ғасырда А. Везалий (1514-1564) еңбектерінен басталды. Онын «Адам денесінің фабрикасы» - атты еңбегінде анатомия мен физиологиялық  мәліметтері қатар берілген.

Гигиена гылымы (гигея - емдеуші, денсаулық әкелуші). Гигиена адам денсаулығына қажетті сыртқы ортаның жағдайларың және аурудың алдын алуға бағытталған шараларды зерттейтін ғылым. Адам денсаулығы табиғи және әлеуметтіқ-экономиқалық әсерлерге байланысты қалыптасады, сондықтан гигиена ғылымы оған  қажетті түрлі сауықтандыру жұмыстарын үйымдастырып, оларды жүзеге асырып, бақылайды. Халық денсаулығы әлеуметтік  мақсат болғандықтан табиғатты қорғау және табиғи қорларды пайдалануды - жөнге келтіру, денсаулық сақтауға қажетті мөлшерлерді анықтап, оны іске қосу мәселелерін гигиена ғылымы шешеді.

Гигиеналық құрылыстар ертеден бері салынып келеді. Мысалы  Новгород қаласында XI ғасырда салынған су құмыраларының қалдығы,  Қазақстан жеріндегі біздің көне қаламыз Отырардың орнынан қыштан жасалған су қүмыралары мен су ағатын құбырлардың қалдығы  табылып отыр. Ең алғашқы гигиеналық құрылыстар — моншалар, басқа жуыну орындары көпшілік елдерде ерте заманнан бері пайдаланылып келеді. Дененің тазалығын сақтауға байланысты нұсқаулар діни кітаптарға да енгізілген.

1737 жылы Ресейде I Петр Патша­ның жарлырымен қалаларда санитарлық бақылау жұмыстары қолға алынып, тазалық тәртібі тұралы алғашқы нұсқаулар шығарылған. Орыс елінің гигиена ғылы-мындағы жетістіктері іске қосуда ғалым М. В. Ломоносовтың «Рассуждение о размножении и сокращении российского народа» атты еңбегінің орыны ерекше. XVIII-XIX ғасырларда орыс гигиенистері дәрігерлер М.Я.Мудров (1776-1881), А. П. Доброславин (1842- 1889);  Ф.Ф. Эрисман (1842 - 1915) т.б. қосқан улестері мол. Олар халық арасына санитариялық білім таратуға, ғылыми зерттеулердің нәтижесін іске қосуға, қараңғы артта  қалған орыс халқына мәдениет тарату  үшін көп еңбек  сіңірген.

...

Скачать:   txt (25 Kb)   pdf (228.6 Kb)   docx (18.3 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club