Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы мәдениеті мен ғылымының дамуы
Автор: Аяулым Рахман • Ноябрь 22, 2025 • Реферат • 2,044 Слов (9 Страниц) • 36 Просмотры
Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы мәдениеті мен ғылымының дамуы (1946-1965жж.).
1940-жылдардың соңы мен 1950-жылдардың басында көркем өнер мен әдебиетке саяси бақылау күшейді. Партия көптеген қаулылар қабылдап, жазушыларды, композиторларды, театр мен кино қызметкерлерін негізсіз сынады. Кейін, 1958 жылы ғана Қазақстан КП ОК бұл кезеңде мәдениетке тым қатал, әділетсіз талаптар қойылғанын мойындады. Бірақ сонда да партия шығармашылықты бұйрық арқылы басқару дұрыс деп есептеді.Кеңес өкіметі барлық халықтарға бірдей идеологиялық үлгі ұсынды: «мазмұны – социалистік, формасы – ұлттық». Осы саясаттың салдарынан көптеген халықтар өз ұлттық болмысынан алыстап, «кеңес халқы» деген ортақ түсінікке сіңе бастады. Кей жерлерде ана тілін жоғалту да байқалды. Ұлттық ерекшеліктерді күштеп біркелкілендіру мәдени өзгешелікті әлсіретті. Сол кезде ұлттық мұра көбіне тек сыртқы форма түрінде – киім, би, ән арқылы ғана сақталды. Себебі билік әлемге интернационализм «жетістіктерін» көрсетуге тырысты, ал терең рухани мазмұн ескерілмей қалды.
Композиторларға шынайы өмірді терең бейнелемей, тек үстірт көрсету және симфониялық музыкада замандастардың бейнесін жеткізбеу сын ескертілді. Мысалы, 1948 жылы Е. Брусиловскийдің фортепиано мен оркестрге жазған концерті сынға ұшырап, 10 жыл бойы орындалмай қалды.Соғыстан кейінгі жылдары композиторлар көбіне программалық, патриоттық бағыттағы музыкаға көңіл бөлді. Олардың шығармалары халыққа бірден түсінікті болуы тиіс деп есептелді. Мысалы:Бұл жылдары шығармаларда күнделікті өмірге, патриоттық тақырыптарға, марштарға және отаны туралы әндерге басымдық берілді. Республикада музыка мәдениетін дамыту үшін симфониялық оркестрлер, хорлар, ән-би ансамбльдері сияқты тұрақты ұжымдар құрылды. Бұл симфониялық және хор музыкасының дамуына мүмкіндік берді. Жалпы, ұлттық мәдениетті дамыту процесі жүрді, бірақ ол толықтай социалистік идеологияға бағынышты болды. Халық мәдениетінің шынайы жағдайы тоталитарлық бақылауда қалды, ал мәдениет мазмұны социалистік көзқарастарға сәйкес қалыптастырылды.
1946 жылы 1 маусымда Қазақстан КСР Ғылым академиясының (ҚазКСР ҒА) алғашқы ғылыми академиясы салтанатты түрде ашылып, алғашқы президенті ретінде Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. Академияның алғашқы құрамында 14 академик пен 16 корреспондент-мүшесі болды. Академия жанынан төрт бөлімше құрылды: геология-география, техника және химия-технология, физика-математика, биология және медицина, сондай-ақ қоғамдық ғылымдар. Белгіленген секторлар мен обсерваториялар арқылы 900 адамдық ғылыми ұжым жұмыс істеді.Соғыстан кейінгі жылдары геология ғылымы ерекше дамыды. 1950-жылдардың соңында Қазақ КСР Ғылым академиясы жүйесінде 50 ғылыми-зерттеу мекемесі жұмыс істеді. Оның құрамында 19 институт, 13 сектор, 2 мұражай, обсерватория, 3 ботаникалық бақ және 8 ғылыми база болды. Сонымен қатар 500-ге жуық аспирант білім алып, ғылыми-техникалық прогреске үлес қосты.К.И. Сәтбаев Жезқазған мыс кен алабы мен басқа да кен орындарын ашуға, олардың болжау карталарын жасауға үлкен үлес қосты. Геологияда металлогения ғылымы дамып, пайдалы кен орындарының таралуы алдын ала анықталатын болды. Сонымен бірге астрономия саласында да маңызды қадамдар жасалды: 1941 жылы күннің толық тұтылуын бақылау үшін экспедициялар ұйымдастырылды, 1942 жылы Алматыда Астрономия және Физика институты ашылды. Алайда тоқырау жылдары қоғамдық ғылымдар қатты зардап шекті. Ғылыми еңбектерді бағалау және ғылыми атақ беру Мәскеудің қолында болды. Жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан ғалымдардың саны шектелді. Қазақстан тарихы бұрмаланып, тарихшылар негізінен кеңестік кезеңнің жетістіктерін ғана зерттеуге міндеттелді. Тәуелсіздік үшін күрескен қайраткерлер «буржуазияшыл-ұлтшыл» деп бағаланды. Кеңес билігінің ауыр қателіктерін ашатын зерттеулер жүргізуге тыйым салынды.
...