Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Геоақпарат ғылымының ТМД мен Қазақстанда даму тарихы мен деңгейі. Геоақпарат ғылымының картография мен жəне информатикамен байланысы

Автор:   •  Декабрь 2, 2022  •  Реферат  •  4,798 Слов (20 Страниц)  •  288 Просмотры

Страница 1 из 20

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі  

       әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

       География және табиғатты пайдалану факультеті

Картография және геоинформатика кафедрасы

[pic 1]

                   РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Геоақпарат ғылымының ТМД мен Қазақстанда даму тарихы мен деңгейі. Геоақпарат ғылымының картография мен жəне информатикамен байланысы.

                                                                  Орындаған:

                                                                             Қабылдаған:

                                                                             Мамандығы:

ЖОСПАРЫ:

І. Кіріспе бөлім ..............................................................................................................................3

II. Негiзгi бөлім :

II.І. ГАЖ-дың тарихи даму кезеңдері ...................................................................................4

II.II. ГАЖ-дың құрылымы..........................................................................................................5

II.III. Қазақстандағы ГАЖ-дың даму деңгейі......................................................................5

II.IV. ГАЖ-дың карта құрастырудағы рөлі .........................................................................6

II.V. ГАЖ-дың картографиямен байланысы. Зерттелетін аймақтың картасын құрастыру........................................................................................................................................8

II.IV. ГАЖ-дың информатикамен байланысы ..................................................................11

III. Қорытынды бөлiм .................................................................................................................12

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi ..........................................................................................13

КIРIСПЕ

ГАЖ (Геоақпараттық жүйелер) - жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар жүйелер теориясын біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды. Геоақпараттық жуйе дегеніміз - табиғи және әлеуметтік экономикалық геожүйелерді, олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкiсi негiзiнде компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым. Географиялық ақпараттық жүйе кеңістік базасының құрастырушысы және әркелкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктурідің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді кабылдаудың басты элементі болып саналады. Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды,қоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда. Бұл технология негiзгi уш релді атқарады - геоақпараттық косымшалар ушiн колданбалы технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер базасындаға әр түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ретінде. ГАЖ-дың технологиялық ортасы басқару шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау көрсетеді. ГАЖ - бұл кеңістік үйлестіруші деректерді жинауды сақтауда, еңдеудi, кiрудi, бейнелеуді және таратуда қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. Геоақпараттық жүйелердің анықтамалары көп, накты айтканда - бұл аймақтық деректерді жинау,сақтау, өңдеу,сараптау және шығаруға арналған компьютерлiк жуйелер.

ГАЖ-дың тарихы

Алғашқы кезең (1950 – 1970 ж.ж.)

Бұл кезең ГАЖ-дың тубегейлі мүмкіндіктерін зерттеуге негізделді. Алғашқы кезеңнің жетістіктеріне мыналар жатады: # Жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылды. Электронды есептеуіш машиналардың (ЭЕМ) 1950-ші жылдары пайда болды. Плоттерлердің және графикалық дисплейлердің 1960-шы жылдары пайда болуы. Программалы алгоритмдерді және плоттерлердiң көмегiмен дисплейлердегi информацияның графикалық түрде көрсету прцедурасын ойлап табу. Кеңістіктегі зерттеу жұмыстарының формалды әдістерін ойлап табу. Базалық мәліметтерді бақылауға арналған бағдарламалардың пайда болуы.

...

Скачать:   txt (42.7 Kb)   pdf (127 Kb)   docx (784 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club