Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Топырақтың адам үшін маңызы

Автор:   •  Ноябрь 26, 2021  •  Реферат  •  3,323 Слов (14 Страниц)  •  838 Просмотры

Страница 1 из 14

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Топырақтың адам үшін маңызы

[pic 1]

Орындаған:

Жетекшісі:

Мазмұны

Аннотация

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Топырақ дегеніміз не?Оның түрлері

2.2 Топырақты қорғау шаралары.Мелиорациялау

ІІІ.Практикалық бөлімі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Аңдатпа

«топырақтың адам өміріндегі маңызы» атты жобада топырақ құнарлығының негізгі көрсеткіштеріне көңіл бөлініп, экологиялық дағдарысты реттеу мен табиғатты қорғау мәселелеріне көңіл бөлініп, арнаулы тәсілдерді пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген. Сонымен қатар топырақтың климат жағдайларына байланысты ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне сай топырақ құнарлығын бейімдеу ойластырылып, оны өндіріске ұсыну қарастырылған.

Аннотация

План с названием «роль почвы в жизни человека». В этом проекте указаны основные показатели плодорности почвы,методы использования в условиям экологических кризисов и упорядочены проблемы защиты природы. А так же в связи с климатическими условиями почвы указаны биологические  особенности  сельскохозяйственных культур и внедрение их в  производство.

Annotation

The plan with the name " the role of soil in human life

". In this project the main indicators of a plodornost of the soil, use methods in conditions of ecological crises are specified and problems of protection of the nature are ordered. And also in connection with climatic conditions of the soil biological features of crops and their introduction in production are specified.

Ғылыми жобаның мақсаты: Топырақтың шаруашылықтағы рөлін арттыру мәселесін қарастыру.

Міндеті:

 1.Адамзаттың топырақты тиімді пайдалана білуі.

2.Топырақтың адамзат қоғамының басқа да тіршілік салалары үшін маңызын білу.

 3.Топырақ мелиорациясы мен оны тиімді пайдалану мәселелерімен танысу

Жұмыстың өзектілігі: Адамзаттың топырақты игеруі, оны егіншілікке пайдалана білуі және топырақтың пайдалы қазбаларды іздеудегі маңызы, топырақтың түрлеріне байланысты олардың құнарлығының әртүрлі болуын қарастыру

Жаңалығы: 1.Топырақ көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізген кезде, олардың бұрынғы табиғи қасиеттерінің көбі өзгеріп, жаңа мәдениеттенген сапалы топыраққа айналды. Бірақ адамзат қоғамының топыраққа әсер еткен әрекеттерінің барлығы топырақ құнарлылығын арттыра бермейді.

2. Топырақтың химиялық ластануы топыраққа тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттардың жиналуынан болады.1 м3 топырақ 6 кг-ға жуық түрлі химиялық заттарды сіңіреді екен. Міне, осындай қарқынды ластанған топырақтың табиғи түрге тазалануының өзі мүмкін емес.

Кіріспе

   Табиғаттың бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, бәрі шындық, адасу мен жаңылысу тек қана адамда болады.

                                                                                                                      Гете.

Ерте заманнан бері ата-бабаларымыздың түсінігінде жер – қазына, су –алтын, мол байлық  деп келген. Сондықтан да, қазақ халқы ұғымында «Табиғат пен туған жер» деген сөздер мағыналы. «Туған жердің топырағы да киелі», «Жері байдың елі бай», «Қара жер қарыз арқалайды», «Тозған жерде тоқшылық болмайды», «Күте білсең жер жомарт» деген ұлағатты сөздері арқылы жердің, топырақтың халықмыздың тіршілігінде маңызды орын алатының көруге болады. Жердің қазақ халқы үшін ғана емес, барлық жер бетіндегі адамзат қоғамы, жануарлар үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы адамдар жабайы өсімдіктермен көректеніп, мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Бүгінгі таңда адамзат өмірінде қаншалықты жаңалықтар: машина жасау, компьютерлендіру болып жатса датопырақ - асырашу ана, күш-қуаттың қайнар көзі, тіршіліктің тірегі болып қала береді. Әдебиеттердегі түсінік бойынша топырақ – жер бетінің майда ұнақталған құнарлы қабаты, тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаттары мен қасиеттері бар ерекше құрылым (әдебиет). Адамзаттың бүкіл өмірі топырақпен байланысты. Топырақ – өзі тіршілік туындысы бола тұрып, сол тіршіліктің дамуына қолайлы орта, сондықтан да жер бетіндегі тіршіліктің өмір сүруі топырақтың құнарлығымен тікелей байланысты. Ал бүгінгі таңда топырақтың құнарлығы төмендеп бара жатыр, бұл үлкен экологиялық апаттарға әкелуі мүмкін.Сондықтан мен осы жобаны терең зерттеуге,оны қалай қорғауға болатынын қарастыруға шешім қабылдадым.

...

Скачать:   txt (45.1 Kb)   pdf (260.3 Kb)   docx (101.2 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club