Геморрагиялық қабынудың тұтас мүшелері мен қуысты мүшелердегі морфологиялық сипаты, ерекшеліктері, ақыры және организм үшін маңызы
Автор: ShyngysKenta • Ноябрь 27, 2022 • Реферат • 3,787 Слов (16 Страниц) • 442 Просмотры
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»
«ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ
«БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК» КАФЕДРАСЫ
[pic 1]
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Геморрагиялық қабынудың тұтас мүшелері мен қуысты мүшелердегі морфологиялық сипаты, ерекшеліктері, ақыры және организм үшін маңызы.
Орындаған: «Ветеринариялық санитария»
мамандығы 4 курс 416- топ студенті Кентаев Ш.
Тексерген: Ибажанова А.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қабынудың себептері.
2.2 Қабынудың клиникалық белгілері. Жіктелуі
2.3 Альтеративтік, Экссудативтік- инфильтративтік, Пролиферативтік қабыну.
2.4 Геморрагиялық (қанталап) қабыну.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
I.Кіріспе
Қабыну туралы ілімнің әрбір сатысында осы ұғымға алуан түрлі анықтамалар беріліп келеді. Соның ішінде негізгі үш анықтамаға тоқталып кетуге болады: бейнелеу (немесе сиптоматикалық), түсіндірме және аралас. Бейнелеуге, мәселен, Pubbert (1908) анықтамасын жатқызуға болады. Оның пікірінше, қабыну экссудативтік және пролиферативтік процестердің жиынтығы болып саналады. Schwabbe (1911) қабынуды қан айналысының бұзылу процесі, дегенерация және регенерация құбылысы ретінде қарастырады. Ал, Lubarsch (1921) қабынуды үш процестің – дистрофияның, экссудацияның және пролиферацияның біртұтас көрінісі түріндегі зиянды әсерге реакциясы ретінде анықтама береді.
И. И. Мечников қабынудың қорғаныш сипатын ашқаннан кейін қабынуға анықтама беруде көбінесе функционалдық сипат басым болып, оны ғалымдар тереңірек түсіндіруге ұмтылды.
Қабынуды түсіндірудің аралас бағытына Marschand (1924) анықтамасын үлгі етіп алуға болады. Оның пікірінше, қабыну – қабындыру агенттерінің әсерінен пайда болатын, тамырлар мен тканьдер тарапындағы бірқатар жеке-дара процестер, әрі соны жоюға әрекет етушілік.
Қабыну ұғымына алуан түрлі көзқарас бола тұрса да, көпшілік анықтамалардағы бір ескерілмеген жайт – қабынуды тек жеке-дара процесс ретінде қарастыруы. Қабыну жөніндегі қазіргі көзқарас бойынша, оны жеке-дара процесс ретінде де, сондай-ақ жекедара процестің жалпы процеспен өзара байланысы ретінде де қарастыру қажет.
Қабыну ең көп тараған патологиялық процестердің біріне жатады. Көптеген аурулардың клиникалық белгілері алуан түрлі болатындығына қарамастан, олардың бірден-бір патологиялық процесі – қабыну негізге алынады. Мәселен, соқырішек, эндокардит, стоматит, гастрит т. б. дәл осылай. «Қабыну» термині (латынша inflammatio – оталу, тұтану) көне заманнан белгілі. Оны температурасы көтерілетін кез келген ауруға белгіледі. Қабыну – бұл организмнің зиянды агенттерге деген күрделі реакциясы. Ол тамырткань өзгерістерінің функционалдық және құрылымдық өзгерістерінің жиынтығы түрінде байқалады. Қабынудың дамуы тұтастай организмнің реактивтілігіне тығыз байланысты.
Қабыну – қантамырларының, дәнекер тканьдердің және нерв жүйелерінің жеке-дара зақымдану реакциясы (Адо А.Д.).
Қабынуға өзара байланысты құбылыстардың күрделі тізбегі тән. Сондықтан мұндағы мақсат – осы процестің мазмұнын айқындап, мәнін түсіндіруде.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қабынудың себептері.
Қабыну себептері алуан түрлі. Қабыну көбінесе әр түрлі ауру тудыратын экзогендік факторлардың әрекетінен пайда болады. Бұл факторларға мыналар жатады:
...