Тін тіршіліктің құрылымдық бірлігі ретінде. Анықтамасы Жіктелуі. Гистологияның медицина үшін маңызы
Автор: Kuat_2003 • Январь 4, 2022 • Реферат • 1,521 Слов (7 Страниц) • 568 Просмотры
2,Тін тіршіліктің құрылымдық бірлігі ретінде. Анықтамасы Жіктелуі. Гистологияның медицина үшін маңызы.
Тін- құрылысы мен қызметі ұқсас жасушалардың және олардың туындыларының жинынтығынан тұратын жүйе. Тіннің негізін жасушалар мен жасуша аралық заттар құрайды. Жасушалар мен жасуша аралық заттардың ерекшеліктеріне байланысты ұлпалар әртүрлі топқа жіктеледі. Адам ағзасында 4 тіндік жүйе бар: 1-жабын тіні, 2-ішкі орта тіндері, 3-бұлщық еттік тін, 4- жүйкелік тін, 5-дәнекер тіні.
Ұлпалар қызметі ұқсас жасушалардан құралғандықтан, топ болып белгілі бір қызметтерге жауап береді. Сондықтан тіршіліктің құрылымдық бірлігі ретінде қарастырамыз. Эпителий тіні дененің сыртын, ішкі мүшелердің шырышты қабатын қаптайды және бездерді құрайды. Сол арқылы зат алмасу, сыртқы әсерлерден қорғау, секреторлық қызмет атқарады. Ішкі орта тіндеріне қан мен лимфа жатады. Олар тыныс алу, қоректік заттарды тасымалдау, қорғаныш және барлық мүшелерді байланыстыру қызметтерін атқарады. Бұлшық ет тіндері дененің қимыл қозғалысы, жүрек пен ішкі ағзалардың әрекетін қамтамасыз етеді. Жүйке тіні жүйке жүйесін құрайды. Дәнекер тіні сүйек пен сүйек туындыларын қалыптастырады.
Барлық мүшелер мен жүйелер әртүрлі тіндерден тұратындықтан ағзаданың қалыпты жағдайы мен өзгерістері тіндерге байланысты. Сондықтан медицинада ең алдымен тіндерді білу өте маңызды. Тіндер құрамын және құрылысын зерттеу медицинада ағзаның күйін сипаттауға мүмкіндік береді.
3. Эпителиалдық тіндер. Морфофункционалдық сипаттамасы. Жіктелуі (морфофункционалдық және генетикалық).
Эпителий тіні сыртқы және ішкі ортаның шекарасында орналасқан, организмде бездерді құрайтын тін. Негізінен дененің бетін жабу, ішкі мүшелердің қабырғасын құрау, сыртқы ортадан бөлу және зат алмасу қызметтерін атқарады. Сонымен қоса секреторлық қызметіде бар. Эпителий тіндері жабын және безді болып екіге бөлінеді. Жабын дене мен ішкі мүшелерті жауып оларды химиялық, механикалық, инфекциялық зақымдалудан сақтайды. Безді эпителий көптеген бездерді құрап, секрет түзу мен шығаруға жауапты.
Эпителийдің негізгі жасушасы эпителиоциттер. Жасуша аралық заты аз және жасушалары тығыз орналасады. Аралық затта күрделі нәруыздар(гликопротейндер мен протеогликандар) мен көмірсулар(гликозаминогликандар) болады. Жасушалар десмосомалық, тығыз, аралық және саңылаулы байланыстар арқылы байланысқан. Эпителий базальды мембранада орналасады. Базальды мембрана эпителий қабаты мен дәнекер қабаты түйіскен жерде пайда болады және бөліп тұрады. Базальды мембрана байланыстырушы, заттарды талдап өткізу, регенерацияны жүзеге асыру қызметтерін атқарады. Базальды мембранада бөлініп, әрі қарай дифференциаланады.
Ал генетикалық жіктелуіне байланысты: эпидермалық, энтеродермалық, целонефродермалық, эпендимоглиялық, ангиодермалық түрлерге бөлінеді.
Эпидермалық түрі эктодермадан дамып қорғаныштық қызмет атқарады. Энтеродермалық түрі энтодермадан дамып, ішекте заттардың сіңіруі мен бездік қызметтер атқарады. Целонефродермалық түрі тосқауылдық және экскреторлық қызмет атқарады. Эпендимоглиялық мидың қарыншаларын тыстайды. Ангиодермалыққа қан тамырлардың эндотелий қабаты жатады.
4. Жабу эпителийі. Морфофункционалдық сипаттамасы. Жіктелуі. Физиологиялық қалпына келуі.
Жабу эпителийлері терінің, ішкі мүшелердің сыртын қаптайды. Құрылысы мен ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі қызметтерді: зат алмасу, заттарды сіңіру, жылжу мен үйкелісті азайту, сыртқы химиялық, механикалық, инфекциядан қорғау қызметтерін атқарады. Базальды мембранада орналасуына байланысты негізінен 2 топқа бөлінеді: бір қабатты және екі қабатты. Жасушаларының пішіні мен
...