Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кемсітушілікке тыйым салудың маңызы және адам құқығына әсері

Автор:   •  Март 9, 2022  •  Реферат  •  5,344 Слов (22 Страниц)  •  311 Просмотры

Страница 1 из 22

                                              А.Ғ.Әділ

          Сулейман Демирель атындағы заң факультетінің 2-курс студенті                                       

          Кемсітушілікке тыйым салудың маңызы және адам құқығына әсері

Аңдатпа:Кемсітушілік- қоғамдағы адамның құқығына байланысты өзекті мәселелердің бірі де бірегейі. Әлем бойынша күн сайын кемсітушілікке миллиондаған адам ұшырайды. Бұл мақалада кемсітушіліктің не екенін, оның қандай түрлері бар екенін,кемсітушілікті қалыпты іс-әрекеттен  қалай бөліп қарауға болатынын,түсінуге болатынын,кемсітушілікке тыйым салудың маңызы мен адам құқығына әсерін,кемсітушілікті болдырмау үшін қандай іс-әрекеттер немесе заңдық тұрғыдан адам құқығын қорғау үшін қандай халықаралық заңдар бар деген тақырыптарды қарастырады.

Кілт сөздер:кемсітушілік, адам құқығы,тікелей кемсітушілік,жанама кемсітушілік, халықаралық ұйымдар, дискриминация.

Кіріспе

Қазақ халқы “Бөлінгенді бөрі жейді” деп ежелден біліп айтса керек.Адамзат бөлініп, алалаушылыққа көп көңіл бөлінеді. Бәріміз бір ғаламшарда өмір сүреміз,бір ауамен демаламыз, бірдей ет пен сүйектен жаралғанбыз,жалпыға ортақ мақсатымыз жер анамызды қорғап, болашаққа қарай бірге басу деп қаншама рет айтылып жүрсе де, түр түске,нәсілге,ұлтқа,жерге, жынысқа, руға бөліну әдеті қалар емес. Абай атамыз қара сөзінде “тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақмақшылық” деп айтып кеткен. Сонымен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінен кемсітушілік мәселесіне байланысты, толеранттылық туралы керемет туындылар мен шығармалар жазылған және жазыла береді де. Кемсітушілік мәселесі қоғамның алаңдатар әлеуметтік мәселелерінің өзектісі болып табылады. Әрбір адам жер шары тұрғыны ретінде өз жеке басы құқығын сақталуын талап ете алады. Күнделікті әлемнің әр жерінде дискриминацияның түр түрі орын алып жатады, көптеген адам кемсітушілікке ұшырап жатады.Сол себепті де, осы мәселеге тыйым салу, қатаң  түрде қадағалаудың маңызы зор. Осы өзекті мәселені тілге тиек ете отырып, біз мақаламыздың атын “Кемсітушілікке тыйым салудың маңызы және адам құқығына әсері” деп атауды жөн көрдік.

Мақаланың мақсаты:Кемсітушілікке тыйым салудың маңызын және оның адам құқығына әсерін анықтау болып табылады.

Мақаланың міндеттері:

  • кемсітушілік ұғымын жан-жақты зерттеу;
  • Кемсітушіліктің түрлеріне тоқталып өту;
  • кемсітушілікке қарсы қоғамдық іс-шараларға тоқталу,
  • Кемсітушіліктің адам құқығына әсерін анықтау.

Кемсітушілік ұғымы

Кемсітушілік-қазіргі таңда әлем бойынша адам құқықтарын өрескел түрде және жаппай түрде бұзу болып табылады.

Осипов А.Г.  дискриминацияны, басқаларымен қатар, әлеуметтік теңсіздіктерді проблемалаудың белгілі бір жолдарын белгілейтін термин ретінде анықтайды. Жалпы «дискриминация» термині дұрыс емес немесе әділетсіз айырмашылықты білдіреді.  Дискриминация жалпы дифференциациямен де, жалпы заңды әлеуметтік теңсіздіктермен де бірдей емес [1].

Кемсітушілік - оның барлық мүмкін формалары мен көріністерінде - адам құқықтарын бұзудың кең таралған формаларының бірі.  Бұл күнделікті өмірде миллиондаған адамдарға әсер етеді және оны анықтау қиынның бірі болып табылады.  Дискриминация және төзбеушілік - өзара байланысты екі ұғым.  Төзімсіздік дегеніміз - өз тәжірибесінен басқа практикаға немесе нанымға деген құрметсіздік.  Бұған біз өзгеше деп санайтын адамдардан, мысалы, бізден басқа әлеуметтік немесе этникалық топтың мүшелерінен немесе басқа саяси немесе жыныстық бағдардан бас тартуды жатқызуға болады.  Төзімсіздік біреуден аулақ болудан бастап, жеккөрушілік пен дене жарақатын тудыруға немесе тіпті кісі өлтіруге дейін көптеген әрекеттерде көрінуі мүмкін.

...

Скачать:   txt (82.2 Kb)   pdf (245.9 Kb)   docx (34.2 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club