Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Автор:   •  Март 12, 2018  •  Лекция  •  20,644 Слов (83 Страниц)  •  7,084 Просмотры

Страница 1 из 83

Ф- ӘД -001/026

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Экология және химия кафедрасы

 

PhD доктор,  аға оқытушы Әбдімүтәліп Нұрлыбек

       

                                             5В060800 - Экология мамандығы

 

B46.137 «ЖАНУАРЛАР МЕН ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ» пәні бойынша

ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ 

Түркістан   2017

Лекция жинағы кафедраның       «  » қыркүйек 2017ж. мәжілісінде талқыланды.     (№1хаттама)

Экология және химия кафедрасының

меңгерушісі:  х.ғ.к.,  проф.м.а.                    ________________     Р.Н.Нұрділлаева

Факультеттің №1   «   »  қыркүйек    2016ж.      ОӘК-де қаралып,  мақұлданды.

Оқу әдістемелік кеңес төрағасы, техн.ғ.к., аға оқытушы  ____________  Ибрагимова Э. Қ

Тақырыбы: Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Жоспары: 1. Өсімдіктер әлемінің пайда болуы туралы түсінік

                    2. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

                    3. Ботаниканың даму тарихы

                    4. Өсімдіктер дүниесін қорғау

                    5. Ботаниканың негізгі бөлімдері.

 Лекция мақсаты мен міндеті: Студенттерге өсімдіктер дүниесінің тіршілік формалары, оның алуан түрлілігі, өсімдіктер морфологиясының эволюциясы, оның ерекшеліктері, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.

Лекция   мәтіні  

Ботаника - өсімдіктер дүниесі тіршілік формаларының алуан түрлілігі, олардың құрылысы мен тіршілік процестеріндегі заңдылықтар туралы ғылым. Өсімдіктер алуан түрлі, морфологиялық құрылым деңгейі жағынан бір клеткалы, клеткаланбаған, колониальды, көп клеткалы.

Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген. Олар шөлдерде, ағысы қатты өзендерде, теңіз бен мұхиттардың түбінде, сонымен бірге биік таулардың қар жамылғысы белдеулерінде де өсе алады.

Өсімдіктердің жануарлардан негізгі айырмашылығы – клетка құрамында хлорофиллдің болуы.

Өсімдіктердің жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы үлкен. Олардың бірі (автотрофты өсімдіктер) органикалық заттар түзсе, екіншілері оларды ыдыратып (гетеротрофты өсімдіктер), жер қойнауына минералдық заттарды, ауаға көмір қышқыл газын қайтарады. Жасыл өсімдіктер жапырақтан тамырлары  арқылы суда еріген минералдық заттарды, жер беті бөліміндегі (өркен) устьице арқылы көмір қышқыл газын фотосинтездің ішкі заты ретінде қайтадан қабылдайды. Осылай табиғатта заттар айналымы жүзеге асады.

Жасыл өсімдіктердің анорганикалық заттардан күн сәулесінің тікелей әсері арқылы органикалық заттар түзу процесі фотосинтез деп аталады. Фотосинтез кезінде бөлініп шыққан оттегіні барлық тірі организмдер демалу үшін пайдаланады.

Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі нәтижесінде органикалық заттар түзіп содан өздері қоректенеді, сөйтіп жер бетінде органикалық қосылыстардың қорын жасайды.

Гетеротрофты өсімдіктер паразитті және сапрофитті деп бөлінеді. Паразитті өсімдіктер  - басқа организмдердің денесінде тіршілік етіп, соның есебінен қоректенеді. Сапрофиттер жануар өлекселерімен, өсімдік қалдығындағы органикалық заттармен қоректенеді.

Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі нәтижесінде органикалық заттар түзіп содан өздері қоректенеді, сөйтіп жер бетінде органикалық қосылыстардың қорын жасайды.

Өсімдіктер ауылшаруашылық өнімдерінің ерекшеліктеріне және                                                     олардың пайдалануына қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:

1.Дәнді дақылдар- бидай, күріш, қара бидай, жүгері, арпа, сұлы, қара   құмық, тары   және т.б. 2. Белокқа бай дәнді-бұршақты дақылдар – үрме бұршақ, асбұршақ, ноқат, қытай бұршақ және т.б. 3. Көкөністер – қырыққабат, сәбіз, қызылша, картоп, шомыр, тарна және т.б. 4. Жеміс – жидек дақылдары – алма, алмурт, шырын жемістілер, тұшала, бүлдірген, қарақат және т.б. 5. Майлы дақылдар – күнбағыс, мақта, зығыр, кенепшөп, қыша және т.б. 6. Талшықты дақылдар – зығыр, кенепшөп, мақта және т.б. 7. Дәрілік өсімдіктер – дәм – татымдық, бақша дақылдары, витаминді    өсімдіктер және т.б.

...

Скачать:   txt (287 Kb)   pdf (647.4 Kb)   docx (122.9 Kb)  
Продолжить читать еще 82 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club