Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұстаздық - ұлы құрмет

Автор:   •  Сентябрь 22, 2020  •  Эссе  •  542 Слов (3 Страниц)  •  675 Просмотры

Страница 1 из 3

Ұстаздық – ұлы құрмет

Қаздың балапандарындай томпаңдап жүрген сәтте ұстаз деген ұлағатты ұлы есіммен танысамыз. Ол есім мәңгі жүрегімізде алтын әріппен жылы естеліктермен сақталады. «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ сүрлеу жолдарда бағытынан таймасы анық. Егеменді елде өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, қазақ елінің басты тұлғасы, жүрегі – ұстаз дер едім.

Әлі есімде 2007 жыл 1 – қыркүйек. Әкем екеуміз мектеп қабырғасына жақындап келеміз. Менің ойымда сан мыңдаған ойлар мен сұрақтар. Қарсы алдымнан ұстазым жылы жүзімен күтіп алып, алғаш партаға отырғызды. Мендегі сезімді айтып жеткізу мүмкін емес еді. Сол бір Сәкен Сейфуллин атамыз айтқандай «Сыр сандықтың» есігі сол сәтте мен үшін айқара ашылғандай. Алғашқы ұстазым Әбішеева Құрманкүл бірінші күннен-ақ мені қызындай көріп, өзіне жақын тартты.

Ең алғаш 1-сыныпта жарысқа қатысқаным әлі есімнен кетпейді. Ұстазыммен күні-түні тынбай қазақ лирикасының негізін қалаушысы ұлылардың ұлысы Абай атамыздың қара сөздерін жаттадым. Ол дода аудандық мектеп оқушалары арасынағы жарыс болатын. Сол жарыста ең кішкентай қатысушысы бола тұра, жүлделі 1-орынды иелендім. Сол сәттегі ұстазымның көзіне жас келіп, мені құшақтап: «саған сенгенмін, қызым»,- деп айтқан сөзі әлі де құлағымның түбінде.Үлкен ортада қысылмай сөз сөйлеп, тәрбие мен білімді қатар алып жүруге үйреткен алғашқы ұстазым менің қамшының сабындай ғана өмірімде өте ерекше орын алады. Әлі күнге дейін ұстазыма сәлімімді беріп барып тұрамын. «Менің алтын қызым келді», - деп кең құшағын жайып қарсы алады. Мен өз ұстазыммен мақтанамын.

Мен де болашақта

...

Скачать:   txt (6.4 Kb)   pdf (34.5 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club