Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мухтар Әуезов -Ұлы суреткер

Автор:   •  Октябрь 8, 2018  •  Реферат  •  946 Слов (4 Страниц)  •  1,505 Просмотры

Страница 1 из 4

                          Мухтар Әуезов -Ұлы суреткер

Жоспары:

I.Кіріспе

"Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің классигі"

II.Негізгі бөлім

1.Әуезовтің әдебиет әлеміне енуі

2.Ұлы жазушының суреткерлік шеберлігі

III.Қорытынды

  I.Кіріспе

           "Мұхтар Әуезов- қазақ әдебиетінің классигі"

   Мұхтар Әуезов- қазақ әдебиетінің классигі,XX ғасырдағы қазақ халқының ұлттық ой -санасының,сөз өнеріның,көркем прозасының асқар биігі.Ол- теңдесі жоқ суреткер жазушы,драматург,ғұлама ғалым-әдебиет зеттеушісі,ұлағатты ұстаз,ірі қоғам қайраткері.

   Әуезов 1897ж 28 қыркүйекте қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Қасқабұлақ мекенінде туып,балалықшағы көшпенді аулда өтті.Оның бала жастан байқағаны, алған әсерлері қазақ патриалхалдық-феодалдық қоғамына тән әлеуметтік отбасы салт-ғұрпы бар ауыл өмірімен тығыз байланыста болды .Бұл жылдары Мұхтар өзара жауласқан топтардың арасындағы барымта т.б  кескелескен шайқастар үстінде қаза болған, не кемтарлыққа ұшыраған ер дауы ,не косағынан айырылған жесір дауы немесе қалыңмал беру, көп әйел алу сияқты әдет- салттарды берік ұстанған ескі ауыл өміріне жақсы қанықты. Болашақ жазушы ұлы Абай өз шығармаларына сонша терең әрі жан-жақты суреттеген сол кездегі қазақ қоғамының өзіндік сипаты мол қайшылыққа толы өмір тұрмысын көзімен көрді. Сол жылдарда байқаған, танып-білген жәйттерінің қөбісі кейін оның шығармашылығынан көрініс тапты. Қазақ сахарасындағы көзі ашық,алдыңғы қатарлы адамдар мәдениетке,білімге ұмтылатын. Мұхтар Әуезов солардың бірі болуға ұмтылды.

II.Негізгі бөлім

             1.Әуезовтің әдебиет әлеміне енуі

   Жас Мұхтар Семей қаласындағы медресе,одан соң бес сыныптық орыс мектебінде, ал 1915-1919ж мұғалімдер семинариясында оқып,білім алады.Ол осы кезде қазақтың жыршы жырау ақындарының өлең -жырларымен сондай-ақ орыс жазушыларының шығармаларымен таныса бастайды.Шығыс,еуропа ақандарының жыр дастандарына да көп үңіледі. Көркем әдебиетке деген ынтасы күшейіп , жазушы болмаққа ықыласы ауады.1917ж семинарияда оқып журген кезінде,халық аңызы бойынша "Еңлік-Кебек" пьессасын жазады.Бұл қазақ ұлттық драммасының қарлығашы еді. Кейін жазушының жаңартуы,жетілдіруі нәтижесінде,пьесса қазақ драмма театрының сахнасынан құрметті орын алды.Пьесса  екі жас Еңлік пен Кебектің бір-біріне деген махабатын баяндайды. Алайда патриалхалдық- феодалдық қоғамның салт-ғұрптары мен қағидалары,ескілікті жаңарту күштер олардың жолында сау берместей болып,кесе-көлденең тұрады. Өз тағдыларын өздері шешкісі келген Еңлік пен Кебекті өлім жазасына кеседі. Әуезовтың бұл алғашқы елеулі туындысы негізгі оқиғалардың шыншылдығымен, бас кейіпкерлердің сомдап сғылған тұлғасымен, тамаша мөлдір тілімен ерекше әсер етті.Пьессадан сондай-ақ драмматургтың халық шығармашылығына көзқарасы, аңыз- әңгімелердің рухын,негізін сақтай отырып, дамытып жаңарта білетін шеберлігі айқын көрінеді.Осы жылдарда ол Семейде,Орынборда әр түрлі қызмет істеп жүріп,Алаш партиясының қөсемдері А.Байтұсынов,М.Дулатұлы т.б әдебиет, мәдениет қайраткерлерімен жақындасты."Абай" журналын шығаруға ат салысып,қоғамдық өмірдің,әдебиет пен мәдениеттің алға қойған зәру мәселелерін талқылауға қатысты.Қоғамдық өмірге белсене қатысқан Әуезовке жазушы болумен қатар,қоғам қайраткері, саяси күрескер болуға тура келді.Бөкейханов ,Байтұрсынов,Дулатов сынды алаш көсемдері халықтың еркіндік алуын, мәдениетке,өнер-білімге деген ықыласын арттыруды ту ғып ұстап,"Оян,қазақ!"-деп ұран тастаған қозғалыс,олардың азатшыл,демократияшыл идеялары Әуезовтың өмірлік мақсат нысанасын белгілеуіне тірек болды.Абай дәуірен жаңа дәуірде ұластырып,өрістеткен алаш көсемдерінің ел тағдыры,егемендігі, рухани еркіндік үшін , ғылым-білімге озық мәдениетке қол жеткізу үшін күрес жас Мұхтарды қанаттандырды. Алашорда қайраткерлері өкімет орындарынан , ресми саясаттан ығыстырыла бастаған соң,1922ж -дан бастап Әуезов саяси қызметтен бой тартып,көркем шығармашылық жолға бар күш қуатын жұмсады.

...

Скачать:   txt (13.2 Kb)   pdf (114.3 Kb)   docx (14.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club