Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Автор:   •  Май 27, 2018  •  Реферат  •  1,052 Слов (5 Страниц)  •  1,420 Просмотры

Страница 1 из 5

Шәкәрім Құдайбердіұлы

(1858-1931)

Шәкәрім мұрағасы – мәңгілік мұра

« Қазақтың өлеңінің пірі болған,

Халқының сөзін айтар ұлы болған

Абайдың аманат қып беріп кеткен

Шәкәрім түсірмеген туын қолдан»

С. Мауленов

  Шәкәрімнің мақсаты «Серт бергем еңбек етем деп, Алдағы атар таң үшін» болғандықтан, ал біздің мақсатымыз сыр сөздерін киелі көріп жаттар ұрпақтарына ақын мұрасын оңтайлы жеткізу.

  Тынбай ізденудің арқасында Шәкәрім философ Шопенгауэрдің , Ало Бигер Стоу Гариэттидің еңбектерімен танысып, қоғам, өмір жайлы көзқарастарына сын пікір білдірген. Ақын ең негізгі артта қалар байлық ғылым, білім, өнер екенін айтып ерекше бағалаған.

  Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі – бейбітшілікті, екіншісі – руханиятты, үшіншісі – табиғатты қорғау, сақтап қалу.

  Ұлы бабаларымыз қолдан соққан әлемдік мәдениет пен ойдың көзсіз мұхитын меігеруде біздер олқы түсіп жатырмыз.

  Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 24 шілде Семей уезіне қарасты Шыңғыстау болысында Кеңбұлақ деген жерде дүниеге келген.

  Аяулы Шыңғыстау топырағы ...

  Ерең азаматтары кеңес идеологиясының құрбаны болған Абай ауылы қазақ поэзиясының, қазақ мәдениетінің, қазақ дүниетанымы мен рухының мекеніне айналды. Бостандық пен еркіндік рухын паш еткен қазақ поэзиясының Меккесі – Шыңғыстау қазақ ұлтының ар-намысының асқар биігі болып қалды. Ұлы ақындардың аялы бесігі Жидебай – Шәкәрім қадірін танып, өзіне ұстаз тұтқан Толстойдың – Ясная Полянасымен ірге тіресіп, адамзаттың рухани астаналарының бірі болды.

  Ақиқатқа ұмтылған Абай дүниеден қайтар алдында Шәһкәрім інісі ел мен жер көрсін, білім мен өнерге сусындасын деген пиғылмен Түркия, Арабстан, Мысырға сапарға аттандырады. Шәкәрім Мекке, Мәдине, Александрияда, Парижде болады. Ол түрік, араб, парсы, орыс тілін жетік меңгерген көзі ашық, көкірегі ояу Дешті Қыпшақтың тарлан боз ойшылы еді.

  Толстоймен хат алысып тұрған. Пушкин «Дубровский» повесін өлеңмен сөйлеткен.

  Асқан шебер аудармашы Шәкәрім қазақ оқырмандарын ағылшын жазушылары Г. Байрон, Б. Стоунның, шығыс ақындары – Физури, Хафиз, Навондің, орыс классиктері – Л. Толстой, М. Лермонтов, Н. Некрасовтің баға жетпес шығармаларымен сусындатады.

  «Әділ мен Мария» романын, «Түрік қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» атты діни-философиялық трактат жазады. Ал, ақынның « Қазақтар» деп аталатын этно-пәлсапалық кітабы аяқталмай қалған болатын және сол қолжазбадан кейінгі ұрпақ көз жазып қалды.

  Шәкәрім қазақтың ғарыштық дүниетанымының аясында тәрбиеленіп өскен. Сол аялы орта болмағанда қазақ әдебиетінің бір туар тұлғалары Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Ауэзовтердің бойындағы гуманистік дүниетаным қалыптасуы мүмкін болмас еді.

  Шәкәрімнің дүниетанымы

  Тән мен жан болмысы жөнінде Шәкәрімнің жанға берген сипаттамасының ерекшелігі. « Ләйлі Мәжнүн» поэмасындағы ғашықтық мәселесі. Жер мәселесі. Мақсатсыз біткен жан бар ма?

  Шәкәрім қойған бес сауал:  

  1. Алланың адамды жаратқандағы мақсаты не?
  2. Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін?
  3. Адамға өлген соң, мейлі не жөнмен болсын, рахат-бейнет (сауап-азып) бар ма?
  4. Ең жақсы адам не қылған кісі?
  5. Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара ма?

  «Үш анық» атты шығармасы философиялық шығармалардың бірі болып табылады. Әр ілімнің негізі болып табылатын нәрсе «Адамдағы: ынсап, әділеттік, мейірім үшеуі қосылып Ұждан деген ұғым шығарады. «Үш анық» деп аталатын трактатын жазуға отыз жылдай уақыт сарп етіпті.

  Заманының озық ойлы тұлғасы Шәкәрім үшін рушылдық, жершілдік, ұлтшылдық мүлдем жат түсініктер, өйткені ақын, адам өмірінің басты тірегі – ар мен намыс, есті дүниетаным екенін жан тәнімен жақсы түсініп, терең зерделген.

...

Скачать:   txt (13.7 Kb)   pdf (94.7 Kb)   docx (15.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club