Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) қаласы

Автор:   •  Апрель 12, 2018  •  Доклад  •  2,713 Слов (11 Страниц)  •  1,400 Просмотры

Страница 1 из 11

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ортағасырлық  Ақтөбе (Баласағұн) қаласы.

Қазақстан Республикасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы

Мадияр Елеуов

Ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн )қаласы Қазақстан Республикасы  Жамбыл облысының Шу ауданындағы Ақсу ауылдық  округінің жерінде, Ақсу мен Қарабалта өзендерінің төменгі ағысындағы кең алқапта орналасқан. ҮІ-ХІІІ ғасырдың басы аралығында өмір сүрген бұл қаланың тарихи-топографиялық құрылымы орталық бөліктен (шахристан 1, шахристан 2, цитадель), шаруашылық аймағынан, оны сырттай қоршап жатқан бірінші, екінші және қосалқы ұзын қорғандар мен (сруте 1-5) қала аймағынан тұрады [1, 114-116 ].

Ақтөбенің көлемі 16 га-ға жуық орталық бөлігі Ақсу өзенінің сол жарқабағын ала орналасқан. Орталық бөліктің солтүстік-батысындағы шахристан 1-дің көлемі  7,5 га, биіктігі 6-8 м, оның ортасында орналасқан цитадельдің көлемі 100x110 м, биіктігі Ақсу өзенінің деңгейінен 10 м. Шахристан 1-ден оңтүстік–шығыста орналасқан, араларын ені 10-15 м, тереңдігі 1-3 м сай  бөліп жатқан шахристан 2-нің көлемі 8,3 га, биіктігі 3-3,5 м [2, 8 ].

Орталық бөлікті барлық жағынан қоршаған шаруашылық аймағы кең алқапты алып жатыр. Шаруашылық аймағының құрылыс орындары тығыз орналасқан бөлігін қоршап тұрған бірінші ұзын қорғанның ұзындығы 17 км  .

Шаруашылық аймағының бірінші ұзын қорғанының сыртында, онан 0,5 – 2 км аралықта орналасқан құрылыс орындары сирек кездесетін бөлігін қоршап жатқан екінші ұзын қорғанның ұзындығы 25 км. Сонымен қатар, екінші ұзын қорғанның Қарабалта өзенінің оң және сол жағалауы арқылы өткен бөліктеріне қосарлана салынған қосалқы бірінші, екінші, үшінші және төртінші ұзын қорғандардың ұзындықтары; 5; 5,5; 4; 3,5 км [2, 34 ].

Ақтөбенің қала аймағында ортағасырлық Ақсу 1, Ақсу 2, Сабыр, Қыркүй, Сарғау, Оразалы елді мекендері, Қыркүй қарауыл мұнарасы, Қамысбек, Жетіжар қарауыл төбелері, Ортатөбе, Үштөбе, қарауыл төбелері орналасқан.

1976-1990 жылдарда әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университетінің археологиялық экспедициясы аралығында цитадельде екі кесік-қазба, сегіз қазба жүргізіп, оның өмір сүрген уақытын, кезеңдерін анықталып, жоғарғы қабатын толық зерттеді [ 3,39 ]. Цитадельдің солтүстік-батыс жағынан салынған кесік-қазба VІ-ХІІІ ғ басы аралығында  салынған қамалдарды ашты. -VІІ ғғ. кезіндегі қамал әртүрлі қалыңдықтағы пахса қабаттары мен бір не бірнеше қатар кесек қаландылары аралас әдіспен  қаланған, биіктігі – 2 м, трапеция тәрізді платформаның үстіне, салынған қамалдың қалыңдығы – 4 м. VIII ғ. кезінде VІ-VІІ ғғ. қамалдың сырты кесекпен  « Г» тәрізді етіп қапталған оның түбіндегі қалыңдығы – 1,5 м, үстінде – 4 м, биіктігі –  7 м, сөйтіп цитадельді қоршап тұрған қамалдың жалпы қалыңдығы 8,5 метрге жеткен. IX ғ. соңы - X ғ. бас кезінде алдыңғы екі кезеңдегі қамалдар жан-жағынан «П» тәрізді етіп қапталып, қалыңдығы 10 метрге жеткен.

XII ғ. соңы – ХIII ғ. басында үшінші кезеңдегі қамалдың сыртынан кесектен  қалыңдығы 3 м жаңа қамал тұрғызылған.

Цитадельдің оңтүстік-шығыс бұрышынан басталатын ұзындығы 85 м жалға салынған кесік-қазба Х-ХІ ғғ. кезінде салынған қамал мен оның платформасын ашты.Қалыңдығы 2 м қамал, биіктігі 3 м келетін трапеция тәрізді платформаның үстіне салынған. Платформаның түбіндегі қалыңдығы 10 м, үстіндегі қалыңдығы 8 м. Қамалдың сыртындағы алаң берманың ені – 2,5 м, ал іш жағындағы алаңы – 3,5 м. Қамалдың ішкі жағындағы алаң ұзақ жылдар бойы жол ретінде пайдаланылған, жол батысында күйдірілген кесектен қаланған цитаделдің төменгі алаңына жалғасқан.

1-қазба цитадельдің оңтүстік-шығыс бұрышында жүргізіліп көлемі  28-40 х44 м келетін күйдірілген кесектен қаланған төменгі алаң ашылды.

2-қазба цитадельдің шығыс бұрышында орналасқан төбеде жүргізіліп, цитадельдің қақпасын қорғап тұрған бекіністі ашты. Бекініс қалыңдығы 0,5-2,2 м келетін мәдени қабаттың (VІ-VIII ғ. басы) үстіне салынған, биіктігі – 3,5 м платформаның үстіне орналасқан,  Оның көлемі – 17 x 20 м,  қалыңдығы  2,8 м сыртқы қабырғалары аралас әдіспен салынған, ал ішкі қабырғалары кесектен қаланған, бөлмелері «тарақ» үлгісі бойынша орналасқан. Бекіністің батыс, оңтүстік бұрыштарында орналасқан дөңгелек, аумағы 5 м мұнаралары қабырғадан 1 м сыртқа шығып тұр, шығыс бұрыштағы мұнара тік бұрышты, көлемі – 8 х 10 м, ол оңтүстік-шығыс қабырғадан 1 м, солтүстік-шығыс қабырғадан 4 м шығып тұр. VІІ ғ. соңы - VІІІ ғ. бас кезінде салынған бекініс VІІІ ғ. бас кезінде өртенген, ал сонан кейін қайта жөнделіп X ғ. дейін өмір сүрген.

...

Скачать:   txt (35.5 Kb)   pdf (187.3 Kb)   docx (20.9 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club