М.Әуезов -ұлы суреткер
Автор: baimollaeva • Январь 14, 2018 • Доклад • 1,319 Слов (6 Страниц) • 2,318 Просмотры
М.О.Әуезовтің 115-жылдығына арналған кештің жоспары
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы!
«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына із қалдырған», деп ұлы Абай атамыз айтқандай, бүгін біз артына өшпес мұра қалдырған, қазақтың Абайын бүкіл әлемге паш еткен ұлы тұлға Мұхтар Омарханұлының туған күніне орай ұйымдастырылып отырған кешімізде бас қосып отырмыз.
Кешіміз үш бөлімнен тұрады.
І бөлімде 5-6 сынып оқушылары М.О.Әуезовтің шығармаларынан үзінді оқып сайысқа түседі.
ІІ бөлімде 7-9 сынып оқушылары дайындаған шағын сахналық қойылымды тамашалайсыздар.
ІІІ бөлімде «Мұхтар шыңы» атты зияткерлік сайыста 9-11 сынып оқушылары өз білімдерін ортаға салып, өнерлерін паш етпекші.
«Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау- қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген.Солардың бірі- Мұхтар Әуезов» деген екен қазақ әдебиеті теориясын зерттеуші ғалым Зейнолла Қабдолов.
М.Әуезов Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.Атасы Әуез түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты,еліне қадірлі болған.Мұхтардың ауыз әдебиетіне, жазушылық өнерге құштарлығын оятқан - атасы Әуез бен Ұлы ақын Абай еді.
Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
-Қане, балалар,Осы М.Әуезовтің қандай шығармаларын білесіңдер?
Қазір алдарыңызда 5-6 сынып оқушылары М.О.Әуезовтің шығармаларынан үзінді оқып сайысқа түседі.Бұл сайыстың мақсаты Мұхтар Әуезов шығармаларының өмірщеңдігін таныту,оқушылардың актерлік дарынын, шығармашылық қабілетін жетілдіру болып табылады.Сайыскерлердің оқу мәнеріне, образда ойнау шеберлігіне мән беріп бағалайтын әділқазылар алқасымен танысып өтсек:
1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аменова П.Б.
2.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Түнғатарова Ә.М.және Нұрғалиева М.Ж.
1
2
3
4
5
6
7
ІІ бөлім.
Мұхтар Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып құйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды.
«Мұхтар Әуезовті бала кезімде-ақ көріп өстім, - дейді Қайым Мұхамедханов естелік әңгімесінде. - Біздің үйге бір күні арасында Мұхтар да бар бір топ мейман келді. Бізге, балаларға, мейманның келгені керек: олар домбыра тартып, ән айтып, өлең оқып, ерекше көңілді жағдай болды. Содан бастап Мұхтарды және басқа меймандарды біздің Жаңасемейдегі үйімізде жиі көріп жүрдім. Ол кезде мен жеті-сегіз жастамын. Өлеңдерін, әңгімелерін қызыға, ынталана тыңдаймын. Семейге жолы түскен сайын Мұхаң біздің үйге соқпай кетпейді.
1925-жылы Мұхамедханның үйінде Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» пьесалары алғаш рет оқылып, сахналау жұмыстары басталды.
Осы Мұхтар Омарханұлының «Көксерек» әңгімесін біздің таланттарымыз да сахналамақшы,қабыл алыңыздар.
ІІІ бөлім
1928 жылы жазылған «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан,әрине, Абайды сүйемін.Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан.Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен тепе тең түскендей кездері бар сияқты.Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен барабар болатыны бар», деп жазған екен.
Қазір біз оқушыларымыздың Мқхтарды, Мұхтар арқылы ұлы Абайды, Абай арқылы қазақ тілі мен әдебиетін қалай сүйетіндігін
...