Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Автор: Diana8000 • Октябрь 1, 2018 • Реферат • 500 Слов (2 Страниц) • 1,001 Просмотры
Ел басы жолы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы Алматы облысы,Қарасай ауданында,Шамалған ауылында,Іле Алатауының баурайында,Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келген.Оған әке-шешесі "Нұрсұлтан" деп ат қояды.
Нұрсұлтан тек озінің сыныбында ғана емес,мектебінде ең үздік оқушының бірі болды,сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды.Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеліп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кіріскен.Нұрсұлтан Әбішұлы әсіресе,ежелгі аңыздар мен бабалардын наным-сенімдері туралы үлкедер айтатын әңгімені ықыласпен тыңдайтын.Әзіл-қалжыңға бейім болды,әнді жақсы айтатын,елдің көңілінен шығып,өз ортасына тез үйреніп әкете білді.Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан өзін халық арасынан шыққан,халыққа жан-тәнімен жақын деп есептейді және қазірде солай ойлайды.
Жоғарғы техника оқу орнын бітірген.Қарағанды металлургия комбинатында шойын құюшы,таукен маманы, домна пешінің аға газ маманы болып жұмыс істеген.Жиырма жаста өзінің жалақысының жартысын әкесіне жолдады.1979 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан компартиясы орталық комитетінің экономика саласын басқаратын хатшысы болып сайланған.1984 жылдан қазақ ССР-нің министрлер кеңесінің төрағасы болды.1990 жылдың шілде айынан Қазақстан орталық компартиясының бірінші хатшысы,1990 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының президенті,экономика ғылымының докторы сайланды.2005 жылдың 4 желтоқсанында бүкіл халықтың 91,6 пайызын жинап қайтадан Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды.Конститутция бойынша Қазақстан Республикасының президенті - Қазақстан Республикасының бас қолбасшысы болып табылды.Қарулы күштер әрдайым жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қолданды.
Жұбайы - Сара Алпысқызы - Халықаралық "Бөбек" балалар қайырымдылық қорын басқарады. Президенттің 3 қызы бар.
Дариға Назарбаева - Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты.
Динара - Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады.
Әлия - бизнеспен айналысады.Қазақстан бойынша ең бай әйелдер қатарына жатады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 7 немересі және 2 шөбересі бар.
Мемлекеттің жоғарғы лауазымдағы қызметін бос уақыт қалдыра бермейді.Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс,әрі көңіл сергіту уақытында сүйікті істерімен айналысуға тырысады.Ол - табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу.
...