Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жеткіншек кезеңдегі агрессивті мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері

Автор:   •  Май 2, 2018  •  Курсовая работа  •  9,007 Слов (37 Страниц)  •  1,632 Просмотры

Страница 1 из 37

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ............................................................................................................................2

І. ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚАЖЕТТЕЛІГІ

1.1. Проективті әдістемелер туралы жалпы мағлұматтар........................................... 6

1.2.Жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерін анықтаудағы проективті әдістемелер......................................................................................................................17

ІІ. ПРОЕКТИВТІ ӘДІСТЕМЕЛЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЗЕРТТЕУ

2.1.Кеңес беру, түзету жаттығулары мен әдістемелік жұмыстардың  жеткіншек балаларға қажеттілігі.....................................................................................................22

2.2.Жеткіншектерге жүргізілген эмпирикалық-зерттеу жұмыстарының қорытынды нәтижесі...........................................................................................................................26

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................30

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................32


Кіріспе

«Бүгінгідей жаһандану жағдайында мемлекет мен адам озық, бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет.»

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі таңда жеткіншектерде көрініс беретін «қиын бала» мәселесінің алдын-алу және түзету жұмыстарын ұйымдастыру қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, халықтың әлеуметтік жағдайларының төмендеуі, балалар мен жеткіншектер тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік институттардың ықпалдары әлсіреуі, «тәуекел топтағы отбасылар» санының елеулі өсуіне, «қиын бала», девиантты мінез-құлықты жеткіншектер мен әлеуметтік жетімдер саны өсуіне әкеліп соқты. Осы орайда психология ғылымында «қиын бала» мәселесіне назар күшейген, соның ішінде ұзақ уақыт отбасының әлеуметтен алшақтауымен өтетін, әлеуметке, әлеуметтік іс-әрекетке, отбасының әлеуметтік қызметтерін түрлі мемлекеттік құрылымдарына алмастыру ұмтылыстарының ақталмауы. Бүгінгі отбасының психологиялық ахуалы, отбасындағы дағдарысты жағдайлар баланың тұлғалық дамуы мен мінез-құлқының  қалыптасуына тікелей әсерін тигізетінін зерттеу ұсынылып отырған зерттеу жұмысының мазмұнын анықтайды.  

Бүгінгі таңда көптеген отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендеуі, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасында тұрақсыздылық, депрессиялық жағдай, қанағаттанғысыздық, жан-жалдың туындауы салдары балалардың, жеткіншектердің мінез-құлқының бұзылуына, қиын бала атануына әкеліп соғады. Тұрақсыз отбасы қоғамның маңызды әлеуметтік институты ретінде өз қызметін толық және сапалы жеткіліксіз атқарады. Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде құралып келген бірінші категория-«қалыпты балалар» категориясы, яғни баланың дамуы өз жасына сәйкес және аномалды балалар – дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар.

Соңғы он жылдардағы ғылыми зерттеулер балалардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін дәлелдеді. Осы аралық буынға оқудағы қиыншылықтары және мінез-құлқындағы ауытқулары бар балалар жатады, оларды көбінесе «қауіп-қатер балалары» деп атайды. Олардың бойында дене және психологиялық дамуында көзге көрінетін аномалиялары жоқ. Алайда жағымсыз жанұялық және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың мектеп жасына жеткен кезде мектепте жақсы оқуы үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары жоқ. Денсаулығының әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы, өз құрдастарынан психикалық дамуы жағынан артта қалуы, қауіп-қатер факторы, үлгермеушілік, мектепке үйрене алмаушылық, тәртібінің нашарлығының себептері болып табылады.  Сол міндеттердің бірі – адамдардың іс -әрекетіндегі, сана сезіміндегі ескіліктің қалдықтарын жою, адамгершілікке жат қылықтардың бәріне қарсы қажырлы күрес жүргізу болып табылады. Осы бағытта тәрбиелеуі «қиын» дейтін оқушыларды қайта тәрбиелеп, оларды үлгілер қатарына қосу жұмысының маңызы өте-мөте зор.

...

Скачать:   txt (127.2 Kb)   pdf (470.4 Kb)   docx (68.4 Kb)  
Продолжить читать еще 36 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club