А. Байтұрсынұлы ағартушы-публицист
Автор: Shynbolat1994 • Апрель 13, 2018 • Курсовая работа • 9,954 Слов (40 Страниц) • 947 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...............................................................................................................
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.............................................................................................4
1 А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ КӘСІБИ ҚАЗАҚ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
1.1 А.Байтұрсынұлының қаламгерлік қыры
1.2 Редакторлық–ұйымдастырушылық қызмет
2 А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ КӨТЕРІЛУІ
2.1 А. Байтұрсынұлы ағартушы-публицист
2.2А.Байтұрсынұлының ұлт-мүддесінің жаршысы.......................................
ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .........................................
1 А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ КӘСІБИ ҚАЗАҚ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
А.Байтұрсынұлының қаламгерлік қыры, қоғамдық-саяси қызметі
Қазақ халқының оқу ағарту ісін ілгері етуде әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының орны ерекше. Сондай-ақ, Алашорда Үкіметінің мүшесі ретінде Ахмет Байтұрсынұлы өзінің қайраткерлік қырын танытқан тұлға. Оның публицистикаға, ғылымға келуінің де бастауында қоғамдық-саяси өмірге араласуы тұрғаны анық. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясының авторларының бірі болған тұлға оқу-ағарту, әдебиетті зерттеу, публицистика саласына мықтап ден қойды. Бұл петиция авторлары халық атынан патша Үкіметіне жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне өзгерістер енгізуге мүдделі болуды, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтеріп, өздерінің нақты талаптарын қойды.
Жалпы, алғанда Қарқаралы петициясына авторлық етуі Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына өз әсерін тигізді. Әуелі халық сөзін патшалық Үкіметке жеткізуге ниеттенген автор ретінде ол публицистиканың негізгі мақсат-мұратын жете сезінді. Сол арқылы күйзеліске ұшырап, отаршылдықтан әбден тарыққан жергілікті жұрттың жанайқайын шығармашылығына арқау еткен Ахмет Байтұрсынұлы халық санасына педагогикалық әдістемеден бөлек идеологиялық тұрғыдан әсер етуге бел шешті. Алайда, қаламгердің бұл қылығы патшалық өкіметтің мүдделі мемлекеттік органдарына ұнай қоймады. Қуадалауға ұшыраған автор қай кезде болмасын өз шығармашылығының негізгі тақырыбынан ауыспады. Керісінше, қарсылық таныта жүріп, шираға түсті. Әрі шығармашылық қабілеті де еселене берді. Орынбор қаласына қоныстанған сәттен шығармашылығында жаңа бетбұрыстар кезеңіне аяқ басқан А.Байтұрсынұлы өзінің сенімді серіктері Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовтармен бірге «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Сол арқылы, қазақ даласында кезең-кезеңімен қалыптасып келе жатқан кәсіби қазақ публицистикасы толығымен қалыптасып болды.
Негізінен А.Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысты өлең жазудан бастаған. Өз шумақтарында автор көбіне отаршылдықтың езгісіне түскен қара орман қазақтың қайғы-қасіретін сөз етті. Сондай-ақ, халықты көп жағдайда қанауға түсіп қалуының басты себебін олардың оқу білімнен, ғылымнан хабарсыз қалғандығымен байланыстырып, жұртшылықты білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.
1909 жылы Санкт-Петербург қаласында Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Бұл жинақты автор орыс ақыны Иван Крылов шығармаларын аудару арқылы құрастырып шыққан.
Әдебиеттану ғылымындағы ерекше жанрды қаламына арқау еткен қаламгер өз шығармашылығында сол тұстағы қоғам мен биліктің теріс қылықтарын астармен суреттей білген. Жалпы, мысал сатиралық жанр болса да, оның оқырманға ой салатын сипаты жетерлік.«Мысал - өмірді шыншылдықпен суреттеуге, әр түрлі топтар өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер жасауға сөз өнерінде мысал жанрынан аскан көркемдік құрал жок. Ортақ сюжетке жазыла берер мысал жанрының типологиялық дәстүрі бар.Мысал арқылы өмірден алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал етуге болады. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан тұрмысқа ет-жақын суреттер ұласа келеді. Әртүрлі аңдар, әртүрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Адамдардың мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды мысал арқылы суреттеуге болады». [1] Мысал жанрының соны үлгісін Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» атты жинағынан көптеп кездестіруге болады. Аталмыш жинақтағы өлеңдерді бірнеше топқа бөліп қарастыруға болды .Мәселен, «Қырық мысалдағы»
...