Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ел ертеңі интеллектуалды ұрпақ қолында. Жылқыбай Жағыпарұлы «Егемен Қазақстан»

Автор:   •  Октябрь 25, 2018  •  Лекция  •  693 Слов (3 Страниц)  •  1,128 Просмотры

Страница 1 из 3

Ел ертеңі интеллектуалды ұрпақ қолында.                                                Жылқыбай Жағыпарұлы «Егемен Қазақстан»

         Жылқыбай Жағыпарұлының Ел ертеңі интеллектуалды ұрпақ қолында  -  деген сөзінен ақ көп нәрсені байқауға болады. Өткен  ғасырлардың өзінің өмір ағымын зерттеп,  біз өмір сүріп отырған ғасырда мемлекетіміздің экономикасын, әлеуметтік әлеуетін және саясатын, бір сөзбен айтқанда, болашақ дамуын интеллектуалды адам капиталы айқындайтындығын қортынды шығарды. Яғни өткен жылдармен болашақты салыстыра білді.  Ол өз мақаласын елбасымыздың «Интеллектуалды ұлт – 2020» жобасының басты идеясын түсіндірумен  бастады.   Жобаға келсек , жобаның ең басты мақсаты - бәсекеге қабілеттілік. Бәсекеге қабілетті болу үшін заман ағымынан саналы түре қалмау. Сонымен бірге білімнің салтанат құруы. Қазіргі заманғы жастардың білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуы ең басты нәрсе.  Яғни ол үшін елімізде білім сапасының жоғары болуы. Алайда Жылқыбай Жағыпарұлының осы мына жазған сөзінің шыныменде жаны бар: Бізде соңғы кездері Білім және ғылым министрлері екі – үш жылда бір ауысады.  Жаңа тағайындалған министрлер өз реформаларын жүргізе бастайды. Одан кейін келген министрлерде бұл бастамаларды жылы жауып қойып, өзінің көңіліне қонған бастаманы енгізеді. Сөйтіп «апамда аң-таң, мен де аң-таңмын» дегендей, еліміздегі барша мұғалімдер енгізілген өзгерістерді түсінуге ден қояды деп тұжырымдады.

          Орта білімді тұжырымдап болсақ енді жоғарғы оқу орындарына тоқталсақ. Шынымен де қазіргі кезде еліміздің білім беру саласымен еңбек рыногының арасында ешқандай байланыс жоқ. Себебі қазір көптеген жастар бітіріп шыққан мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Көбінесе педагогтар ғана мектептерге мұғалім болып жұмысқа тұрып жатады. Ал экономист, заңгер тағы сондай мамандықтарды бітірген студенттердің жұмысқа орналасуы белгісіз. Себебі жыл сайын осы мамандықтарды бітіретін мыңдаған студенттерді еңбек рыногы жұмыспен қамтамасыз ете алмайды. Шынмен де жоғары білімсіз де қоғамға қажетті нағыз кәсіби мамандық иесі болуға болады. Мысалыға: Қазіргі заманда қоғамда сұранысқа ие іскер шаштараз, кәсіби аспазшы т.б маман иесі болуға болады. Ынтаң болса өз қабілетіңді шыңдап ары қарай қоғам сұранысына сай жеке кәсібіңді ашып, дамытуғада болады. Жалпы айтқанда білім мен біліктілік ұштасқанда ғана экономика жемісті болмақ.   Мысалыға экономикаға бірден бір үлкен үлесін қосатын ол зауыт-фабрикалар. Бірақ көптеген зауыттарда құрал жабдықтар бар, тек қана техникалық кадрлардың жоқтығы қол байлау болып тұр. Басшылардың өздері де электрмен дәнекерлеушілердің, токарьлардың, слесарьлардың  жоқтығын растайды. Себебі ондай мамандықтарға қазіргі заманғы жастар қызығушылығының жоқтығы, оларды ынталандырушылардың да жоқтығы бірден бір себеп. Яғни қорта кететін болсам болашақта еңбек рыногының бірден бір көзі осындай қарапайым мамандықтардан басталатынын жастарға көбірек насихаттап, жол көрсетуіміз керек.

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (128 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club