ҚР МФ сәйкес дәрілік өсімдік шикізатының әр түрлі қоспаларды, қойма зиянкестерімен залалдануын анықтау
Автор: Kozhakyzy001 • Март 13, 2023 • Реферат • 1,042 Слов (5 Страниц) • 234 Просмотры
[pic 1] | «С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ. НАО«КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА» | |
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы | «Табиғи текті шикізатты талдау және стандарттау» пәнінің тәжірибелік сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық. | Вн.тел: 71 |
Страница из |
Білім бағдарламасы: Фармация
Кафедра: Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып: «ҚР МФ сәйкес дәрілік өсімдік шикізатының әр түрлі қоспаларды, қойма зиянкестерімен залалдануын анықтау».
Курс: 2
Пән: Табиғи текті шикізатты талдау және стандарттау
Алматы 2023
- Тақырып: «ҚР МФ сәйкес дәрілік өсімдік шикізатының әр түрлі қоспаларды, қойма зиянкестерімен залалдануын анықтау».
- Мақсаты: ҚР МФ сәйкес дәрілік өсімдік шикізатының әр түрлі қоспаларды, қойма зиянкестерімен залалдануын анықтау техникасын меңгеру.
- Міндеттері:
- ҚР МФ сәйкес дәрілік өсімдік шикізатының қоспаларын, қора зиянкестерімен залалдануын анықтау үшін дәрілік өсімдік шикізатына талдау жүргізу
IV. Ақпараттық-дидактикалық блок
Қойма зиянкестерінің болуына зерттеу дәрілік өсімдік шикізатын/препараттарын қабылдау кезінде, сондай-ақ жыл сайын сақтау кезінде міндетті түрде жүргізіледі.
Дәрілік өсімдік шикізаты/препараттар тірі және өлі зиянкестер мен олардың дернәсілдерінің бар-жоғын жай көзбен қарау арқылы немесе дәрілік өсімдік шикізат/препаратының партиясын/сериясын арнайы бөлінген сынамада сырттай қарау кезінде, сондай-ақ ұнтақталу мен қоспалардың құрамын анықтау кезінде лупаның (5-10×) көмегімен тексереді. Сонымен қатар, дәрілік өсімдік шикізаты/препараттарының, соның ішінде орау материалдарының кеміргіштермен зақымдалуына назар аударыңыз. Дәрілік өсімдік шикізатын/препараттарын қарау кезінде қойма зиянкестерімен зақымдалған шикізат/препарат бөліктерінің болуына назар аударылады, тігістерді, қаптама материалының қатпарларын, жәшіктердегі саңылауларды мұқият тексереді. Сынама талдауға түскен сәттен бастап 2 күннен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс. Жылдың суық мезгілінде (ауаның орташа тәуліктік температурасы 10 °С-тан төмен) талдау алдында шикізат сынамасы бөлме температурасында кемінде 1,5 – 2 сағат ұсталуы тиіс.
Дәрілік өсімдік шикізатының/препаратының аналитикалық сынамасы ± 5 г қателікпен өлшенеді, содан кейін саңылауларының мөлшері 0,5 мм болатын електен өткізіледі. Електен өткен шикізатта/препаратта кенелердің болуы; електе қалған шикізатта/препаратта – көбелектіңтжәне басқа тірі және өлі зиянкестердің болуы тексеріледі. Кенелер мен басқа зиянкестердің саны үлкейткіш әйнектің көмегімен; көбелектер, басқа зиянкестер – жай көзбен немесе үлкейткіш әйнектің көмегімен есептеледі.
Дәрілік өсімдік препаратының сериясында қойма зиянкестері анықталған жағдайда, ол ақаулы болады.
V. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1) ҚР МФ сәйкес дәрілік өсімдік шикізатының қоспаларын анықтау әдістері. ( 30%. ағылшын тілінде.)
2) ҚР МФ сәйкес дәрілік өсімдік шикізатының қора зиянкестерімен залалдануын анықтау әдістері. (50% орыс. тіл.)
VI. Оқытудың әдістері.
Репродуктивті: теориялық материалмен танысу, реферат.
Көрнекі: нормативтік құжаттамамен жұмыс.
Интерактивті: шағын топтарда жұмыс істеу, сұрақтармен шабуыл жасау, іскерлік ойын.
- Тақырып бойынша тапсырмалар:
1 ТАПСЫРМА. ҚР МФ сәйкес дәрілік өсімдік шикізатының қора зиянкестерімен залалдануын анықтау техникасын сипаттаңыз
...