Құрамында кардиостероидтары бар дәрілік өсімдік шикізаттар
Автор: Zaure Ernazar • Ноябрь 2, 2021 • Практическая работа • 1,751 Слов (8 Страниц) • 876 Просмотры
Практикалық сабақ 9
Тақырып: Құрамында кардиостероидтары бар дәрілік өсімдік шикізаттар
Зерттеуге арналған нысандар: Қара-қошқыл оймақгүлдің жапырақтары, ірі гүлді оймақгүл жапырақтары, түктігүлді оймақгүл жапырақтары, меруертгүл жапырақтары, жалынгүл шөбі, сұр ақбасқурай шөбі, строфант тұқымы, меруертгүлдің гүлі
Тапсырма 1. Ланатозидтің ферментативті гидролизінің сызбасын жаз. Гидролиз өнімдерін ата. Бұл процестерді шикізатпен жұмыс жасаудың қай кезеңдерінде қарастырған жөн?
Ферментативті гидролиз бұл гидролиз спецификалық ферменттерді қолдану арқылы мысалы: β-эмульсин, α-амилаза, рамнодиастазамен жүргізіледі. Нəтижесінде қанттардың конфигурациясын жəне гликозидтің құрамында бірнеше қант болса сол қанттардың арасындағы байланысты береді.
[pic 1]
ДӨШ | Кезеңдері |
Қара-қошқал оймақгүлдің жапырақтары Наперстянка пурпуровая листья Folia digitalis purpurea | Жапырақтарды жаздың ортасында жинайды. Құрғақ ауа-райында жинайды себебі, осы кезде күннің көзінде гликозидтердің жинақталуы күшейеді. Жинап алған соң тез 55-60 градус температурада кептіргіште кептіреді. |
Ірі гүлді оймақгүл жапырақтары Наперстянка крупноцветковая листья Folia digitalis grandiflora | Жапырақтарды жаздың ортасында жинайды. Құрғақ ауа-райында жинайды себебі, осы кезде күннің көзінде гликозидтердің жинақталуы күшейеді. Жинап алған соң тез 60-70 градус температурада кептіргіште кептіреді. |
Түктігүлді оймақгүл жапырақтары Наперстянка шерстистая листья Folia digitalis lanata | Жапырақтарды жаздың ортасында жинайды. Құрғақ ауа-райында жинайды себебі, осы кезде күннің көзінде гликозидтердің жинақталуы күшейеді. Жинап алған соң тез 60-70 градус температурада кептіргіште кептіреді. |
Меруертгүл жапырақтары Листья ландыша Folia convallaria | Жапырақтарды мамыр-маусым айында жинайды. Кептіргіштер мен желдетуді қолданған жөн. Ондағы температура 55-60 градус болуы қажет. |
Жалынгүл шөбі Трава горицвета Herba adonis | Жапырақтарды сәуір-маусым айларында жинау қажет. Жылы ауа-райында жинайды, кептіреді. Кептіру температурасы 40-50 градус. |
Сұр ақбасқурай шөбі Трава желтушника серого Herba erysimi diffusi | Жапырақтарды гүлдеудің басында жинау қажет. Пеште немесе ашық ауада кептіру қажет, ондағы температура 50-60 градус. |
Строфант тұқымы Cемена строфанта Semina strophanthi | Тұқымдарын піскен кезінде жинайды, күн түспейтін көлеңке жерде кептіреді. |
Меруертгүлдің гүлі Цветы ландыша Flora convallariae | Жапырақтарды мамыр-маусым айында жинайды. Кептіргіштер мен желдетуді қолданған жөн. Ондағы температура 55-60 градус болуы қажет. |
Тапсырма 2. Кардиостероидтар молекуласында стероидты ядро бар екендігін дәлелдеу үшін қолданылатын реакциялардың атауларын және реактивтердің құрамын жазыңыз. Бұл реакциялар қандай қасиеттерге негізделген?
Стероид сақинасына тән реакциялар.
Реакциялар сулы емес ортада қышқыл реагенттердің (концентрацияланған күкірт қышқылы, мұзды сірке қышқылы, сірке ангидриді, сурьма хлориді және т.б.) әсерінен қанықпаған жүйелердің түзілуіне негізделген. Галохромды, қарқынды түсті өнімдер беретін полиендер пайда болады, уақыт өте келе олардың түсі тез өзгереді.
1. Либерман-Бурхард реакциясы
0,5-1 мл зерттелетiн гликозидтер ерiтiндiсiне сірке қышқыл ангидридінің 50 бөлiгiнен және концентрлi күкірт қышқылының 1 бөлігінен тұратын коспанын 2-3 тамшысын тамызады. Зерттелетін ерiтiндiде журек гликозидтерi болса, реакция ортасы кызгылт түстен көк түске дейiн өзгереді. Реакция кұрғак пробиркада жургiзiлуi керек.
2. Розенхейм реакциясы.
0,5-1 мл зерттелетін жүрек гликозидтерiнiң ерітіндісін температурасы 70-80°С сулы жылытқышта құрғақ қалдыққа дейiн буландырады. Құрғақ калдыкка 1 мл 90% үшхлорлы сіркеқышқылының сулы ерітіндісін құяды. Зерттелетін ерітіндіде журек гликозидтерiнiн диен- байланыстары болса, реакция кезінде әуелі, қызғылт, қызылт-жасыл, содан соң онын түсi көк түске дейiн өзгереді.
...