Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дәрілік түрлерді микрокапсулалау. Микрокапсулалау әдістері. Стандарттау. Микрокапсула негізінде алынған дәрілік түрлер

Автор:   •  Апрель 5, 2020  •  Реферат  •  1,552 Слов (7 Страниц)  •  1,655 Просмотры

Страница 1 из 7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Дәрілер технологиясы кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Дәрілік түрлерді микрокапсулалау. Микрокапсулалау әдістері. Стандарттау. Микрокапсула негізінде алынған дәрілік түрлер. Микрокапсулаларды дәрілік түр ретінде жетілдіру жолдары.Нанокапсулалар.

Орындаған: Анашов Т.

Тобы: 402Б ФК

Қабылдаған: Тобағабылова Г.Н.

Шымкент – 2020

Жоспар

1.Кіріспе.

2.Негізгі бөлім.

     а)капсулаларды алу үшін қолданылатын заттар;

     б) микро- және нанокапсулалар;

     с)капсулаларды сынау және сақтау;

3.Қорытынды.

4.Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе

1. Әр түрлі мөлшердегі дәрілік заттарды салуға арналған желатинді негізден дайындалған арнайы орындар

2. Дайын мөлшерленген дәрілік түрлер – ұнтақ тәріздес, ұсақталған, паста тәрізді және сұйық дәрілік заттармен толтырылған желатинді капсулалар мен микрокапсулалар.

Капсулалар – басты компоненті желатин болып табылатын, қабықшаға салынған мөлшерленген дәрілік түр.

Биофармацевтикалық сипаттамасы:

  • Дәрілік заттың жоғарғы дәлдігі
  • Жоғары биожетімділік ( таблеткаларға қарағанда 4 – 5 минут кейін );
  • Дәрілік затты әр түрлі агрегаттық күйде беру мүмкіндігі
  • Жоғары өнімділік
  • Қолдануға көрсетулерiн кеңейту
  • Дәрілік заттардың жоғары тұрақтылығы сыртқы факторлардан қорғалған
  • Әдемі сыртқы түрі, жұту ыңғайлығы
  • Белгілі бір фармакокинетикалық көрсеткіштері тапсырмасының мүмкіндігі

Капсулаларды алу үшін енгізілетін заттар

  1. Пленкотүзуші ЖМҚ  50-ден жоғары белгілі бір механикалық беріктігі бар, иілгіш қабықшалар береді : желатин, казеин, зеин, майлар, парафин, целлюлозаның жай және күрделі эфирлері, полиэтилен, нейлон және т.б.
  2. Желатин малдың сүйегін, терісі мен шеміршегін қайнату арқылы алынатын белоктың заттардьң қоспасы. Молекула негізінде 19 аминқышқылдарымен, глицин (30%) аланин, пролин, гидроксипролин, глутамин түзілетін полипептидті байланыс жатыр. Сүйек пен тері коллагенін мацерацияға және қышқылдар мен негіздермен тазартуға ұшыратады,олар әр түрлі ұзындықтағы амиқышқылды тізбектерге, яғни желатинге ыдыратады. Ыдырау әдісін желатин А (қышқылды) немесе желатин В (негізді) анықтайды. Бұлар бір-бірінен кейбір физико-химиялық көрсеткіштерімен ажыратылады. Қоспа капсула қабышаларының ең қолайлы сипаттамаларын алуға мүмкіндік береді (беріктік,тұтқырлық, рН).
  3. Пластификаторлар — капсула қабықшаларына қажетті иілімдік қасиет беретін заттар,  негізінен глицерин, кейде сорбит, полиэтиленгликоль және т.б заттар (жалпы капсула массасынан 50%-ға дейінгі көлемде);
  4. Консерванттар — микробты ластануды мүмкіндігінше болдыртпайтын заттар; нипагин (0,4%), нипазол (0,4%), сорбин қышқылы (0,1 – 0,2%) және т.б.

бояғыштар: мөлшері бір капсулада 50 мкг аспайды.

  • табиғи - кармин қышқылы, хлорофилл, b-каротин т.б.,
  • бейорганикалық дақтар - темірдің сары, қызыл және қара тотығы, титанның қос тотығы,
  • Медицинада қолдануға рұқсат етілген органикалық синтетикалық бояғыштар;

Берілген қасиеттері бар капсулалар

     Ішекте еритін капсулалар (ішекте дәрілік заттың босатылуымен)

  • Дайын және толтырылған капсулаларға пленкалы қабаттары - шеллак, целлюлозаның жай және күрделі эфирлері, полиметакрилаттар, стирол мен малеин қышқылының сополимерлері, табиғи балауыздар, натрий альгинаты т.б– кеңінен қолданылады.
  • Ішекте еритін капсулалардың қасиеттерін толтырғыштың өзіне беруі— ішекте еритін пленкалы қабаттар тікелей гранулалар мен микрокапсулаларға жағылады- кеңінен қолданылады;

    Ректальды капсулалары (ұзартылған босатылуымен).

  • Капсула қабықшаларын алу үшін негіз құрамына қатырғыштарды енгізу. (альдегидтер, натрий альгинаты) -   Әдіс кең қолданыс таппады;
  • Дайын және толтырылған капсулалардың қабықшаларын капсулалардың ыдырауын баяулату үшін және асқазанның бұзылуын болдырмау үшін қатырғыштармен (формальдегид) өңдеу.(қолданылмайды);
  • Дәрілік қалыптан дәрілік заттың тез босатылуына кедергі жасайтын заттардың әдісін енгізу, - акрилді полимерлер, целлюлозы туындылары (микрокристаллды  целлюлоза, ОПМЦ, МЦ т.б).

Микрокапсулалар

Микрокапсулалар - полимерлі немесе басқа материалдан жасалған жұқа қабықшадан тұратын, қатты немесе сұйық  белсенді әсер етуші заттарды құрайтын, өлшемі 1-ден 2000 мкм-ге дейінгі шар тәріздес капсулалар.

            

        Микрокапсулалау – қатты, сұйық немесе газ тәріздес дәрілік заттардың микроскопиялық бөлшектерін қабықшаға салу үрдісі. Микрокапсулаға салынған бөлшектердің өлшемі кең шамада өзгеріп отыруы мүмкін: 1-ден 6500 мкм дейін, яғни майда гранулалар мен капсулалардың өлшеміне дейін. Медицинада кең қолданысқа өлшемі 100-ден 500 мкм-ға дейінгі микрокапсулалар ие.

...

Скачать:   txt (24.2 Kb)   pdf (165.3 Kb)   docx (19.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club