Ферменты
Автор: Tleukhanovaa • Апрель 24, 2022 • Творческая работа • 954 Слов (4 Страниц) • 213 Просмотры
Мен бір қызық оқиғаммен бөліскім келіп тұр. Бір күні ананас жеп отырып, аузым уылып, тілім ойылып кеткенін байқадым. Сол кезде көкейімде “бұл не үшін болды екен” деген ой туды. Сосын осы құбылыс не себептен болғанын зерттеп көрейін деп шештім. Ол үшін, барып ананастың бір кішкентай бөлігін кесіп алып, оны микроскоптайтын болдым. Ең қызық әңгіме осы жерде басталды. Себебі өмірімде болмаған таңғажайып құбылысқа тап болдым.
Заттық шыныны дайындап, оған ананастың шырынын тамызып, түс беру үшін кішкене бояу қосып, микроскоптауды бастадым. Сөйтіп әдеттегідей микроскоппен жанағы шырынды зерттеп, қарап отырсам бір өте кішкентай “тірі заттар” жарқырап көріне бастады. Бұрын ондайды байқамаппын, қызығып кетіп, зер салып қарап отырсам, олар көп екен, барлығы тыңбай жүгіріп жүріп, бір жұмыстарын атқарып жатыр екен.Адамдар сияқты демалуға құмар емес, бір-бірін жетектеп, отырғызбай, демалдыртпай жұмысқа салатын көрінеді. Кәдімгі тірі жандар сияқты, өздерінің қоғамы бар екен. Сосын мен олардың ішінен тек біреуін ғана аңдыйын деп шештім. Аңдып отырсам, ол да маған қарап-қарап қояды. Ішімнен “-бұл “затта” мені байқап тұрған сияқты”, деп ойлап, онымен әңгімелесіп, олар туралы жақсырақ білгім келіп тұр. Сол сәтте ойлағаным орындала кетті! Мен бір ғажайып құбылыстың арқасында олардың әңгімелері мен тілін түсіне бастадым. Сосын бағана аңдып отырған “затты” әңгімеге тартып көрсем, ол қуана кетті. Ол да менімен әңгімелескісі келіп тұр екен. Сөйтіп, ең бірінші кезекте мен оның атын сұрадым. Ол менімен “мен табиғатым - “фермент, энзим”, атым – “бромелайн”, -деп танысты. Мен оны өзімше “Энзимов Бромелайн Ферментович” -деп те адамға ұқсаттым.
Сөйтіп, ферменттер қандай заттар, қандай қызметтер атқаратынын біртіндеп сұрай бастадым:
Айгерім (А)
Бромелайн (Ф) – фермент
А: Сендер кімсіңдер, табиғатқа не үшін керексіңдер?
Ф: Біз барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздармыз. Химиялық реакцияларды 1000-100 000 есе жеделдетеміз, биологиялық катализаторлармыз. Бізді зерттейтін ғылым саласын “энзимология” деп атайды. Ол басқа ғылымдармен: биология, генетика, фармакология, химиямен тығыз байланысты , -деп жауап берді.
А: Сонда сендердің ашылу тарихтарың қандай?
Ф: Фермент немесе энзимді 19 ғасырда Ван Гельмонт ұсынған. Ферменттердің қызметі туралы алғашқы ғылыми еңбекті Кирхгофф 1814 жылы жариялады. Бізді ең алғаш таза күйде 1926 жылы жас биохимик Дж.Самнер кристалл түрінде бөліп алған. Тарихымызда зерттеліп табылған ферменттердің саны 6000-ға жуық. Олардың бәрі де белокты заттар болып табылады,- деді.
А: Солай де, қызық екен. Біз адамдар әртүрлі қызметтер атқаратын мүшелерден тұрамыз, мысалы: өкпе, бауыр, жүрек деген сияқты. Ал сендер неден құралғансыңдар?
Ф: Біздің де сондай мүшелеріміз бар, және олар да әртүрлі қызметтер атқарады. Олар: 1)апофермент – ақуыз денесі (белоктық бөлігі), 2)каталитикалық орталық, 3)субстраттық орталық, 4)ақуыздың активті бөлігі, 5)аллостериялық (реттегіш) орталық.
Фермент молекуласының субстратпен тікелей тиісіп жанасатын бөлігін ферменттің активті орталығы деп атайды.
Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы бар амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі. Активті орталық кеңістік пішінді, ол ферменттің полипептидтік тізбегінде бірінен-бірі қашық орналасқан жеке амин қышқылдарының өзара жақындасуынан пайда болады.
-Мысалы, сендер – қазақтар Жүзден, Рулардан тұратын сияқты, біз де осы құрылысымыздағы мүшелерімізге байланысты Жүз ретінде: қарапайым және күрделі болып бөлінеміз.
Қарапайымдарымыздың түрлері: рибонуклеаза, пепсин, трипсин, химотрипсин, папаин,амилаза-гидролаза класстары.
Ал күрделі ферменттер - апофермент(ақуызды
...