Невропатологияға кіріспе
Автор: Mazhilisovae03 • Февраль 21, 2021 • Лекция • 925 Слов (4 Страниц) • 1,036 Просмотры
Невропатологияға кіріспе
Невропатология негіздері. Невропатология пәні. Мақсаты. Балалар денсаулығын сақтау мен нығайту, олардың жан-жақты және үйлесімді дамуы көп тарапта болашақ ұстаздарды даярлау деңгейіне байланысты. Бұл пән жүйке жүйесінде өтетін үрдістердің жалпы заңдылықтарын, талдағыштар қызметінің тетіктерін, патологиядарын, емдеу мен алдын алу жолдарын білуге, жоғарғы жүйке әрекетін тереңдетіп қарастырады. Дефектология саласындағы маман даярлауда жоғарғы жүйке әрекеті үрдістерін, адамның жүріс-тұрысы мен тәртібінің нейрофизиологиялық негіздерін оқыту ерекше маңызды болып табылады. Болашақ маман балалармен және жасөспірімдермен кәсіби қызметін ұйымдастырып, жүргізу барысында өсіп, қалыптасып келе жатқан организмнің жүйке жүйесінде өтетін анатомиялық, физиологиялық үрдістерді ескеру қажет, алған біліміне сүйене отырып, баланы түзете-дамыта оқытуды ұйымдастырып, өткізген кезде тиімді пайдалана білу керек.
Невропатология білу үшін алдымен – құрлысы айтып өтіледі және жүйке жүйесінің қызметін зерттейтін, физиологияның арнайы бөлімі, ол физиология ғылымынан әлдеқайда кеш дамыған. XIX екінші жартысына дейін нейрофизиология жануарларға тәжірибе жасауға негізделген эксперименталдық ғылым ретінде дамыды. Шындығында да жүйке жүйесінің негізгі қарапайым қызметі жануарлар мен адамға ортақ. Ондай қызметтерге мыналар жатады: нерв талшығының бойымен нерв импульсінің берілуі; нерв импульсінің бір жасушадан келесі жасушаға берілуі; қарапайым рефлекстер, мысалы аяқ-қолдың бүгілу және жазылу рефлекстері; қарапайым жарық, дыбыс, тері тітіркенуін сезу және қабылдау және т.б.
Эксперименталдық физиологияның жаңадан дамып келе жатқан шағында кең таралған зерттеу нысаны бақа болғандығы белгілі. Тек жаңа зерттеу әдістері ашылғаннан кейін ғана жоғарғы жүйке әрекеттерін тексеру мүмкіндігі пайда болды.
2. Өзіндік рецептивтік түзілістердің ең қарапайым түрін біз инфузорияларда (біржасушалыларда) кездестіреміз. Тірі организмдер дамуындағы келесі кезең біржасушалылардың шоғыры болды, олардың пайда болуы біржасушалы тірі жәндіктердің топтарға бірігуімен байланысты. Бұл кезде жасушалардың бір қатары бетінде, ал басқалары ішінде қалды. Көпжасушалы жануар гидраның деңгейінде жасушалар арасында тұрақты байланыстар пайда болады. Гидра денесі қапқа ұқсайды. Ерекше жүйке жасушалары оның денесінің ішкі және сыртқы бетінде шашыранды орналасқан. Нерв жасушаларының бір-бірімен тор, яғни жүйке жүйесінің алғашқы элементін түзіп, қосылуын қамтамасыз ететін өсінділері болады. Жүйке жүйесінің жетілуі бірнеше бағытта жүреді. Біріншіден, жүйке жасушалары топқа бірігіп, ганглий түзеді, бұл әрі қарай жүйке жүйесі құрылысының ганглионарлы түрінің қалыптасуына жағдай жасайды. Екіншіден, нерв жасушаларының басты қызметінің түріне қарай (сезгіш және қозғалтқыш) арнайы жетілуі жүреді, мұның нерв жүйесінің күрделі құрылымдарының қалыптасуында маңызы бар. Үшіншіден нерв өсінділерінің арнайы жіктелуі орын алады; нәтижесінде тітіркендіруді қабылдайтын қысқа өсінділер мен тітіркенуді беретін және жасушаларды бір-бірімен байланыстырып, жүйе құрайтын ұзын өсінділер пайда болады.
Жүйке жүйесiнiң анатомиясы
Жүйке ұлпасы. Нейрондар, нейроглия. Нейрондардың түрлері, құрылым бөліктері.
Нерв импульсінің пайда болу тетіктері. Ми қыртысының цитоархитектоникасы.
Нерв жүйесін нерв клеткаларының жиынтығы мен нерв бұтақтары (өткізгіш жолдар) құрайды. Ол орталық (ми және жұлын), перифериялық (жүйкелер, жүйке өрімдері және түйіндері) және вегетативтік нерв жүйесі (симпатикалық, парасимпатикалық) болып бөлінеді.
Нерв клеткасы одан шығатын бұтақтарымен
...