Невропатология негіздері
Автор: madinatashetova • Апрель 19, 2018 • Лекция • 18,360 Слов (74 Страниц) • 1,969 Просмотры
[pic 1]
М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПӘН БОЙЫНША
Дәрістер курсі
Невропатология неғіздері
5В010500 «Дефектология»
мамандығы үшін
Кредиттер саны 3
Петропавл қ.2015 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
МУРЗАБАЕВА М.Д.
Дәрістер курсі
«Невропатология неғіздері» пәнінен
5В010500 Дефектология мамандығы үшін
Петропавл қ.
2015 ж
Пікірсарапшы:
Иманов А.К. г.ғ.к., доцент
Құрастырушылар:
1. Мурзабаева М.Д. г.ғ.к., доцент
Дәрістер курсі «Невропатология неғіздері» бойынша мәліметті құрайды. Диагностикалық заманауи әдістер, аурулардың сипттамалары, мүшелердің анатомиялық ерекшеліктерінің сипаттамасы берілген. «Дефектология» мамандығы тәлімгерлері үшін арналған материал баяндалған.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың Сапа менеджменті жүйесі
ISO 9001:2008 талаптарының сәйкестілігіне сертификатталған
[pic 2]
«Невропатология неғіздері»
Дәрістер курсі
келесі отырысында қаралып және бекітуге ұсынылған
Саз –педагогикалық оқу – әдістемелік кеңесі
2015 ж. "12" мамыр № 7 хаттама
СПФ факультетінің ОӘҚ төрағасы Саржанова А.Н
«Психология» кафедрасы:
2015 ж. "11" мамыр № 9 хаттама
Кафедра меңгерушісі Иманов А.К
«Невропатолргия неғіздері» пәні бойынша жұмыс Дәрістер курсі әзірлеген
1.Мурзабаева М.Д., доцент
1. Тақырып: Кіріспе
Невропатология пәні. Жалпы және арнайы педагогикада олардың мәні Педагог-дефектологты дайынду жүйесінде невропатологияының рөлі. Невропатологияның тарихы. Жүйке жүйесінің қызметі және құрылысының базистік түсініктерін қалыптастыру туралы Гиппократтың, Ибн-Синаның, Д.Морганның, Т.Виллизии, Я.Сильвия, К.Варолия еңбектерінің мәні. И.М.Сеченов, И.П.Павлов, Н.Е.Введенский, А.А.Ухтомскийдің жүйке жүйесі қызметінің дамуы туралы түсініктері және рөлі. Невропатологияның дамуындағы отандық және шетелдік ғалымдардың рөлі.
Нейрондық теория жұйке ұлпасының құрылысы туралы білімді тереңдетті. Бірақ бұл теория жұйке қызметінің рефлекторлық принципте құрылған негізгі заңдары неврологияда әлі жетекші рөлге ие болмаған кезеңде пайда болғанын ескерген жөн. Р. Вирховтың организмді мұшелер мен жұйелердің механикалық жиынтығы деп көрсеткен ой-пікірлері басым маңызға ие болды. Нейрон теориясын ұсынушылар нейронды құрылым элементі ретінде қарастырып қоймай, оған физиологиялық бірлік маңызын берді. Мұндай көзқарас, әрине, жеке нейрондар қызметінен құралған біртұрлі механикалық жиынтық ретінде анықталған жұйке жұйесінің бұтіндей қызметін дұрыс тұсінбеушілікке әкелді. Мұндай пікір сол заманғы нейрон теориясын қолдаушыларды қанағаттандыра алған жоқ. Қазіргі заманғы нейрофизиология ұлкен жарты шарлар қыр- тысының бұтіндей қызметінің заңдылықтарын рефлекторлық принцип төрғысынан анықтайды. Осыдан қозу мен тежелу процестерінің бағытталуы жеке нейрондар қызметіне ғана емес, бірқатар әртұрлі әсерлерге тәуелді болады. Мұндай жағдайда синапстар қызметінің нәтижесінде құрылатын жаңа сапа зор маңызға ие болады. Синапстар жеке нейрондарды жаңа сапалық категорияға біріктіреді. Міне осы байланыстардың негізінде жұйке қызметін іске асыратын физиологиялық механизмдер, яғни ми мен жұлынның сансыз рефлекстері тұзіледі.
...