Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үлкен ми қыртысынан мишыққа баратын төмендеген жолдар

Автор:   •  Декабрь 3, 2021  •  Реферат  •  312 Слов (2 Страниц)  •  177 Просмотры

Страница 1 из 2

Үлкен ми қыртысынан мишыққа баратын төмендеген жолдар.

          Мишық - ортаңғы мидың қызыл ядросы және көпірдегі кіреберістік ядролармен байланыстары арқылы -  бас, тұлға, қол мен аяқ бұлшықеттерінің жиырылуын үйлестіруге қатысады.

          Үлкен ми сыңарлары мишықтың  қызметін басқарып реттеп отырады. Оның бұл қызметі қыртыс – көпір – мишық жолы, tractus corticopontocerebrallis, арқылы іске асады. Бұл жолдың бірінші нейрондарының денесі маңдайлық, шекелік, самайлық және шүйделік үлестердің қыртысында орналасады (5 қабатта).

          Осыған байланысты: маңдай көпірлік жол, tractus frontopontinus, және шүйде – самай - шеке – көпірлік жол, tractus occipitotemporoparietopontinus, ажыратылады. Олар үлкен мидағы ішкі қапшық, capsula interna, арқылы түсіп ми аяқшасының медиалды және латералды бөліктері арқылы өтеді де, көпірде қыртыс – көпір жолына, tractus corticopontinus, бірігеді. Бұл жол көпірдің меншікті ядроларында аяқталады. Меншікті ядро нейрондарының аксондары қарсы жаққа өтіп көпір – мишық жолын, tractus pontocerebrellaris, түзеді де, мишықтың ортаңғы аяқшасын құрайды. Бұл талшықтар мишық сыңарларының қыртысында аяқталады.

           Сонымен, үлкен ми сыңарлары мишықтың қарама – қарсы сыңарларымен  байланыста болады. Сондықтан үлкен ми қыртысы неғұрлым күшті дамыса, мишық қыртысы да соғұрлым күшті  дамиды.

Мишықтың төмендеген өткізгіш жолдары  

     

       Мишық дене тепе – теңдігін қамтамасыз етуге қатысады.  Нервтік импулс мишықтың қыртысынан тісті ядроға, одан мишықтың жоғарғы аяқшасы арқылы ортаңғы мидың қызыл ядросына беріледі. Бұл ядролардың аксондары қызыл ядро – жұлын жолын түзеді. Аталған жол талшықтары жұлынның қозғатқыш ядроларында аяқталады. Қозғалтқыш нейрондардың аксондары жұлын нервтерінің құрамында қаңқа бұлшықеттерін   нервтендіріп, олардың жиырылу үйлесімділігін, яғни дене тепе –теңдігін қамтамасыз етеді.

...

Скачать:   txt (3.4 Kb)   pdf (72.4 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club