Ми ісіктерінің визуалді диагностикасы
Автор: r.orinbasarovna • Май 2, 2018 • Реферат • 1,415 Слов (6 Страниц) • 1,690 Просмотры
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Мамандығы: Стоматология
Пәні: Визуалды диагностика
Курс: II
Тобы: 202
Тақырыбы: Ми ісіктерінің визуалді диагностикасы.
Орындалу түрі: реферат
Орындаған: Исабеков Р.Қ.
Тексерген: Тойметов Ш.П
Ақтөбе 2016 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А) Ми ісігінің даму себептері
Б) Ми ісігіне визуалды диагностика жүргізу
В) Компьютерлік томография әдісі
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Бас ми ісігі - бұл бас ми тінінің онкологиялық ауруларының үлкен тобы. Олар жасушалардың бөліну мен түзілуінің бұзылыстары нәтижесінде дамиды. Ісіктің аталуы оның қай жерде орналасуына байланысты. Мысалы, глия жасушаларында болса – глиома, бас ми нервтерінде болса – невриома. Бас ми ісігі қатерлі және қатерсіз болады. Және кез келген жаста осы дертке шалдығу байқалады. Бас миы ісігінің негізгі ерекшелігі – ол қатты шектелген - бас сүйек қуысында дамиды және ерте ме, кеш пе ол жақын жатқан, сонымен қатар алыс қашықтықтағы ми бөліктерін де зақымдайды.
[pic 1]
Бас миы ісігінің жасуша құрамына байланысты бірнеше түрлерін ажыратады:
- Нейроэпителиальды ісіктер (эпендимома, глиома, олигодендроглиома).
- Ми қабықтарындағы ісіктер (менингиомы).
- Метастаздық ісіктер .
- Гипофиз ісіктері (гипофиз аденомасы).
- Бас сүйек нервтерінің ісіктері (есту нервісінің невриномасы және т.б.).
- Тамырлық ісіктер.
- Дизэмбриогенентикалық ісіктер.
- Сонымен қатар, біріншілік және екіншілік бас ми ісіктерін ажыратады.
- Біріншілік ми ісігі кезінде процесс бас миының өзінде дамиды. Ал екіншілік ми ісігі кезінде миға ісік клеткалары қан арқылы басқа қатерлі ісікке шалдыққан мүшелерден келеді. Мысалы, өкпе рагі, сүт безі, тоқ ішек рагі, меланома т.б.
- Қатерсіз бас миы ісігі орналасуы мен мөлшеріне байланысты адам өміріне қауіпті болуы мүмкін. Бас миының қатерсіз ісігі жылдам өседі, шекарасы анық, метастаз бермейді, бірақ олар өлшеміне байланысты ұлғайып, қоршаған тіндерді зақымдайды. Сөйтіп, әртүрлі қабыну мен бас ми ішілік қысым тудырып, бас ауырсынуы, жүрек айну, құсу, көрудің бұзылыстарын т.б. тудырады.
- Бас миының қатерлі ісігі өте жылдам өседі, аурудың бастапқы сатысының өзінде пациент жағдайы нашарлайды. Олар бас миының жасушаларын және қызметін бұзады. Сөйлеу, көру, тепе-теңік бұзылыстарын және салдануға әкеледі.
Бас ми ісігіне әкелетін себептер толықтай белгісіз. Дегенмен бірнеше факторларды атап айтуға болады. Олар:
- Қоршаған ортаның жағымсыз факторлары;
- Шылым шегу;
- Бас миы ісігіне шалдыққан жақын туыстары болса, тұқым қуалау арқылы;
Статистика бойынша токсоплазмозбен зақымдалу бас миы ісігіне жиі душар ететіндігі анықталған. Бұл бір клеткалы токсоплазма ми рагіне шалдығуды 2есе арттырады.
Бас миы ісігі. Ісік сфера немесе сопақша пішінді, оның көлемі 7-10см. Ісік беткейі тегіс немесе аздап түйінделген. Кесіндісінде ткань қызыл немесе сары түсті, талшықты. Ісікте жұмсарған ошақтар және қан құйылулар анықталады. Ақыры: бас сауыты ішілік қысымның жоғарылауы, ісік сүйекке өтуі мүмкін. Өте сирек метастаз береді.
...