Ми қыртысы мен мишық арасындағы байланыс: қозғалысты басқарудан когнитивті функцияларға дейін
Автор: Togzhan Seidaly • Февраль 6, 2025 • Статья • 2,097 Слов (9 Страниц) • 48 Просмотры
“Ми қыртысы мен мишық арасындағы байланыс: қозғалысты басқарудан когнитивті функцияларға дейін”
Түйін:Мақалада ми қыртысы мен мишық арасындағы өзара байланыс және олардың қозғалысты басқару мен когнитивті функциялардағы рөлі қарастырылады. Авторлар осы екі құрылымның анатомиялық және функционалдық өзара әрекеттесуін талдай отырып, қозғалыс үйлесімділігі мен тепе-теңдікті сақтаудағы мишықтың маңыздылығын, сондай-ақ когнитивті процестердегі, мысалы, зейін, тіл және жұмыс жадысындағы ықпалын зерттейді. Сонымен қатар, мишықтың когнитивті функцияларға қатысуы туралы заманауи зерттеулердің нәтижелері мен әдістері, оның ішінде нейровизуализация және нейропсихологиялық бағалау тәсілдері талқыланады. Мишықтың когнитивті процестерге қатысуының нейробиологиялық механизмдерін түсіну неврологиялық және психикалық бұзылыстарды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін түсінуге ықпал етуі мүмкін
Кілт сөздер: Ми қыртысы,Мишық,когнитивті функциялар,нейрондық байланыстар
“Связь между корой головного мозга и мозжечком: от управления движением до когнитивных функций”
Резюме:В статье рассматривается взаимосвязь между корой головного мозга и мозжечком, а также их роль в управлении движением и когнитивных функциях. Авторы анализируют анатомическое и функциональное взаимодействие этих двух структур, исследуя важность мозжечка в координации движений и поддержании равновесия, а также его влияние на когнитивные процессы, такие как внимание, речь и рабочая память. Кроме того, обсуждаются результаты современных исследований, посвященных участию мозжечка в когнитивных функциях, а также методы, включая нейровизуализацию и нейропсихологическую оценку. Понимание нейробиологических механизмов участия мозжечка в когнитивных процессах может способствовать разработке новых методов диагностики и лечения неврологических и психических нарушений.
Ключевые слова: Кора головного мозга, Мозжечок, когнитивные функции, нейронные связи.
“Connection Between the Cerebral Cortex and the Cerebellum: From Motor Control to Cognitive Functions”
Resume: This article explores the interconnection between the cerebral cortex and the cerebellum, and their roles in motor control and cognitive functions. The authors analyze the anatomical and functional interactions of these two structures, emphasizing the cerebellum’s importance in movement coordination and balance maintenance, as well as its impact on cognitive processes such as attention, language, and working memory. Additionally, the article discusses the results and methods of contemporary research on the cerebellum’s involvement in cognitive functions, including neuroimaging and neuropsychological assessment techniques. Understanding the neurobiological mechanisms of cerebellar involvement in cognitive processes may contribute to the development of new methods for diagnosing and treating neurological and psychiatric disorders.
Keywords: Cerebral cortex, Cerebellum, Cognitive functions, Neural connections.
Мақсаты: Бұл мақалада ми қыртысы мен мишық арасындағы байланыстарды зерттеу, олардың қозғалысты басқару және когнитивті функциялардағы рөлін түсіндіру мақсат етілген. Ми құрылымдарының анатомиялық және функционалдық аспектілерін талдау арқылы олардың өзара әрекеттесуі және түрлі нейропсихологиялық процестердегі маңызы қарастырылады. Сонымен қатар, ми қыртысы мен мишықтың зақымдануына байланысты бұзылулар мен оларды диагностикалау, емдеу және реабилитациялау әдістері де зерттеледі.
Ми- адам денесінің орталық жүйке жүйесінің ең маңызды бөліктерінің бірі болып табылады, ол барлық физиологиялық процестерді басқаруға, сыртқы ортадан келетін ақпаратты қабылдауға және оған сәйкес әрекеттер жасауға жауапты. Ми қыртысы мен мишық — адамның қозғалыс қабілетін, когнитивті функцияларын және мінез-құлқын реттейтін маңызды құрылымдар болып табылады. Бұл екі құрылым өзара тығыз байланысты болып, бір-бірін толықтырады, бірақ олардың қызметтері әртүрлі әрі өте маңызды.
Ми қыртысы адам миының сыртқы қабатын құрайды, ол жоғары деңгейдегі психикалық қызметтерге, ойлауға, шешім қабылдауға, жоспарлауға, еске сақтауға және тілдік әрекеттерге жауап береді. Сонымен қатар, ми қыртысы адамның моторлық дағдыларын, сезімдерін, қабылдау қабілеттерін өңдейді. Бұл құрылым когнитивті функциялардың негізі ретінде әрекет етеді,
...