Алтайдың етегі-үлкен дәріхана
Автор: agn777 • Апрель 27, 2018 • Реферат • 481 Слов (2 Страниц) • 577 Просмотры
Алтайдың етегі-үлкен дәріхана.
Ақсу ауылында марал пантысы, бал, емдік шөптер мен тамырлардың негізінде фармакологиялық дәрі-дәрмектер шығаратын цех жұмыс істейді. Қазақстандық-кореялық кәсіпорын мен “Ақсу-ДЭЕН” ЖШС бірлескен түрде оның құрылуы-жаңа мыңжылдық басында панты өнімдерін саудалауда қиындықтарға тап болған көптеген марал шаруашылықтарының жағдайын тұрақтандыруға ықпал етті.
Жаңа оңтүстік кореялық құрал-жабдықтар орнатылған фармакологиялық цехқа облыстың көптеген марал шаруашылықтары өз пантысын өткізетін. Өз кезегінде кәсіпорын менеджмент жүйесін, Қазақстанның ірі қалаларында бірнеше сауда нүктелерін құрды, олар арқылы даяр өнімді сатып, панты шикізатын ,тасымалдаушылармен есеп айырысып отырды. Дегенмен, долларға қатысты теңгенің күрт құнсыздануына байланысты, жағдай түбегейлі өзгерді. Өндірілетін өнім мөлшері айтарлықтай төмендеді.
Қазіргі уақытта “Ақсу ДЭЕН”ЖШС-нің фармакологиялық цехында отыздан астам дәрі-дәрмектер шығарылады, олардың үштен бір бөлігі марал пантысының негізінде өндіріледі. Олардың барлығы ИСО-9001 халықаралық стандарт сапасының талаптарына сай.
Әрине, панты өнімдері-марал мүйізінің негізінде даярланған пантогемотоген, пантокрин және басқа дәрі-дәрмектер анағұрлым сұранысқа ие. Бірақ, соңғы уақытта «Ақсу ДЭЕН» ЖШС шығаратын емдік шөптер қоспалары мен олардан даярланатын бальзамдар, шырындар, эликсирлерге үлкен сұраныс, өйткені олардың құрамына 5-6 емдік өсімдіктер енгізілген. Мысалы бронхы астмасын, басқа да тыныс жолдарының сырқаттарын емдеу үшін қолданылатын қарандыз,
...