Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Денсаулықты сақтау және ас мөлшерін есептей білу – үлкен өнер

Автор:   •  Октябрь 11, 2018  •  Практическая работа  •  2,096 Слов (9 Страниц)  •  1,311 Просмотры

Страница 1 из 9

Күні:  10.10.2017ж.                      Сыныбы:      7 а                            

Сабақ тақырыбы

Денсаулықты сақтау және ас мөлшерін есептей білу – үлкен өнер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А6  Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.

ӘТН2. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: диалогке қатысып, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай біледі.

Көбі: мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды.

Кейбірі: интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.

Күтілетін  нәтижелер

Денсаулыққа ненің пайдалы, ненің зиян екенін ұғынады, сөздік қоры молаяды.

Сабақтың түрі

Білім мен дағдыны қалыптастыру сабағы

Оқыту әдістері

«Кімнің жады мықты?»,  «ПОПС формуласы» әдісі, «Ашық кітап  және Жабық  кітап» әдісі,  диалогтік оқыту, сұрақ-жауап әдісі.

Дереккөздер

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар.

Тапсырмалар

Өткен сабақты тексеру

«Жалған немесе Ақиқат» әдісі

І.  Қызығушылықты ояту

Оқушыларға «Өнер деген не?», «Қандай өнер түрлерін білесіңдер?» деген жетек сұрақтар қоя отырып, сабақтың тақырыбына түсеміз. Калория мөлшері, энергия шығыны деген екі термин сөзді сөздік қорымызға енгіземіз.

ІІ.  Мағынаны  тану

ІІІ.  Қорытынды

ІV. Бағалау

3 топқа жеке тапсырма (бұл жерде тапсырма ортақ, мәтін әртүрлі):

І   ТАПСЫРМА

БІЛУ.  ТҮСІНУ.

  1. А) Оқылым – Айтылым – Жазылым дағдылары қамтылады.

Тапсырма:  Тірек сөздердің және термин сөздердің астын сызыңыз.  Тірек сөздердің көмегі арқылы мәтінді  «Менің ойымша ...», «Себебі, мен оны ....  деп түсіндіремін», «Осыған  байланысты мен ...  деген шешімге келдім» деген  пікірлер төңірегінде өз ойларыңызды дәлелдеңіз.  

Қойылатын ТАЛАП:

  • Негізгі тірек сөздерді анықтайды;
  • Терминдерді анықтайды;
  • Ұсынылған пікірлер төңірегінде ойын нақты жеткізеді;
  • Ойын нақты жеткізуде дәлелдемелерін өмірмен байланыстырады.

1-топ:

Калория деген не? Калория – қуат (энергия) мөлшерін есептейтін бірлік. Калория десе бірден есімізге тамақ түседі. Алайда ол энергияға қатысты заттың барлығында болады. Мысалы 1 литр бензинде 1 750 000 калория болады. Көбінесе килокалория мөлшері тағамдардың сыртында, фитнес залдарында, жүгіретін жолдарда экран бетінде жазулы тұрады. Барлық жерде бірдей жазылмайтындықтан, өзіміз де есептей білуіміз керек. Калория қалай жұмыс істейді? Тыныс алу, қозғалу, бір ағзадан екінші ағзаға қан тарату үшін, қысқасы өмір сүру үшін адамға қуат қажет. Ал қуатты тағамнан аламыз. Тағамның калориясын мына көрсеткіш бойынша есептеуге болады: 1 г ақуыз = 4 калория, 1 г көмірсу = 4 калория, 1 г май = 9 калория.  Ал адамның өзіне қалыпты өмір сүру үшін күніне қанша калория қажет? Бұл көрсеткіш әйелдерге қарағанда ерлерде әлдеқайда жоғары болады. Оны есептеу үшін Харрис-Бенедикт формуласына жүгінеміз ....

Тапсырма:  Тірек сөздердің және термин сөздердің астын сызыңыз.  Тірек сөздердің көмегі арқылы мәтінді  «Менің ойымша ...», «Себебі, мен оны ....  деп түсіндіремін», «Осыған  байланысты мен ...  деген шешімге келдім» деген  пікірлер төңірегінде өз ойларыңызды дәлелдеңіз.  

Қойылатын ТАЛАП:

  • Негізгі тірек сөздерді анықтайды;
  • Терминдерді анықтайды;
  • Ұсынылған пікірлер төңірегінде ойын нақты жеткізеді;
  • Ойын нақты жеткізуде дәлелдемелерін өмірмен байланыстырады.

2-топ

Отырғанда да, тұрғанда да, жүргенде, жүгіргенде, жаттығу жасағанда, компьютерде мәтін тергенде, тіпті ұйықтағанда да, дауыстап оқығанда да калория жұмсалады. Жүрек соғысы жоғарылаған сайын, калория «жағылуы» да көбейеді. Ағза калорияны қорда да сақтайды. Тамақ ішпей жүрген кезіңізде қуат осы қордан алынады. Ал жаттығу жасаған кезде мына нәрсені ескеру керек. Зат алмасу жылдамдығы тек жүгіретін жолда артпайды. Жаттығудан екі сағаттан кейін де зат алмасу үдерісі жылдам жүзеге аса береді. Себебі метаболизм қалыпты жұмыс ырғағына түсуі үшін бірнеше уақыт қажет. Сондықтан фитнестен шыққан бойда таразыға тартылудың қажеті жоқ. Егер салмақ тастағыңыз келсе, калорияны майдан емес, көмірсу мен ақуыздан көбірек алуға тырысыңыз. Сонымен бірге күнделікті жеген тағамдарыңыздың калориясы қозғалыс арқылы жұмсаған  калорияңыздан  аз болуын  қадағалаңыз. «Таңғы асты өзің же, түскі асты досыңмен бөліс, кешкі асты жауыңа бер» деген сөзді қазақ тегіннен-тегін айтпаған. Таңғы асты тойып жеу де артық салмақтан арылуға көмектеседі ....

Тапсырма:  Тірек сөздердің және термин сөздердің  астын сызыңыз.  Тірек сөздердің көмегі арқылы мәтінді  «Менің ойымша ...», «Себебі, мен оны ....  деп түсіндіремін», «Осыған  байланысты мен ...  деген шешімге келдім» деген  пікірлер төңірегінде өз ойларыңызды дәлелдеңіз.  

Қойылатын ТАЛАП:

  • Негізгі тірек сөздерді анықтайды;
  • Терминдерді анықтайды;
  • Ұсынылған пікірлер төңірегінде ойын нақты жеткізеді;
  • Ойын нақты жеткізуде дәлелдемелерін өмірмен байланыстырады.

3-топ

Энергия шығынын   тікелей және тікелей емес калориметр әдістері кіреді.

Тікелей калориметр әдісі дегеніміз не?

Адамды арнайы қоршаған ортадан толықтай оқшауланған метаболиттік немесе алмасу бөлмесіне отырғызады. Дене бөлген жылуды тіркеп немесе датчиктер көмегі арқылы, немесе орташа бөлме жылуын ескере отырып анықтайды. Жылу түрінде бөлінген энергия су, ауаның жылу деңгейін белгілеу жолымен анықталады. Тікелей калориметр әдісі күрделі және қымбат болып келеді. Дүниежүзі бойынша санаулы ғана қазіргі заман жабдығымен жабдықталған алмасу бөлмелері бар.

Тікелей емес калориметр әдісі

Белгілі бір уақытта адамның оттегімен дем алып, көмір қышқыл газын шығаруы кезіндегі энергия шығыны көлемін есептеуге негізделген. Бөлінетін көмір қышқыл газы мөлшерінің жұтатын оттегі мөлшеріне қатынасы арқылы, тыныс алу коэффициенті анықталады, яғни бұл газ алмасуды талдауға мүмкіндік береді.

ІІ   ТАПСЫРМА

ЖАНАТТЫҢ  ЕСЕБІ

2. Оқушы өзінің бойы мен салмағын берілген формулаға салып есептейді де, қанша каллория жұмсау керектігін шығарады.

Ұлдар: 66 + (13,7 x салмақ, кг.) + (5 x бой, см.) - (6,8 x жасы)

Қыздар: 655 + (9,6 x салмақ, кг.) + (1,8 x бой, см.) - (4,7 x жасы).

         Әр оқушы өзінің күндік калория шығынын есептейді.        

Дескриптор:

  • Ондық бөлшектерді көбейтіңіз.
  • Ондық бөлшектерге қосу және азайту  амалдарын қолданыңыз.

ІІІ  ТАПСЫРМА

ТІЛДІК  БАҒДАР. ТАЛДАУ  ЖӘНЕ  ҚОЛДАНУ.

3. Ә) Тілдік  норма – Жазылым  – Айтылым

        Есептің қорытындысы негізінде эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді пайдалана отырып ДИАЛОГ  құрау (жұптық жұмыс)

        Қойылатын талап:

  • Диалог кейіпкері екі адам болу қажет;
  • Диалогта 2 эмоционалды-экспрессивті сөз, 1 мақал-мәтел, 1 тұрақты тіркес болуы шарт;
  • Диалог 3 сұрақ, 4 жауаптан тұруы керек.

4. СЕРГІТУ  СӘТІ: «Калифорния  жаңбыры»

IV   ТАПСЫРМА

ЖАНАТТЫҢ  ЕСЕБІ

5. Энергия шығынын есептеудегі мәтіндік есеп шығару.

Дене шынықтыру институтының студенті Мәриям ат үстінде  95 минут серуендейді. Жаттығудан кейін тез тағам дайындайтын мейрамханадан тамақтанады. Берілген кестені пайдаланып. Жаттығуда жұмсалатын энергияны қалпына келтіру үшін, құрамында максималды нәруіздың заттары бар тағам мен сусындар ұсыныңыз.  Тағам таңдау барысында Мәриям әрдайым омлетті шошқа етімен тапсырыс жасайтынын ескеру қажет.

Дескриптор:

  • Спортшының энергия жұмсауы және ұсынылатын тағамдар қайталанбауы керек;
  • нәруіздің мөлшері; түскі астың каллорийі жаттығуда жұмсалатын энергиядан аспауы қажет;
  • Энергия шығынындағы натурал санды ондық бөлшекке көбейтіңіз.
  • Көбейтуден шыққан қорытындыны таңдаған тағам өнімінің калориясымен толықтырыңыз.

ЖИНАҚТАУ

6. Б) Тыңдалым  – Айтылым

«КІМНІҢ  ЖАДЫ  МЫҚТЫ?»

Оқулықпен жұмыс:  3-тапсырма

Мәтінді тыңдап,  мәтіннен есте қалған нақты деректі  «Дәл бүгіннен бастап...» деген сөз тіркесімен байланыстырып, өзіңізге шешім қабылдайсыз.

             Қойылатын талап:

  • Нақты дерек оқылған мәтіннен алыну керек;
  • Айтар ой жинақы, шешім қабылдау нақты болуы шарт;
  • Сөйлеміңізді оқырда интонация, кідіріс, логикалық екпін дегенді ескеруіңіз шарт;

Қалыптастырушы бағалау.  Денсаулыққа байланысты қошемет сөздер мен дәрумендер үлестіріледі. Сабақ соңында «Денсаулықты сақтау және ас мөлшерін есептей білу – үлкен өнер» деген тақырыптың айналасына сабақ барысында алған қошемет сөздерін   іледі.

V. Үйге тапсырма

4-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды іріктеп, жоспар құр.

VI. Ойтаразы

Бүгінгі сабағымыздың  мақсаты  қандай?

Қандай тапсырмалар орындадық?

Сіз үшін қиындық туғызған тапсырмалар болды ма?

Олай болса, «Ашық кітап  және Жабық  кітап» әдсіне  жүгінейік.

...

Скачать:   txt (26.9 Kb)   pdf (158.9 Kb)   docx (26.2 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club