Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фольклордың тегі мен жанрына қарай жіктелуі

Автор:   •  Октябрь 19, 2021  •  Контрольная работа  •  692 Слов (3 Страниц)  •  1,886 Просмотры

Страница 1 из 3

                  Фольклордың тегі мен жанрына қарай жіктелуі.

1.Фольклордың прозалық және поэзиялық негізгі екі тегі.

Тек әдебиетте қалыптасқан ұғым, ол бірнеше түрлерді қамту арқылы нақтылай көрінеді.

Текке – эпос, лирика, драманы жатқызып келеді. Кейде оларды жанр сөзімен алмастырады. Бұдан «тек те, түрде жанр деген ұғымымен, яғни жанр және жанрлық түрмен мәндес» деген түсінік шығады. Фольклордан тектің және түрдің пайда болуын анағұрлым мәндірек түйсінуге болады.

Біздің «ауыз әдебиеті» деген сөз өнеріміздің негізгі халық шығармашылығы екі текпен айқындалады. Бірі – халық поэзиясы, екіншісі – халық прозасы.

Қазақ халқының саяси-әлеуметтік, қоғамдық-тарихи даму сатыларына тән көркемдік-эстетикалық талғам-түйсігін, этикалық және философиялық талап-тұжырымын танытады. Көне дәуірлерден бастау алатын қазақ халық поэзиясы синкретті (ажыратылмас) құбылыс.

Сондықтан оның халық ауыз әдебиетімен, музыка мәдениетімен,                    фольклормен тоғысар арнасы мол. Қазақ халық поэзиясында елдік жолындағы ерлік пен өрлік, рух асқақтығы мен қайсар батырлық, табиғаттың ғажайып үйлесімді көрінісі, ғашықтықтың күйініш-сүйініші, рухани асқақ сезім, адам мейірімі мен дүниетанымы ажырамас тұтастықта көрініс табады.

Қазақ халық поэзиясының жанрлық құрамы сан саласы. Дастантолғауайтысжыр, т.б. бастауын халық шығармасынан алады. Қазақ халық поэзиясының жанрлық жағынан АхметБайтұрсынұлыХ.ДосмұхамедұлыМ.О.ӘуезовС.СейфуллинБ.КенжебаевМ.ҒабдуллинЕ.С.ЫсмайыловМ.С.Сильченко, т.б. ғалымдар ғылыми тұрғыдан жүйеледі.

2.Қазіргі кездегі халық ауыз әдебиетін жанрға жіктеудегі жаңалықтар.

Халық поэзиясының басты түрлері, жанрлары - тұрмыс - салт өлеңдері, төрттүлік жыры, аңшылық, наурыз, бесік жыры, жаңылтпаш, беташар, жар-жар, той бастар, сыңсу, жұбату, бәдік, арбау, жалбарыну, жарапазан, бата, тілек, естірту, қоштасу, жоқтау, батырлық жырлар, ғашықтық жырлар, тарихи жырлар, тарихи өлеңдер, шешендік сөздер т.б.

Халық прозасының басты түрлері, жанрлары - ертегілер, миф, аңыз әңгімелер (мекендік, тарихи, күй аңыздары), әпсана, хикаят, әңгімелер т.б.

Осыншалық мол мұраны теориялық тұрғыдан танып, жанрлық жағынан саралау ғылымында үздіксіз ізденістер арқылы жалғасып келеді. Бәрі бірдей аңықталып, бепбелгілі болды дегенді ешкім айта алмайды. Қайта қазақ фольклорын зерттеу енді басталды дегенді айтатындығы анық.

Кеңес дәуірінде тосқауыл болған жайларды ескерсек, онда фольклортануда ашылуға тиісті ғылыми мәселелер көп екені даусыз. Соның бірі – тек пен түрге қатысты.

Тұрмыс-сат жыларын мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлеміз:

1. Отбасылық ғұрып фольклорының түрлері:

а) Әлпештеу фольклоры: бесік жыры, сәбилік салт жырлары, бесікке бөлеу, ақ білек, тұсау кесу, майлау, сылау, мәпелеу жырлары, уату жырлары.

б) Үйлену ғұрып фольклоры: той бастар, жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар, неке қияр, аушадияр.

в) Азалау фольклоры: арыздасу, естірту, көңіл айту, жоқтау, дұға.

2. Тұрмыс–салт жырларының түрлері:

а) Еңбек–кәсіпке байланысты өлеңдері, төрт-түлік өлеңдері, аңшылық жыры, наурыз өлеңдері.

...

Скачать:   txt (9.8 Kb)   pdf (54.7 Kb)   docx (11.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club