Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ым мен тактильді қарым-қатынас дамыту

Автор:   •  Март 24, 2019  •  Реферат  •  637 Слов (3 Страниц)  •  957 Просмотры

Страница 1 из 3

Ым мен тактильді қарым-қатынас дамыту

  Ертежастағы  балаларды дамыту әдістемесінде  әлі тілі сөйлеуге келмейтін балаларға американдық Монт Брайант ымдау тілін бейімдеді. Бала сөйлеуді білмесе де, өзіне керек нәрсені ыммен жеткізеді.  Осы тілді, әсіресе, туған ана ғана жақсы түсінеді.

Брайант әдістеменің көптеген артықшылықтары бар: ананың балаға қосымша уақыт қажет емес. Ымдау тілін меңгерген балалар бұрын сөйлей бастайды. Сөздік қоры көбейеді. Сауаттылықта оңай игеріледі. IQ –да жоғарыболады . Алайда, ең бастысы бұл емес.                

  Баламен ым арқылы қарым қатынас жасау бұл өзара сүйіспеншілікті білдірудің бірегей жолы.

  Баламен сабақ бастамас бұрын:            

  Жаңа ыммен сөйлеу тілін меңгеру керек.  Бұл оңай:

  Қолайлы онлайн сөздік табу. Балаға арналған ыммен сөйлеуге кез келгенді тілді таңдауға болады: орыс, ағылшын не басқа тілді.

  Алғашқы сөздердің тізімін жасау.

  Дайындалу.

  Ымдау тілі тез түсініп қабылдау үшін құрылған . Әдетте бәрі бірінші реттен  есте қалады.

Және  жаңа білімді қолдана  аламыз!

  Неден бастау керек?

Міне, сәбимен үйрену үшін алғашқы сабақтарда керек сөздердің мысал тізімі:

Жақын адамдар: "ана", "әке", "әже", "ата", "аға", "қарындас".

Тағам: " сүт", "ботқа"," сорпа"," печенье"," алма"," алмұрт", " банан"…

Сусындар: "шырын", "су".  "Ішу" және "жеу" сөздерінде меңгеруді ұмытпаңыз.

Ойыншық атауы: "қоңжық", "көжек", "күшік", "қуыршақ", "доп"…

Іс-әрекет: бару, серуендеу, шомылу, ұйықтау…

Баланы ым қимылдарын қалай  пайдалануға итермелеу?

  Сәби үшін ең жақсы ынталандыру - Сіздің тұрақтылығыңыз. Оған тек оны қызықтыратын ғана заттар мен құбылыстарды көрсетіңіз. Музыкалық әуен, ит, құстар, сүйікті ойыншықтар... . Сонда  бала үшін  арналған ым тілі  толғандыратын нәрселерді сізбен "талқылау" мүмкіндігіне айналады.

 Тактильді сезіну – сәбидің айналамен танысудың ең алғашқы қатынас  түрі. Ерте  жастан бастап баланың дамуы үшін тактильді сезімнің қандай үлкен маңызы бар екенін байқау үшін балалар психологиясы немесе физиология саласындағы маман болу міндетті емес.  Ана кеудесіне жанасу, сылдырмақты ұстап алу әрекеті, кез келген бейтаныс  затқа  ауызбен, қолмен, аяқпен  жақындауға тырысу  баланың маңызды, табиғи әрекепттері.  Қол, саусақ, алақан - балалардың ойлау іс-әрекетінің қозғалысқа әкелетін басты  механизмнің  бірі.  Тактильді сезімдер  арқылы заттың табиғатының алуан түрлілігіне  назар аударуға  және бақылауға мүмкіндік  туады .

...

Скачать:   txt (7.9 Kb)   pdf (76.2 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club