Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы, халықтың мәдени деңгейінің тез өсуі мектеп біліміне деген сұраныстың артуын көрсетеді
Автор: sandigul • Декабрь 14, 2022 • Реферат • 775 Слов (4 Страниц) • 209 Просмотры
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы, халықтың мәдени деңгейінің тез өсуі мектеп біліміне деген сұраныстың артуын көрсетеді.
Жалпы білім беру жүйесінде математика үлкен рөл атқарады, сондықтан оқушылардың математикалық дайындығын едәуір жақсарту мектеп алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін қазіргі уақытта мектеп бағдарламаларына елеулі өзгерістер енгізіліп жатқандығы жеткіліксіз, сонымен қатар бүкіл оқу процесінде оқушылардың белсенділігі мен өзіндік жұмыстануды одан әрі арттыру жолында оқыту әдістерін жан-жақты жетілдіру қажет.
Сондықтан мұғалімге өзіндік жұмыстың формалары мен түрлерін, олардың оқу процесіндегі орнын білу өте маңызды.
Білім беру үрдісінде қолданылатын оқушылардың өзіндік жұмысының барлық түрлерін келесі белгілерге сәйкес бөлуге болады:
-оқушылардың оқу іс-әрекетінің сипаты бойынша;
-дидактикалық мақсат бойынша;
-тапсырмалардың мазмұны бойынша;
-өзіндік жұмыстың деңгейі бойынша;
-шығармашылық элементі бойынша және т.б.
Оқу іс әрекетінің сипатына байланысты өзіндік жұмыстарды келесі түрлерге бөлуге болады:
Өз бетінше оқу жұмыстары. Мұндай жұмыстардың мәні оқушылардың жаңа материалды түсіндіру барысында мұғалімнің берген тапсырмаларын орындауында жатыр. Бұл жұмыстардың мақсаты оқу материалына қызығушылықты қалыптастыруға, мектептегі жұмысты арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, өзіндік жұмыстың бұл түрі оқушылардың өткен материал бойынша біліміндегі олқылықтарды анықтауға көмектеседі. Білімді дамыту бойынша өзіндік жұмыстар жаңа материалды алуға дайындық кезеңінде, алғашқы бекіту кезінде, яғни жаңа материалды көрсеткеннен кейін, оқушылардың білімі әлі берік болмаған кезде жүзеге асырылады. Бұл өзіндік жұмыстар жаңа материал түсіндірілгеннен кейін бірден жүргізілетіндіктен, дереу тексеру қажет. Бұл тексеру сабақта болып жатқан оқиғалардың нақты бейнесін жасайды, оқушылардың оқытудың бастапқы кезеңінде жаңа материалды түсіну дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.[2]
Айта кету керек, мұндай жағдайларда өзіндік жұмыстың бұл түрін қолдануға болады:
-жаңа материалдың бұрын алынған біліммен байланысын орнату кезінде;
-іздеу жағдайын құру және алдағы оқу іс-әрекетінің болашағын ашу үшін;
-алынған танымдық іс-әрекеттің дағдыларын жаңа білім алуға көшіру сәтінде.
Алайда, егер білім алушы өз бетінше жұмыс жасау барысында жаңа материал баяндалған немесе оқу міндеті шешілген фактілерді ойлап таба алса, онда оның өнімділік деңгейі және одан әрі жұмыс деңгейі айтарлықтай артады.
Оқытудың өзіндік жұмыстарына зерттелетін ережелер мен қасиеттерге мысалдар келтіру жатады. Мысалы, теориялық материалды түсіндіргеннен кейін "Логарифмдер және олардың қасиеттері" тақырыбын зерделеу кезінде келесі өзіндік жұмысты ұсынамын: "Логарифмдердің қасиеттерін суреттейтін 2-3 мысал құрастыру".
Қасиеттері:
〖log〗_a 1=0;
〖log〗_4 1=0,〖 яғни 4〗^0=1;
〖log〗_0,3 1=0,〖 яғни (0,3)〗^0=1;
〖log〗_a a=1;
a) 〖log〗_3 3=1,〖 яғни 3〗^1=3;
b) 〖log〗_(1/2) 1/2=1,〖 яғни (1/2)〗^1=1/2;
〖log〗_a (xy)=〖log〗_a x+〖log〗_a y;
a) 〖log〗_2 512=〖〖log〗_2 (64∙8)=log〗_2 64+〖log〗_2 8=6+3=9;
b) 〖log〗_3 (1/81)=〖〖log〗_3 (1/27∙1/3)=log〗_3 1/27+〖log〗_3 1/3=-3-1=-4;
4.〖log〗_a (x/y)=〖log〗_a x-〖log〗_a y;
a) 〖log〗_2 (32/8)=〖〖log〗_2 (32:8)=log〗_2
...