Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дәнекер ұлпаның қызметі

Автор:   •  Октябрь 27, 2021  •  Реферат  •  2,761 Слов (12 Страниц)  •  730 Просмотры

Страница 1 из 12

Дәнекер ұлпа мезенхимадан дамыған, оның  құрамында көптеген жасуша аралық заттар (талшықты құрылымдар, аморфты заттар) мен жасушалар дифферондарының қатары бар. Ішкі ортаның тұрақтылығын сақтайтын күрделі ұлпалар. Адам денесі массасының 50% астамы дәнекер ұлпадан тұрады. Дәнекер ұлпа мүшелердің стромасын, ұлпалар арасындағы қабыршақ – перделерін, тері дермасы мен қаңқаны түзеді.

Дәнекер ұлпаның қызметі:

1. Трофикалық – жасуша аралық зат айналасында орналасқан құрылымдарды қоректік заттармен қамтамасыз етеді (эпителийді), зат алмасу мен ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайды. Дәнекер ұлпаның аралық заты арқылы су, тұздар, қоректік заттар тасымалданады. Сондықтан жасуша аралық зат интегративті – буферлі орта болып табылады.

2. Қорғаныс -  ағзаны механикалық әсерлерден қорғайды (сүйек пен шеміршек ұлпаларын), мүшелерге сыртқы ортадан бөтен заттардың енуінен сақтайды (фагоцитоз), жасушалық және гуморальдық иммунитетке қатысады.

3. Тіректік – дәнекер ұлпаның коллаген және эластинді талшықтары көптеген мүшелердің негізін түзеп, пішінін құрайды.

4. Пластикалық – тіршілік ету жағдайларына байланысты сол ортаға бейімделу процесіне қатысып,  мүшелер дефектісін жойып, регенерациялық қызмет атқарады.

5. Морфологиялық -  ұлпалар комплексін қалыптастыру, оның ішінде көптеген мүшелердің (бездердің) капсуласын, мүшенің ішіндегі стромасы болып саналатын перделерін түзіп, мүшелерге белгілі бір пішін береді.

                 

Дәнекер  ұлпалардың жіктелуі

Дәнекер ұлпа жасуша аралық заттарының құрылымдары мен  жасушаларына, ондағы талшықтарының реттеліп орналасуына және оларды біріктіріп тұратын аморфты заттың физико-химиялық қасиетіне байланысты жіктеледі. Дәнекер ұлпа меншікті дәнекер ұлпа (талшықты және арнайы қызмет атқаратын), қаңқалық ұлпа болып жіктеледі. Қаңқалық ұлпаға шеміршек (гиалинді, эластинді, талшықты), сүйек ұлпасы (фиброзды – талшықты, қабыршақты) жатады. Тіс цементі мен дентиннің де осы ұлпаға қатысы бар (№ 1 кесте).

№ 1 кесте

                                          Дәнекер ұлпаның жіктелуі

[pic 1]

[pic 2]

[pic 3][pic 4][pic 5]

                [pic 6][pic 7][pic 8][pic 9][pic 10][pic 11]

[pic 12][pic 13]

[pic 14][pic 15][pic 16]

[pic 17][pic 18][pic 19][pic 20]

[pic 21][pic 22][pic 23]

[pic 24][pic 25]

[pic 26][pic 27]

Меншікті дәнекер ұлпа. Жоғарғы сатыдағы жануарлардың организмінде дәнекер ұлпа кең тараған. Қан тамырларының жанында орналасады, эпителиальді ұлпаға төсеніш қызметін атқарады, мүшелер арасын толтырады. Дәнекер ұлпа зат алмасуды қамтамасыз ететін орта. Дәнекер ұлпа жасушалардан және жасуша аралық заттардан тұрады. Жасушалар мен жасуша аралық заттың сандық қатынасы организмнің түрлі бөліктерінде әртүрлі болып келеді.  Трофикалық маңызы бар ұлпаларда жасушалар өте көп болады, ал аралық заттың механикалық элементтері нашар жетіледі. Тіректік маңызы бар ұлпаларда, керісінше, механикалық құрылымдар көп болып,   жасушалардың   саны   аз   болады. Осыған   сәйкес меншікті дәнекер ұлпаның бірнеше түрі ажыратылады: борпылдақ дәнекер ұлпа және тығыз дәнекер ұлпа, арнайы дәнекер ұлпа. Тығыз дәнекер ұлпа қалыптасқан және қалыптаспаған тығыз дәнекер ұлпа болып екіге бөлінеді.

Дәнекер ұлпа күрделі құрылым, оның құрамында ұрық мезенхимасынан дамитын түрлі жасушалар, жасушалардың өлі өнімдері болып саналатын талшықтардың бірнеше типтері және гиалурон қышқылынан, хондротиннен, хондроитинсульфаттан және кератинсульфаттан тұратын сұйық немесе қоймалжың аморфтық матрикс болады. Дәнекер ұлпаны құрайтын жасушалар әдетте, бір-бірінен қашық орналасады.

 Борпылдақ дәнекер ұлпа

 Дәнекер ұлпаның бұл түрі адам мен сүтқоректілердің организмінде кең тараған. Борпылдақ дәнекер ұлпа терінің астында жатады. Мүшелердің, ұлпалардың және жасушалардың арасын толтырып тұрады. Борпылдақ дәнекер ұлпада түрлі бағытта тәртіпсіз орналасқан  коллагенді және эластинді талшықтар болады. Олардың арасында жасушалар орналасады. Борпылдақ дәнекер ұлпаның жасушалары: фибробластар, макрофагтар, перициттер немесе адвентициялық жасушалар, ұлпалық базафильдер, май немесе адипоциттер және пигменттік жасушалар. Сонымен бірге қанның жасушалары да кездеседі — лимфоциттер, плазмоциттер және макрофагтар. Борпылдақ дәнекер ұлпаның жасуша аралық заты талшықтар мен аморфты заттан тұрады (1-сурет). Талшықтар ұлпаға мықтылық пен серпінділікті қамтамасыз ететін қасиет береді. Талшықтардың үш түрін ажыратады: коллагенді, эластинді және ретикулалық.

...

Скачать:   txt (34.3 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (1.2 Mb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club