Жазушы Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасындағы синонимдердің стильдік қызметі
Автор: 17011997 • Май 13, 2018 • Реферат • 3,226 Слов (13 Страниц) • 1,392 Просмотры
Жазушы Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасындағы синонимдердің стильдік қызметі
Тіл – стильдің жаны. Әр жазушының өзіндік қалыптасқан стильдік бояуы болады. Синонимдер – әрбір жазушының көркемдік құралы. Жазушы көкірегінде сайрап, әдемі өрнек, сұлу сөзге тұнып тұрған, ұзын сонар ширатылған көркем сөздерді қолдану арқылы шығармасына көрік береді. Тілімізде синонимдердің мол болуы – сол тілдің байлығының, оралымдылығының, көріктілігінің, мәнерлілігінің бірден-бір көрсеткіші. Синоним сөздердің стильдік мәні де ерекше болады. Синонимдер көркем әдебиет тілінде өте көп қолданылып, суреткер ойын терең де мағыналы сөздер арқылы жеткізеді. Кез келген жазушы не ақын бір сөзді бірнеше рет орынсыз қайталап қолдана берсе, онда көркем дүние оқырманына жетіп, көкірегіне ой салуы қиын болар еді. Тұлғалары бөлек, мағыналары жақын болып табылатын синонимдер – шығарма тілінің ең бір қажетті құралы. Қаламгердің көкірегінде сайрап тұрған шындықты шынайы, көркем етіп жеткізу үшін қажет сөзді талғап, таңдап, орынды қолдана білу де оның шеберлігінің бір қыры.
Сөз қолданыста, сондай-ақ сөз таңдауда (бұл екі талап көбінесе қосылып та кетеді, өйткені жазушы таңдап алғаннан кейін, оны қолданады немесе, керісінше, белгілі бір мақсатта қолдану үшін сөзді таңдайды ) айрықша әңгіме ететін тұс – синонимдердің көрінісі.
Синоним дегендер – тек мағыналас (мәндес) келген сөз қатарлары ретінде лексикалық категория ғана емес, қолданыста, әсіресе көркем сөзде ең қуатты, икемді, актив стильді құрал. Жұмсалу тәсілдері, орындары сан алуан: синонимдік қатардан сол орында (сөйлемде, абзацта, шумақта т.б.) айтылмақ ойға ұтымды келетін варианты алынады, ол ұтымдылық сөздің модальдық реңкіне, тіркесу қабілетіне, айналасындағы сөздермен дыбыстық үндесуіне қарай жұмсалуына байланысты. Синонимдік қатардың біреуін таңдауда олардың белгілі экспрессивтік бояуы барларына көбірек көз тігіледі [2; 27 бет]. Мысалы, мына сөйлемдегі көсемше, есімше тұлғалы екі одағайға назар аударалық.
Анасынан адасып қалған екі сәбидің қасіретіне «аһылап, оһылаған» әйелдер көп ұзамай-ақ өз тіршіліктеріне кірісті («Шырағың сөнбесін», 73 бет).
Бірге қосылып көрсетілген синонимдік қатарды, жандары ашып, жүректері қан жылаған сынды сөздермен жеткізсе сөйлемнің экспрессивті бояуы шынайы болмас еді, өйткені оқырманның көз алдына елестету және соны сезіну мақсатында көңіл-күй одағайын синонимдік қатар ретінде жазушы Т.Ахтанов шебер қолдана білген.
Синонимдердің ең кемінде екеуін, кейде үш-төртеуін бір сөйлемде қатарынан келтірудің де стильдік мәні бар. Жазушы бір нәрсеге, әсіресе сын, қимыл тұстарына екпін түсіргісі келсе, бір мағыналас немесе мағыналары осы контексте жақындасатын сөздерді қатарластыра жұмсайды [2; 28 бет].
Сейілхан ағамды қоршап алған жұрт – әрқайсысы өз қолындағы жалғыз атынан айырылып қалғандай күйініп, бебеу қағып, ал сөзге араласпаған момындары таңдайын қағып, бастарын шайқап, қатты күйзеліске түсті («Шырағың сөнбесін», 57 бет).
Мұнда, жалғыз атынан айырылған Сейілханның жан күйзелісін жанашыр ағайынның қамқорлық, ілтипат сезімдерінен, күйініп, бебеу қаққандарын көрсету арқылы әсерлі баяндап тұр. Бұл жерде соңғы қатар келген сөздер лексикалық синонимдер емес, стильдік синонимдер.
Жазушының тағы бір ерекшелігі қосарланып келген синоним сөздерді ұтымды, дәл қолдануы. Мысалы:
Орманшының өзі дүкеннен керек-жарағын алуға, әрі мынадай неғайбіл кезде хал-жағдайды білуге, осы арадан он шақты шақырым жердегі үлкен селоға кетіпті («Шырағың сөнбесін», 120 бет).
Менің бір байқағаным үлкен станцияларда абыр-сабыр, аласапыран: артынып-тартынып, чемодан, түйіншегін арқаланып, жанығып жүрген халық («Шырағың сөнбесін», 76 бет).
Дүниедегі ең жаман нәрсе жалғыздық қой, ал мен болсам тура жападан-жалғыз... ауыл-аймағым, өскен ұям, оқыған мектебім... («Шырағың сөнбесін», 34 бет). Аймақ, өлке, дуан, уәлаят – белгілі бір аумақты жерді қамтитын территориялық бөлік [ҚТСС, 33 бет].
...