Мифтің поэтикадағы қызметі
Автор: Lili888 • Май 4, 2018 • Автореферат • 15,635 Слов (63 Страниц) • 1,756 Просмотры
ӘОЖ 821. 512. 122: 82-13 Қолжазба құқығында
АЙМҰХАМБЕТОВА ЖАНАТ ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ
Мифтің поэтикадағы қызметі
(қазіргі қазақ поэзиясы арқауында)
10.01.02 – қазақ әдебиеті
Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Астана, 2010
Жұмыс Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында орындалды
Ғылыми кеңесші: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы,
профессор Р.Н.Нұрғали
Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы,
профессор А.С.Еспенбетов
филология ғылымдарының докторы,
профессор Б.Әбдіғазиұлы
филология ғылымдарының докторы
С.Жұмағұлов
Жетекші ұйым: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті
Диссертация 2010 жылы « 30 » маусымда сағат 1400-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі 10.01.02 – қазақ әдебиеті және 10.01.07 – салыстырмалы әдебиеттану мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д.14.31.03 диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады.
Мекен-жайы: 010008, Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 5 үй, оқу-зертханалық ғимарат, 823-дәрісхана.
Диссертациямен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы «__26_» мамырда таратылды
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы М.Б.Шындалиева
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі әдеби даму, көркемдік ізденістер әдебиеттану ғылымының алдына күрделі міндеттерді шешуді қоюда. Сондай міндеттердің бірі әдебиеттегі мифологизм мәселесі, мифопоэтикалық құрылым, оның көркемдік-идеялық қызметі.
Әдебиеттегі мифологизм, мифопоэтика туралы пайымдаулар әлемдік әдебиеттануда өзінің бастауын әріден алады. Адамзат санасының алғашқы дәуіріне тән деп саналатын мифологиялық ойлау уақыт өте келе көркемдік ойлауға негіз болды. Әдеби шығармадағы көркемдік шындықтың бейнеленуінде мифтік негізде туындаған образдар мен сюжеттер жүйесі маңызды қызмет атқарғаны белгілі. Бұлайша бейнелеуге жүгіну көркемдік тәсілдердің бірі ретінде көркем сөз тарихында кеңінен қанат жайды. Ұлттық әдебиетімізде де мифтік дүниетаным көркемдік мақсатта сан салалы бейнелеулерге негіз болды.
Мифтің поэтикадағы қызметін қазіргі поэзиямыздың арқауында қарастыру – біздің әдебиеттануда әлі де қолға алына қоймаған мәселе. Ұлттық поэзиямыздағы мифопоэтика, оның өзіндік қырлары, поэзияның көркемдік деңгейін осы бағытта саралаудағы еңбектер әдебиеттану үшін аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі поэзиядағы мифтің қызметін қарастыруға арналған бұл диссертациялық жұмыстың өзектілігін ұлттық әдебиеттанудағы әдебиет пен мифологияның ара қатынасы мәселесімен байланыстырамыз.
Біздің ұлттық әдебиеттануымыз ұзақ уақыттар бойы мифотворчество, мифологизм, мифопоэтика сияқты түсініктерге бойлап ене алмады. Орыс және шетел әдебиет зерттеушілері бұл мәселеге тереңдей назар салып, қомақты зерттеулер жүргізсе де, әлі де болса аз қарастырылды дейді. Орыс зерттеушілері ХХ ғасырдың ірі ақындары А. Блок, Вяч. Иванов, А. Ахматова, О. Мандельштам, М. Цветаева шығармаларындағы мифопоэтиканы арнайы қарастырып, салмақты зерттеулер жүргізді. Сондай ақ, М. Ю. Лермонтов поэзиясындағы мифопоэтика, А. Фет поэзиясының мифологиямен байланысы мәселелері жан-жақты сараланды. Романтизм әдебиетіндегі мифологизм мәселесі де көптеген монографияларға арқау болды.
...