Доңыз обасы
Автор: dileka94 • Октябрь 27, 2018 • Курсовая работа • 7,607 Слов (31 Страниц) • 547 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Аграрлық факультеті
«Ветеринариялық санитария» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Доңыз обасы
[pic 1]
[pic 2][pic 3]
[pic 4]
ВС-203[pic 5][pic 6]
[pic 7][pic 8][pic 9][pic 10]
[pic 11]
[pic 12]
[pic 13][pic 14][pic 15][pic 16]
[pic 17][pic 18][pic 19][pic 20]
[pic 21]
Омарбек доцент[pic 22][pic 23][pic 24][pic 25]
Семей 2016ж
Жоспар:
1.Кіріспе..............................................................................................................3
1.1.Тарихи деректер.......................................................................................... 4
1.2.Әдебиетке шолу....................................................................................... 5-6
2.Негізгі бөлім.....................................................................................................
2.1.Патологиялық-анатомиялық жарып сою хаттамасы............................8-11
2.2. Аурудың этиологиясы......................................................................... 12-13
2.3. Аурудың патогенезі........................................................................... ........14
2.4. Клиникалық және патологиялық сипаттама ......................................15-17
2.5. Балау............................................................................................................ 18
2.6.Сақтық және күресу шаралары ............................................................ 19-20
3.Қорытынды......................................................................................................21
4.Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................22
5.Жолдама хат.................................................................................................. 23
Қосымша.............................................................................................................24
Кіріспе
Патологиялық анатомияның жалпы бөлімі әрбір патологиялық процестерді өз алдына қарастыратын болса, жеке бөлімі осы процестерге байланысты туатын ауруларды зерттейді. Мысалы,патологиялық анатомияның жалпы бөлімінде қабыну туралы түсініктер берілсе, жеке бөлімінде кейбір мүшелердің қабынуы қаралады. Жалпы бөлімде әңгіме әр түрлі патологиялық процестер жөнінде болса, жеке бөлімде осы процестер негізінде дамитын жеке ағзаның немесе жеке бір жүйенің ауруын талдайды.
Қазіргі уақытта ауруды организм тіршілігінің әр түрлі себептер әсерінен бұзылуы деп түсінеді. Ал, әрбір аурудың дамуы организм мен қоршаған орта арасындағы өзара қарым-қатынастың өзгеруіне байланысты. Ауру организм тіршілігінің жаңа бір түрі есебінде дамиды. Сондықтан ауру мен денсаулықты бір-біріне қарама-қарсы қою дұрыс емес. Әрбір аурудың өзіне тән себептері, даму механизмдері, морфологиялық және клиникалық ерекшеліктері болады.
Аурудың туындауына әр түрлі биологиялық, физикалық, механикалық және тағы басқа әсерлер себеп болады. Олар негізгі және қосалқы, арнайы және арнайы болмаған, тікелей немесе жанама, сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Патологоанатом негізінен патогенез механизмдерін, яғни морфогенезін зерттейді. Ауру дамуында өрескел бұзылулар мен бірге осы өзгерістердің орнын толтыру процестері қатар жүріп жатады. Осы екі процестің диалектикалық бірлігін есепке алғанда ғана сырқат жөнінде толық түсінік тудыруға болады. Демек, ауру дамуының әрбір кезеңін, оның морфологиялық көріністерін және клиникалық белгілерін үйрену сол ауруды дұрыс емдеу үшін қажет.
...