Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инфекция туралы ілім

Автор:   •  Апрель 5, 2023  •  Реферат  •  3,473 Слов (14 Страниц)  •  141 Просмотры

Страница 1 из 14

Қапланбек жоғары аграрлық – техникалық колледжі МКҚК

 Сабақ жоспары

(Теориялық сабақ)

Сабақтың   тақырыбы: Инфекция туралы ілім

Модуль/пән атауы:  Жануарлардың жұқпалы ауруларын диагностикалау.

Жалпы микробиология және эпизоотология негіздері

Оқытушы : Алжанова У.

20__ жылғы «____»____________

Курс, оқу жылы, топ 4 курс Ветеринарлық техник

1.Сабақ типі : Теориялық сабақ

2.Сабақтың мақсаты, міндеттері : Инфекция туралы ілім.

     Инфекция қоздырушының ошағы

      Инфекция қоздырушыларының берілу механизмі

     Білімділік- Инфекция туралы түсінік беру, оның тарлу жолдарын үйрету.

     Дамытушылық- қосымша мәліметтер беру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

     Тәрбиелік- оқушыларды жауапкершілікке, әрбір істі тиянақты орындауға тәрбиелеу.

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

     Инфекция қоздырушының ошағы туралы мәлімен алады

     Инфекция қоздырушыларының берілу механизмдерін үйренеді.

     Індеттік процес және оның белгілері мен таралу жолдары туралы мәлімет алады.

3.Оқу – әдістемелік құрал – жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

1. Мырзабекова Ш.Б  Ветеринариялық микробиология  

   Жақыпбекова Б, Тулеметова С  Микробиология және вирусология пәнінен зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау.

4. Сабақтың барысы

     4.1) Ұйымдастыру бөлімі

       а)Сабақта жоқ оқушыларды тізім бойынша белгілеу

       б)Дәрісхананың және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

       в) Оқушылардың өткен сабақтан түсінбеген сұрақтарына жауап беру

       г)Оқушыларға сабақтың мақсатын баяндау

   4.2 Жаңа сабақты баяндау

Инфекция туралы ілім

жұқпалы ауруларының пайда болуы мен таралуының тізбекті процесі. Оның тізбектілігі табиғатта патогендік микробтардын — аурулардың қоздыруларының сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл микробтар эволюция процесінде белгілі бір малдардьщ (адамның) организмінде және бір уакытта олар бір организмнен екіншіге үнемі ауысып отыру барысында кездесетін сыртқы орта жағдайына қарай, паразиттік тіршілік етуге қалыптасқан.

Әрбір жаңа жұқпалы аурудың пайда болуының міндетті шартына індеттік тізбектің үш элементінің болуы керек деп есептеледі: инфекция қоздырушыньщ ошағы, қоздырушының берілу (таралу) жолдары мен ауруға бейімді организм.

ИНФЕКЦИЯ ҚОЗДЫРУШЫНЫҢ ОШАҒЫ — патогендік микроорганизмнің сақталып қана қоймай, өсіп-өне алатын табиғи тіршілік тұрағы. Соған сәйкес инфекция қоздырушының ошағы жұқпалы аурудык қоздырушылары тіршілік етуге эволюциялық бейімділігін, індеттік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ететін әр түрлі жолдармен сыртқы ортаға бөлініп шығатын немесе тікелсй басқа ауруға бейімді организмге берілетін ауру жұққан мал организмі (немесе адамның) болып есептеледі. Микробтардың мал организмінде болу мерзімі әр түрлі, ол қоздырушының биологиялық ерекшелігіне, организмнің реактивтігіне және аурудың патогенезіне байланысты.

Ауру малдардың зарарларымен бөлініп шыкқан патогендік микробтар түскен өлі табиғат объектілері инфекция қоздырушыларының берілу факторлары ғана бола алады,  өйткені  олар   тіршілік тұрағының табиғи ортасы бола алмайды.

Инфекция қоздырушысының ең интепсивті және кауіпті ошақтары клиникалы ауру малдар болып есептеледі. Жұқпалы аурулар анық білінгенде патогендік микробтар — қоздырушылар ұдайы және көп мөлшерде әр түрлі жолдармен — нәжіспен, несеппен, зәрмен, тері қабыршақтарымен, көздің, мұрынның және несеп жолдарының бөліп шығаратын заттарымен, сілекеймен, қан кетудегі қанмен сыртқы ортаға бөлініп шығады.

...

Скачать:   txt (52.5 Kb)   pdf (187.1 Kb)   docx (21.9 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club