Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жүйке жүйесі туралы ілім – неврология

Автор:   •  Апрель 22, 2020  •  Реферат  •  1,328 Слов (6 Страниц)  •  1,058 Просмотры

Страница 1 из 6

Жүйке жүйесі туралы ілім – неврология.

Жүйке жұмысының және мүшелер қызметінің реттелуін жүйкелік жолмен реттелуі деп аталады. Қанның құрамындағы гормондар және минералды заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуін гуморальды реттелу деп аталады. Организмде бұл реттелудің бұл екі түрі өздерінің әсерлерін жеке дара тигізбейді, олар өзара байланысты болады. Сондықтан бұл екі реттелу нүктелерін біріктіріп, жүйкелік гуморальдық реттелу деп аталады. Ағзаның барлық деңгейлерінің қызметі өзара бірлестікпен, үйлесімділікпен іске асады, әр деңгей құрылымы қызметінің күрделілігімен сипатталады. Бірінші деңгей екінші және басқаларымен салыстырған өз алдына дара жүйе болып саналады.Әр жүйенің атқаратын қызметі, оныі құрылымы мен құрамына кіретін молекулалар және органоидтар, немесе мүшелер түрімен ерекшеленгеніне қарамастан өзінен жоғары тұрған деңгейге байланысты, жалпы үйлесімділікті сақтап бағыттауға қатысады. Жүйке жүйесі қызметі:

  • Мүшелерді үйлесімді реттеп отыру;
  • Ағзаның біртұтастығын қамтамасыз ету;
  • Ағзаны сыртқы ортамен байланыстыру;
  • Психикалық үрдістерді (сезім, оқи білу, есте сақтау, сөйлеу, және ойлау) белгілеу.

Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан тұрады. Жүйке ұлпасының негізі - нейрондар.

Нейрондар жүйке жүйесінде сұр және ақ заттары құрайды. Сұр зат нейрон денелерінің шоғырығ ал ақ зат нейрон өсінділерінің бірігуінен түзеледі. Жүйке жүйесі орналасуына байланысты орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Жүйке жүйесінің шеткі бөлігіне орталық жүйке жүйесінен тарайтын жүйкелер және жүйке түйіндері жатады. Толып жатқан жүйке түйіндері омыртқа жотасының екі жағын бойлай тарап жатады. Түйіндер мен жүйкелер орталықтан ақпаратты ішкі мүшелер мен ұлпаларға өткізеді және ішкі мүшелердің күйін орталыққа жеткізіп отырады. Сөйтіп, шеткі жүйке жүйесінің атқаратын қызметі орталықтан шетке және шеттен орталыққа қозу өткізу болып табылады. Реттейтін мүшеге қарай жүйке жүйесі сомалы және вегетативті болып бөлінеді. Сомалы жүйке бөлімі қаңқа бұлшықетінің жұмысын реттейді, ал вегетативті жүйке жүйесі ішкі мүшелердің жұмысын реттейді. Орталық жүйке жүйесі екі бөлімнен тұрады. Жұлын ми құрылысы: жұлын цилиндр пішінді, омыртқа жотасының өзегінде орналасады. Оның диаметрі 1 см, ұзындығы 42-45 см. Жұлынның артқы және ортаңғы бөлігінде жоғары қарай созылған терең сайша (борозда) жатады. Жоғарғы жағы сопақша миға жалғасады.

 Рефлекс үрдісі рефлекстік доға арқылы жүзеге асады. Кез келген рефлекстік доға 5 бөліктен тұрады:

  1. Рецепторлар – жүйке ұштары.
  2. Сезгіш нейрондар.
  3. Жүйке орталығы.
  4. Қозғалтқыш нейрондар.
  5. Тітіркендіруге жауап қайтаратын мүше.

 Рефлекстік доға рецептордан басталады. Жүйке ұштары болып табылатын рецепторлар t, қышқылдық, дыбыс және тағы басқалары сияқты әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдап, жүйке орталығына қарай шеткі жүйке жүйесінің сезгіш жүйкелері арқылы жұлындағы жүйке орталықтарына жеткізеді. Жүйке орталықтары деп жұлынныі ң әр жеріндек белгілі бір мүшенің қызметін реттейтін жүйке жасушаларының шоғыры. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде, зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде, көз қарашығының ұлғюы орталығы арқа бөлімінде, көкеттің (диагфрагма) реттелу орталығы III – IV мойын омыртқаларында орналасқан. Жүйке оралығында талдап, қорытындылаудан туған жүйкелік жауапты шетке қарай қозғалтқыш жүйкелер белгілі бір мүшеге жеткізіп, сол мүшенің оғкан қайтаратын жауабымен аяқталады. Қарапайым рефлекторлық доға бар-жоғы екі нейроннан (сезгіш және қозғалтқыш), ал күрделі рефлекторлы доға үш нейрон тізбегінен тұруы мүмкін. Адам рефлекстері алуан түрлі. Олардың өте қарапаймы, мысалы ине шанышқанда немесе тері күйгенде қолды тез тартып алу, ащы заттардың әсерінен көзден жас парлауы, кеңсірікке бөгде зат түскенде түшкіру. Рефлексті реакция кезінде жұмыс атқаратын мүшенің рефлекторлы сигналды орталық жүйке жүйесіне өткізеді, ал ол жауаптың қаншалықты тиімді екенін бақылайды. Мысалы, адам байқамай ыстық затқа қолы тиіп кеткенде дереу қолын сол заттан тартып алады. Қол ыстық затқа тигенде терідегі терморецепторлер заттың t-ның дәрежесін сезгіш нейрондар арқылы жұлындағы жүйке орталығына қозу арқылы жеткізеді. Жұлында келген ақпарат қорытындыланып, оның тым ыстық екені және тері күйіп қалмауы үшін, қолды дереу тартуы үшін қолдың бұлшықеттеріне қозғалтқыш нейрондары арқылы қозу жіберіледі. Қозу қодың бұлшықетіне жеткенде бұлшық ет жиырылып адам қолын ыстық заттан алыстатады. Бұл рефлекс өте тез жүзеге асады. Рефлексте импульстің жолы: рецептор →сезгіш жүйкелер→жұлын→қозғалтқыш жүйкелер→мүше.

...

Скачать:   txt (19.1 Kb)   pdf (120.4 Kb)   docx (12.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club