Атом-молекулалық ілім
Автор: 2015 • Февраль 8, 2018 • Лабораторная работа • 9,756 Слов (40 Страниц) • 1,430 Просмотры
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №1
ЗАМАНАУИ ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
Практикалық сабақ жоспары:
1.1 Атом-молекулалық ілім;
1.2 Химияның негізгі газдық және сандық заңдары;
1.1 АТОМ-МОЛЕКУЛАЛЫҚ ІЛІМ
Химия - заттың құрамы мен құрылымын, оның физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеумен айналысатын шынайы ғылым саласы. Химияда зат деп берілген шартта белгілі бір физикалық қасиетке ие болатын материяның жеке түрін айтады. Мысалы: су, оттегі, темір, әк – бұлар заттар.
Сонымен, су – түссіз, 100 ° С қайнау температурасына ие , тығыздығы 1 г / см3, қатаю температурасы 0 ° С болатын жеңіл қозғалатын сұйықтық. Бұлардың барлығы судың физикалық қасиеттері.
Заманауи химияның негізінде атом-молекулалық заңдылық жатыр, оның қағидалары келесідей:
барлық заттар физикалық бөлінбейтін және өзара байланысу қабілетіне ие кішкентай бөлшектерден (атомдар мен молекулалар) тұрады;
атомдар мен молекулалардың үздіксіз қозғалыста болады;
атомдар және молекулалар белгілі бір салмақ пен өлшемге ие;
заттардың құрамы мен қасиеттері құрамына, қасиеттеріне және бөлшектердің қозғалыс сипатына байланысты.
Жай заттардың молекуласы бірдей жолмен байланысқан бір атомның біркелкі санынан тұрады; күрделі заттың молекулалары әр түрлі жолмен байланысқан әр түрлі атомдардың әркелкі санынан тұрады.
Атом-молекулалық ілім дискреттілік үрдісіне негізделеді (құрылымның үзілуі) : кез келген зат біркелкі болмайды, жеке өте ұсақ бөлшектерден тұрады.
Молекула – бір-бірімен химиялық байланыспен байланысқан бір немесе бірнеше химиялық элемент атомдарынан тұратын, өздігінен пайда болуға қабілетті кішкентай электро-бейтарап зат бөлшегі.
Атом – үздіксіз қозғалыста болатын бірнеше кіші бөлшектерден тұратын күрделі, химиялық бөлінбейтін бөлшек.
Атомның қасиеті оның құрылымымен анықталады. Біркелкі оң зарядталған ядросы бар атом түрі химиялық элемент деп аталады. Сонымен, атом- химиялық элементтің қасиеттерін тасымалдайтын ең кіші бөлшек.
Молекуласы бір ғана химиялық элемент атомнан тұратын заттар жай заттар деп аталады.Мысалы, қатты фосфор немесе фосфор буы жай зат болып табылады, өйткені олар бір элементтен- фосфордан тұрады. Молекуласы екі немесе бірнеше химиялық элемент атомынан тұратын заттар күрделі заттар деп аталады. Мысалы, су күрделі зат болып табылады, ол екі элементтен – сутегі мен оттегіден тұрады.
Жай зат пен химиялық элемент деген ұғымдарды айыра білу қажет. Әрбір жай зат белгіді бір физикалық және химиялық қасиеттермен сипатталады. Жай зат реакцияға түскен кезде және жаңа зат түзгенде, ол көптеген қасиеттерін жоғалтып алады.
Мысалы сутегі – газ, түссіз және иіссіз, қайнау температурасы- 252,8°С, оттегімен байланыса отырып су түзеді. Су құрамына сутегі газы өз қасиеттерімен кірмейді, оттегімен байланыса отырып жаңа зат – суды түзетін, сол кездегі жаңа қасиеттерімен сутегі жлементі кіреді. Бірақ химиялық және электрохимиялық реакциялар көмегімен судан қайтадан газтектес сутегіні алуға болады, сонда химиктер айтуы бойынша, судың құрамына сутегі элементі кіреді, бірақ газтектес сутегі құралатын материалды ескере отыру қажет.
Жай зат пен элемент арасындағы айырмашылық бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түзген кезінде анық байқалады. Мысалы, фосфор ақ, жартылай түссіз зат түрінде кездеседі, балқу температурасы 44,2°С, ауада қараңғы бөлмеде жылтырайды және өздігінен тұтанады. Бірақ, егер осы фосфорды ауасыз қыздыратын болса, онда оның кейбір қасиеттері бірден өзгереді: ол қызыл- күлгін түске ие болады, қараңғыда жылтырауын қояды, улы емес болады және өздігінен тұтанбайды, ескеретіні бұл жаңа қасиеттер қыздыру тоқтатылған соң жоғалып кетпейді. Сонымен, бір заттың басқа затқа ауысуы орын алады, бірақ ауысым ерекше: алынған ақ фосфор ыдырамайды және оған ештеңе қосылмайды. Демек, ақ және қызыл фосфор бір элементтің бос күйдегі әркелкі пайда болу пішіндері болып табылады.
...